Жиі қойылатын сұрақтар

MD бағдарламасына тапсыру

Бакалавр дәрежемнің медицина саласына байланысы болмаған жағдайда MD бағдарламасына құжат тапсыра алам ба?

Бағдарламаға қатысу талаптары мамандыққа ешқандай шектеулер қоймайды. Алайда, кем дегенде, зертханалық биология және зертхана жұмыстарымен жалпы химия курстарынан тұратын екі жаратылыстану ғылымдарын міндетті түрде бітіру бағдарламаның негізгі талаптарының бірі болып табылады.

НУММ-нің MD бағдарламасына құжат тапсыру үшін қандай пререквизиттер болуы тиіс?
Кем дегенде, зертханалық биология және зертхана жұмыстарымен жалпы химия курстарынан тұратын екі жаратылыстану ғылымдарын міндетті түрде бітіру бағларламаның негізгі талаптарының бірі болып табылады. Бұл ретте, өтінім білдіруші кем дегенде ұзақтығы бір жыл болатын келесі курстарды бітіргені дұрыс: зертханалық биология, зертхана жұмыстарымен жалпы химия, зертханалық жұмыстарымен органикалық химия, математика, зертханалық жұмыстарымен физика және ағылшын тілі. Сондай-ақ, гуманитарлық және әлеуметтік пәндерді оқығаны да жөн болады.

НУММ-ның болашақ студенті қандай болуы тиіс?
НУММ жігерлі де креативті, жоғары этикалық принциптері бар және өз азаматтық жауапкершіліктерін түсінетін жан-жақты білімді де ақылды студенттерді таңдамақ. Оқуға қабылданатын студенттер әркелкі болмақ: ірі және кішігірім университет түлектері; үлкен қаладан, не ауылды жерден шыққан; ғылым жолын қуған, не гуманитарлық, тарих немесе әдебиет салаларында мамандандырылған;  оқудан тыс іс-шараларға (мысалы, әлеуметтік көмек көрсету қызметі, спорт, өнер, саясат және басқалар) араласқан немесе кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытумен айналысқандар.

Іріктеу кезінде қандай критерийлер ескеріледі?

Қабылдау комиссиясы шешім қабылдау кезінде келесі факторларды ескереді: MCAT, GPA балы, оқудан тыс іс-шараларға қатысуы, ұсыным хаттар, сұхбаттасу, негіздеме хат, эссе және қажет болған жағдайда, ағылшын тілін білуге тестінің қорытындысы.

Тестілердің балдарына қойылатын талаптар қандай?
Бағдарламаға орташа балдары GPA кем дегенде 3.00 балды, IELTS 7.0-ді (әрбір секцияда 6.0-ден кем емес) және MCAT жалпы балдар жинағы кем дегенде 489 балды құрайтын үміткерлер өтініш бере алады және олар Қабылдау комиссиясының шешімімен сұхбаттасуға шақырылады. Бұл ретте, толық құжаттар пакетін тапсыру НУММ-ге қабылдануға кепілдік бермейді.

Онлайн анкетаны толтыру барысында қиындықтар туындаған жағдайда кімге хабарласуға болады немесе толтыру бойынша нұсқау беріле ме?
Онлайн анкетаны толтыру бойынша нұсқауды өтінім берушінің жеке кабинетінде табуға болады (admissions.nu.edu.kz). Сонымен қатар, Жоғары мектептерге қабылдау департаментіне төмендегі мекенжай мен телефондар арқылы хабарласа аласыз:
Қабанбай батыр даңғылы, 53
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы
admissions.nusom@nu.edu.kz
Call центр +7 (7172) 706555

Ұсыным хаттар бөлек жіберілуі тиіс пе?

Анкетаңызда сізге ағылшын тілінде жазылған (немесе нотариалды аудармасы бар) ұсыным хат бере алатын адамдар жөнінде толық ақпарат беруге тиіссіз. Онлайн анкетада олардың электронды пошталарын көрсетуіңіз керек. Анкетаны  тапсырмас бұрын, міндетті түрде сіздің ұсыным берушілеріңіздің корпоративтік электронды пошталарын көрсеткеніңізге және олардың сізге ұсыным хат беруге келісім бергендеріне көз жеткізуіңіз қажет. Анкетаны тапсырғаннан кейін 24 сағат ішінде сізге ұсыным хат берушілер өз электронды пошталарына хатты қалай тапсыру жайында нұсқау алады. Ұсыным хаттар оны беруші адам жұмыс істейтін ұйымның ресми бланкісінде жазылып, қол қойылуы тиіс. Ұсыным беруші ұсыным хаттың сканерлік нұсқасын корпоративтік электронды поштасынан  (анкетада көрсетілген) жібере алады.

Ал егер де, ресми бланк болмаса, ұсыным хат сол ұйымның мөрі қойылып, конвертке салынып жіберілуі тиіс.

