Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

433561
Саня Терзич
Position:
Нұсқаушы
Office Phone:

Ғылыми қызығушылық

- Әртүрлі кәсіби аурулардың, бұзылулардың және бұзылымдардың дамуына жұмыс ортасының әсері.
- Әртүрлі мекемелер мен орталарда жұмыс істейтін адамдардың аурулары мен бұзылуларының алдын алу.
- Мерзімдік медициналық тексерулерде қолдану үшін жеке қауіп факторларын бағалау және жұмыстағы тәуекелдерді талдау үшін құралдарды әзірлеу.
- Кәсіби және қоғамдық медицина бойынша кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру.
- Қазіргі заманғы еңбек медицинасы техникалық әдістемесінің экологиялық, кәсіби және эпидемиологиялық тәуекелдерге әсерін зерттеу.

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

Д-р Саня Терзич 1999 жылы Сербиядағы Белград университетінің медицина факультетін үздік бітірді, сондай-ақ 2000 жылы «Savski Venac» Денсаулық сақтау орталығында және Белград университеттік клиникалық орталығында интернатураны тәмамдады. Осыдан кейін ол «Savski Venac» Денсаулық сақтау орталығында жалпы тәжірибелі дәрігер болып жұмыс істеді және Белград университеті, Медицина факультетінің Еңбек гигиенасы институтында еңбек гигиенасы бойынша резидентураны бастады. Мамандану бойынша курсты мерзімінде үздік аяқтап және 2005 жылдың қараша айында диплом алды. Осыдан кейін «Savski Venac»Денсаулық сақтау орталығында еңбек гигиенасы бойынша маман болып жұмыс істеді. Жақында ол Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде жұмысқа кірісу үшін осы мекемеден кетіп қалды.

Ағылшын (еркін) және неміс тілдерін меңгерген.
Басқа тілдер: Серб, хорват, босния, македония.