Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

363570
Қайнар Қадыржанұлы
Position:
Нұсқаушы
Office Phone:

Ғылыми қызығушылық

Қ. Қадыржанұлының ғылыми қызығушылықтарының өзекті бағыттары:
1) жалпы медициналық мәселелердің этиологиясы мен профилактикасын зерделеу эпидемиологиялық әдістері
2) эпидемиологиялық зерттеулерде жаңа әдістерді әзірлеу және қолдану
3) Обыр эпидемиологиясы және обыр профилактикасы

Өмірбаян
Іріктелген жарияланымдар

Қ. Қадыржанұлы 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын биофизика және электрофизиология мамандығы бойынша бітірген.
Содан кейін 2000 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстандағы әртүрлі клиникаларда диагностикалық медицина (УДЗ және рентгенография мен электрофизиологиялық диагностикалық технологиялар) дәрігері болып жұмыс істеді.
2006 жылы К. Қадыржанұлы Эмори университетіне, Роллинс Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіне (АҚШ Мемлекеттік департаментінің Эдмунд Маски стипендиясы бағдарламасының стипендиаты) оқуға түсті, 2008 жылы Эмори университетінде Денсаулық сақтау магистрі дәрежесін қорғады.
2009 жылы ол үлестірілген медицина және ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін, көпмәдени және пәнаралық кәсіпқойлар командасымен АТ (Қазақстандағы ауруларды эпидқадағалауды күшейту үшін Eidss-e-Health бағдарламасын іске асыру) мен қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалық қамтым талдаушысы/жаттықтырушысы ретінде қатысу үшін  «Black & Veatch Special Projects Corporation» компаниясына қосылды.
К. Қадыржанұлы 2017 жылы Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде нұсқаушы ретінде жұмыс істей бастады.