Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

455561
Алессандра Клементи
Position:
Ассистент-профессор
Office Phone:

Ғылыми қызығушылық

Medical Education and Communication Skills in Patient-Doctor Relationship

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

Доктор Алессандра Клементи отбасылық дәрігер мамандығы бойынша Анкона (Италия) медициналық институтының түлегі, Марке (Италия) аймағында отбасылық медицина бойынша курстан өтті. Италия мен Ұлыбританиядағы отбасылық медицина саласындағы 15 жылдық клиникалық тәжірибеден кейін (GMC-UK-GP лицензиясымен), 2013 жылы ол Назарбаев Университетіне бұрынғы биология факультетінде (SST) Ассистент-профессор, содан кейін 2014 жылдың тамыз айынан бастап Медицина мектебінде (NUSOM) Ассистент-профессор болды. Ол Медицина мектебіне оның құрылған сәтінен бастап қосылды және медициналық білім беру бағдарламасының 1-2-3 курстарының дамуына, оқыту және бағалау әдістеріне елеулі үлес қосты. Ол үш блоктың, «I және II пациенттерге күтім жасау», «Пациент, дәрігер және қоғам», жалпы алғанда 12 курстың жетекшісі болып табылады.

Ол келесі курс жетекшісі және/немесе келесі блоктардың жетекшісі болып табылады: Медициналық сұхбаттасу негіздері, кеңейтілген медициналық сұхбаттасу, медициналық этика және кәсібилік, мінез-құлық медицинасы, психологияға кіріспе, физиологиялық тексеру негіздері және ол отбасылық медицина бойынша субинтернатураның директоры болып табылады.

Тәжірибеші профессор ретінде медициналық білім берудің кәсіптік бағдарламасында академиялық білімді практикалық тәжірибемен ықпалдастыруға ықпал етеді.

Д-р Клементи медициналық білім беру саласындағы зерттеулерге, атап айтқанда, қажетті критерийлер бойынша таңдалған пациенттер арасында мульти-тілдік медициналық білім беру мен медициналық коммуникацияға белсенді қатысады. Ол NUSOM оқыту және сабақ беру комитетін және Оқу бағдарламасы комитетін қоса алғанда, көптеген комитеттерде жұмыс істейді. Ол NUSOM денсаулық сақтаудағы клиникалық дағдылар мен коммуникация дағдылары оқу бағдарламаларын жүргізеді. Ол ағылшын тілді пациенттер-сылтаушыларды қабылдауды және оқытуды қоса алғанда, стандартталған пациенттер бағдарламасын әзірлеуге қолдау көрсетеді.

Оның клиникалық мүдделері денсаулық сақтау, мінез-құлық медицинасы, психикалық денсаулық байланысына баса назар аудара отырып, отбасылық медицинаның барлық аспектілерін қамтиды.