Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы

Бағдарламаның мақсаты – магистратура бағдарламалары потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Медицина мектебінің магистратура бағдарламаларында (Қоғамдық Денсаулық Сақтау және Молекулалық Медицина салаларындағы магистратура бағдарламалары) оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды дамыту болып табылады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Медицина мектебінің магистратура бағдарламаларының студенттері атанады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар Бағдарламаға түсуге конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:
1)  өтінім тапсыратын нақты магистратура бағдарламасына қабылдау қағидаларының ережелеріне (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс;
2) IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 болып табылады, бұл ретте тек бір критерий бойынша ғана кем дегенде 5.0 немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет.
Оқу нысаны Күндізгі
Бағдарламаның басталу күні Тамыз айы
Бағдарлама ұзақтығы 1 академиялық жыл
Оқу орны «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, Нұр-Сұлтан қ.