Жаңалықтар

НУММ Билл және Мелинда Гейтс қорынан грант алды

nb7
НУММ Қазақстандағы балалар өлімінің себептерін анықтау үшін тіндердің үлгілерін аз инвазивті іріктеу әдісін (MITS) қолдану арқылы патологиялар негізінде мониторинг-зерттеуді бастау үшін Билл және Мелинда Гейтс қорынан грант алды.

Тіндердің үлгілерін аз инвазивті іріктеу (MITS) – бұл соңғы жеті жыл ішінде әзірленген, жетілдірілген және тестіленетін жаңа әдіс. Бұл толық диагностикалық ашудың перспективалық балама әдісі. Тіндердің  үлгілерін аз инвазивті іріктеу (MITS) өлім туралы сенімді деректерді алу үшін патология негізінде бақылау құралы ретінде дайындалған патологоанатомдар, техникалық мамандар және басқа да медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

Неліктен тіндердің үлгілерін аз инвазивті іріктеу маңызды?

Табысы жоғары дамыған елдерде өлім-жітім туралы толық деректер аурудың сипаты мен олардың уақыт өткендегі өзгерістері туралы куәландырады. Мұндай ақпаратқа ие бола отырып, Үкімет пен денсаулық сақтау мекемелері денсаулық сақтауды қаржыландырудың басымдылығын тиімді жоспарлай және анықтай алады, зерттеулер жүргізіп, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған саясатты әзірлей алады. Төмен және орташа табыс деңгейі бар елдерде өлім-жітім туралы жоғары сапалы деректер шектеулі немесе жоқ. Көптеген мекемелерде өлім-жітім туралы нақты деректер алу үшін алтын стандарт болып саналатын, толық диагностикалық ашу үшін қажетті ресурстар мен инфрақұрылым жоқ. Олар бар жерде, толық диагностикалық ашу қолайлылық рейтингі төмен және ол бүкіл әлемде төмендейді.

Тіндердің үлгілерін аз инвазивті іріктеу (MITS) – бұл мамандырылған жиынтықтарды пайдалана отырып, мақсатты органдардың үлгілері алынатын мейлінше инвазивті әдіс. Содан кейін бұл үлгілер өлімнің себептерін немесе өлімге алып келетін оқиғалардың себеп-салдарлық тізбегін анықтау үшін толық зертханалық талдауға жатады.

Тіндердің үлгілерін аз инвазивті іріктеу (MITS) альянстың (MITS Альянсы) басқаруында, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка және Азия (Үндістан) бойынша таралған мүше-елдер мен мекемелердің консорциумында орналасқан. Консорциум Билл және Мелинда Гейтс қорымен Ресерч Трайэнгл Интернэйшнл (Research Triangle International) арқылы Солтүстік Каролинадағы кеңсемен қаржыландырылады.

Доктор Мэтью Наанлеп Танко, биомедицина ғылымдары кафедрасында тәжірибеден өтуші профессор-доцент, НУММ аталған грантты НУММ атынан алушы болып табылады және «өлімнің себептерін анықтау үшін өлім-жітімнің сенімді статистикасын алу үшін жаңа парадигма ретінде тін үлгілерін (MITS) аз инвазивті іріктеуді тексеру» деп аталатын, Қазақстанның тәжірибесі (KazCoDe жобасы)» пилоттық жобаның жетекшісі болып табылады.

Доктор Танко НУММ-дан, UMC мекемелерінен және патологоанатомиялық бюродан осы жобаны орындау үшін зерттеу тобын құрды.

?>