Жаңалықтар

Назарбаев университетінің студенттері дебат бойынша еуропалық университеттер чемпионатының плей-оффына шықты

345

Тамыз айының басында Сербияда дебат бойынша еуропалық университеттердің 20 – шы Чемпионаты (EUDC) өтті, бұл әлемдегі ең ірі жыл сайынғы дебаттық іс-шаралардың бірі. Турнирге 30-дан астам елден келген 200-ге жуық команда қатысты.
Әйгерім Шадаева мен Дәурен Биназаров – «Номад» студенттік дебат клубының жұптық командасы үздік нәтиже көрсетті. Олар «Ағылшын тілі шет тілі ретінде» (ESL) тобында ширек финалға шыққан алғашқы қазақстандық дебатшылар болды.
Барлығы «Номад» ДК-дан бес жұп жарысты: Малика Мамирова мен Талғат Омаров, Гүлназ Табынбаева мен Дәулет Тегінбаев, Виктория Цой мен Нұржан Онашабай, Әділет Ақжолов пен Әлішер Юзгенбаев, Әйгерім Шадаева мен Дәурен Биназаров.
Сонымен қатар, Дана Тұрғали, Ақназар Әли және Әсел Ибадулла Назарбаев Университетін төрешілер комитетінің мүшелері ретінде таныстырды, ал Олжас Абдухамитов ерікті болды.

?>