Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

361560
Анна Мидленко
Position:
Нұсқаушы
Office Phone:

Ғылыми қызығушылық

-биология және обыр генетикасы
-сүт безі обырын ерте емдеу
-егде жастағы емделушілерде сүт безі обырын емдеу
-сүт безінің онкопластикалық хирургиясы

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

Анна Ресейдегі Ульянов мемлекеттік университетінде медицина ғылымдарының бакалавр дәрежесін үздік қорғады. Жалпы хирургия бойынша резидентураны (2007-2009 жж.) және хирургиялық онкология бойынша интернатураны (2009-2011 жж.) сәтті тәмамдады. Содан кейін ол Бейжің, Қытай халықаралық Пухуа клиникасында онколог болып жұмыс істеді. Ол жерден Қытай, Шанхайдағы Әулие Михаил ауруханасына ауысты, мұнда өз кәсіби және тұлғааралық дағдыларын айтарлықтай жақсартты.
2012 жылы Ресей, Уфа, Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде, хирургиялық онкология бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу жобасын қорғады. Соңғы 3 жылда Астанада «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ-да хирург-онколог ретінде жұмыс істейді.  Жақында ол Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде жұмыс істеу үшін Астанадағы облыстық онкологиялық орталықтан кетіп қалды.

 

Соңғы біліктілікті арттыру курстары
Сүт безінің реконструктивтік және эстетикалық хирургиясы бойынша қарқынды курс. Республикалық ғылыми онкологиялық орталығы. Қазан, Ресей. Наурыз 2016 жыл
Курс: Хирургиялық онкология. Оңтүстік Корея, Сеул, Инха университеті жанындағы аурухана. 2015 жылдың сәуір-маусым айы
Кеудені ұлғайту бойынша қарқынды курсы. Республикалық ғылыми онкологиялық орталығы. Қазан, Ресей. 2015 жылғы ақпан айы
Сүт безі обыры бойынша кеңейтілген курс (BCU) – II бөлім. Еуропалық онкология мектебі. Милан, Италия. 2014 жылғы мамыр
Медициналық онкологияда біліктілікті арттыру курсы. Питтсбург университеті, Хиллман онкологиялық орталығы, Питтсбург, АҚШ. 2014 жылғы қаңтар-ақпан.
Сүт безі обыры бойынша кеңейтілген курс (BCU) – I Бөлім. Еуропалық онкология мектебі. Лиссабон, Португалия. 2013 жылдың қараша айы.
Сүт безі обыры бойынша екінші халықаралық консенсус конференциясы – ABC2. Еуропалық онкология мектебі. Лиссабон, Португалия. 2013 жылғы қараша айы
Мастер класс: Профессор Марк Джованнидің жетекшілігімен «Конфокальды лазерлік эндомикроскопия». Вишневский атындағы Хирургия институты. Мәскеу, Ресей. 2013 жылғы ақпан айы.
Курс: Колоректалды скринингтің эндоскопиялық және хирургиялық ерекшеліктері. Еуропалық онкология мектебі. Алматы, Қазақстан. 2012 жылғы сәуір айы.
Курс: Сүт безі обырын ерте диагностикалау және емдеу. Қазақ онкология және радиология ғылыми институты, Алматы, Қазақстан. 2012 жылғы сәуір айы.
Сүт безінің реконструктивтік және эстетикалық хирургиясы бойынша қарқынды курс. Республикалық ғылыми онкологиялық орталығы. Қазан, Ресей. 2012 жылғы ақпан айы.