Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

453561
Димитри Поддаи
Position:
Ассистент-профессор
Office Phone:

Ғылыми қызығушылық

Pediatrics (Immunology, Allergy, Rheumatology, Hematology, Gastroenterology)

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

2003 жылы д-р Дмитри Поддаи Павия университетінің (Италия) Медицина мектебін үздік бітірді; сол жерде резидентураны аяқтады/2008 жылы үздік диплом алып, педиатрия бойынша клиника жанынан тар шеңберлі мамандандырудан өтті. Медицина мектебінде оқыған жылдары, ол сондай-ақ Pavia Collegio Ghislieri колледжіндегі оқуын аяқтады.
2007-2009 жылдар аралығында д-р Дмитри Поддаи Бостондағы Гарвард университетінің (Массачусетс штаты, АҚШ) Бостон балалар ауруханасында иммунология саласында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап д-р Дмитри Поддаи Ломбардияның (Италия) бірнеше ауруханаларының педиатриялық бөлімшелерінде жалпы бейінді дәрігер ретінде жұмыс істеді, соның ішінде Fondazione IRCCS Policlinico San Matteo (Павия), Павия университетімен ынтымақтасқан, мұнда ол 2015 жылдан бастап, педиатрия кафедрасының оқытушысы/нұсқаушысы болып жұмыс істеді.
Д-р Дмитри Поддаи өзінің мансабында 2-деңгейлі магистрдің үш дәрежесін алды: I) Римдегі «La Sapienza» университетінің балалар гематологиясы (2010-2011 жылдар); II) Павия университетінің балалар иммунологиясы (2011-2012 жылдар); III) Римдегі «La Sapienza» университетінің балалар гастроэнтерологиясы, гепатологиясы және тамақтануы (2016-2017 жылдар). Сонымен қатар, 2015-2016 жылдары ол Миландағы «Istituto G. Pini» институтының балалар ревматологиясы кафедрасында оқу курсын тәмамдады.
2018 жылы д-р Дмитри Поддаи Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде педиатрия бойынша ассистент-профессор ретінде жұмыс істеуге келді.
Зерттеу жұмысына келер болсақ, д-р Дмитри Поддаи АҚШ-та ғылыми тағылымдамадан өту кезінде Бостонның балалар ауруханасындағы иммунология бөлімінің зертханаларында жұмыс істеді, мұнда ол үлгілік нысан ретінде тышқандарға респираторлық және тағамдық аллергия бойынша негізгі зерттеу жобаларына қатысты. Италияда педиатрия кафедрасындағы өзінің клиникалық қызметіне қосымша ретінде доктор Дмитри Поддаи балалар иммунологиясы, ревматология және аллергияға байланысты кейбір клиникалық зерттеулер жүргізді, бұл оның ғылыми-зерттеу мүддесі болып табылады.