Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

365560
Милан Терзич
Position:
Профессор
Office Phone:

Ғылыми қызығушылық

Contemporary diagnosis & treatment of OBGYN diseases

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

Доктор Милан Терзич 1986 жылы акушерлік және гинекология мамандығы бойынша медициналық білімін тәмамдады, 1990 жылы MSc медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, 1992 жылы – философия докторы дәрежесін алуға, PhD, ал 1993 жылы – резидентура бойынша диссертациясы қорғады.

Академиялық мансап 

06/1995-06/2001 жж. аралығында Милан Терзич оқытушы ассистенті болып жұмыс істеді, 06/ 2001-12/2008 ол ассистент-профессор, 12/2008-07/2014 кезеңінде акушерия және гинекология бойынша ассистент – профессор, ал 07/2014-акушерия және гинекология профессоры болып жұмыс істеді.

Ғылыми-зерттеу мүдделердің салалары

MD дипломын алғаннан кейін бірінші жыл факультативтік болды. Биомедициналық зерттеулер институты мен медициналық статистика институтының микробиологиялық, биохимиялық және босану бөлімінде жұмыс істеу барысында ол акушерлік және гинекология саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда кең тәжірибе алды. Ол зертханалық әдістерде тәжірибе жинақтады: РИА, иммуногистохимия, иммуноцитохимия, иммуноферментті қатты фазалы талдау (ELISA) және in situ флуоресцентті емес радиоактивті гибридизация (FISH). Осы жыл оның кейінгі мансабы үшін өте маңызды болды және нәтижесінде халықаралық журналдарда бірнеше мақала жарияланды.

Келесі екі жыл гинекологиялық науқастарды операция алдындағы дайындауға арналды. Ол осы емделушілерге сигмоидоскопия және колоноскопия жасады, нәтижесінде 1990 жылы магистр дәрежесіне диссертация қорғады.

Осыдан кейін ол адам репродукциясындағы тимустың рөліне арналған жоба бойынша жұмыс істей бастады.  Кейінгі бес жылда (1991-1996 жж.) ол акушерлік және гинекологиядағы тимустың рөлін зерттеді және негізгі нәтижелерін халықаралық журналдарда жариялады.

Дерлік бірмезгілде жүктілік және босану кезінде иммунологиялық қорғаудың спецификалық емес факторларын, әртүрлі бағыттарда (жүктілік кезіндегі ана қаны және амниотикалық сұйықтық), кіндік тамырының және босанғаннан кейінгі ретроплацентарлық гематоманы, сондай-ақ босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі ана қанын зерттей бастады. Лизоцим және трансферрин жүктілік кезінде және әсіресе, туғаннан кейін ең маңызды спецификалық емес иммунологиялық факторлар болып табылатыны анықталды. Алынған нәтижелер PhD дәрежесін алу үшін оның диссертациясының негізіне алынды. Сонымен қатар, перинаталдық медицинадағы лизоцим және трансферриннің рөлін бағалау нәтижелері түрлі халықаралық журналдарда жарияланды.

Келесі кезеңде ол ұрықтың гемолитикалық ауруының ауыр түрлерін зерттеді. Осыдан кейін, 1997 жылы, ол ұрықтылыққа арналған дәрілердің /овуляцияның индукторлары, шектен асқан концентрацияда, тіпті терапевтік концентрацияда емес, аналық без обырын тудыруы мүмкін екенін байқады. Бұл өте сирек асқыну бүкіл әлемдегі тоғыз пациентте ғана байқалды және кейінірек жетекші халықаралық журналда жарияланды.

1997 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ол жыныстық мүшелерде және олармен байланысты ісіктерге байланысты факторларды, сондай-ақ бедеулік пен перинаталдық медицина саласындағы маңызды проблемаларды зерттеумен айналысады. Бұл зерттеулердің нәтижелері жетекші халықаралық журналдарда жарияланды.

Сабақ беру тәжірибесі

Жоғары оқу орындарында акушерия және гинекология бойынша аға кеңесші бола отырып, ол кең оқытушылық тәжірибеге ие және өз білімдерімен, дағдыларымен және тәжірибесімен жүйелі түрде бөліседі. Өзінің алдыңғы педагогикалық қызметінің кең ауқымынан профессор Терзич медик-студенттерге дәрістер оқып, оқыту курстарын, семинарлар, кеңестер және практикалық сабақтар өткізді, аспиранттарға адам репродукциясы, отбасылық медицина, акушерлік және гинекологиядағы УДЗ, резиденттер үшін акушерлік және гинекология, жалпы медицина, спорттық медицина, перинаталдық медицинадағы мамандану бойынша дәрігерлер, ұрықтылық және ұрпақсыздық салалары, сондай-ақ отбасылық медицина дәрігер-аспиранттарға арналған курстарды United Nations University for Peace, БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы) жүргізгенін атап өткен жөн.