Ұсыным беруші ұсыным хатты конвертке салып жібере ала ма?
Егер сізде ұсыным берушінің электронды поштасы немесе онда корпоративтік электронды пошта болмаса, ол хатты өз ұйымының ресми бланкісіне жазып, қол қойып (сканерленген немесе электронды қолтаңба қабылданбайды), ковертке салып, төмендегі мекенжайға жіберуі тиіс:
Қабылдау департаменті
Қабанбай батыр даңғылы, 53
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы

Бастапқы анкетам толық емес екенін байқаған жағдайда оны қайта тапсыруға бола ма?
Иә, болады. Анкетаңызды қабылдаудың соңғы мерзіміне дейін қайта  тапсырғыңыз келсе, Қабылдау департаментіне admissions.nusom@nu.edu.kz поштасы арқылы хабарласыңыз.

НУММ студенттеріне жатақханадан бөлмелер бере ме?
НУ жатақханада қолжетімді орындардың шектеулі санына байланысты студенттерге жатақханадан орын болатынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан, артықшылық Нұр-Сұлтан қаласынан емес, басқа қалалардан келген студенттерге беріледі.

Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі НУММ-нің әріптес унверситеті екендігін есепке алсақ, бізге қос диплом беріле ме?
MD дипломын тек Назарбаев Университеті ғана береді

Егер мен бағдарламаға қабылданып, бірақ қандай да бір себептерге байланысты оқуды бұл жылы бастай алмасам, мен мемлекеттік грантымды сақтап, оқуды келесі жылы бастай аламын ба?
Бағдарламаға қабылдау тек Қабылдау комиссиясының шешімімен және Мектеп Деканының келісімімен бір академиялық жылға ғана кейінге қалдырыла алады.

Егер мен қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тұрып жатып, алайда осы елдің азаматы емес болсам, мен мемлекеттік білім грантына үміткер бола аламын ба?
Мемлекеттік білім гранттары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана беріледі.

Бағдарламаны бітірген соң университет алдында қандай да бір міндеттемелерім бола ма?
MD бағдарламасына мемлекеттік грант негізінде қабылданған студенттердің оқуды бітірген соң университет алдында ешқандай міндеттемелері болмайды.

Егер өтініш беруші бағдарламаға өтпесе, келешекте анкетаны жақсарту мақсатында ол өтпеу себептерін біле ала ма?
Сіз Жоғары мектептерге қабылдау департаментіне ресми сұрау жіберуі арқылы Қабылдау комиссиясының төрағасынан консультация алуыңызға болады. Сұрау салуды Қабылдау комиссиясы төрағасының атына жіберу қажет.

Бағдарламаға қанша рет тапсыруға болады (егер, мен екі немесе үш рет өтпесем?) Талпынысқа қандай да бір шектеулер қойыла ма?
Жоқ, мұндай шектеулер жоқ.

Біздің дипломымыз бүкіл әлемде танылатын бола ма?
Әр елдің  білімге  қоятынталаптары  болады. НУММ-нің басты мақсаты - Қазақстан Республикасы үшін дәрігерлерді даярлау.

MD оқу бағдарламасы және пәндер сайтта берілген бе?
Біздің оқу бағдарламамыз біздің әріптес университетіміздің қолдауымен әзірленген, сондықтанда ол Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі ұсынатын бағдарламаға өте ұқсас.

 

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасына тапсыру

Бакалавр дәрежемнің қоғамдық денсаулық сақтау саласына байланысы болмаған жағдайда, Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасына құжат тапсыра алам ба? 

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасы (ҚДСМ) көп салалы болғандықтан оған әртүрлі мамандық иелері құжат тапсыра алады. Атап өтсек,  биология, химия, медицина, мейірбике ісі, әлеуметтану, антропология, іскери әкімшілік, қоғамдық саясат, коммуникация және білім беру, статистика мен математика, инженерлік іс және тағы басқа да қатысты салалар мамандары  құжат тапсыра алады.

ҚДСМ мағдарламасына құжат тапсыру үшін қандай пререквизиттер болуы тиіс?

Бакалвр дәрежесінің болуы – бағдарламаның негізгі талаптарының бірі. Статистика мен биология курстарының болуы міндетті болмаса да, бағдарламаға өту мүмкіндігіңізді арттыра түсуі ықтимал. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау немесе жалпы денсаулық сақтау саласында жұмыс немесе волонтерлік тәжірибенің болуы анкетаңыздың қаралуына оң әсерін тигізуі мүмкін.

НУММ-ның болашақ студенті қандай болуы тиіс?

НУММ жігерлі де креативті, жоғары этикалық принциптері бар және өз азаматтық жауапкершіліктерін түсінетін жан-жақты білімді де ақылды студенттерді таңдамақ. Оқуға қабылданатын студенттер әркелкі болмақ: ірі және кішігірім университет түлектері; үлкен қаладан, не ауылды жерден шыққан; ғылым жолын қуған, не гуманитарлық, тарих немесе әдебиет салаларында мамандандырынған;  оқудан тыс іс-шараларға (мысалы, әлеуметтік көмек көрсету қызметі, спорт, өнер, саясат және басқалар) араласқан немесе кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытумен айналысқандар.

Іріктеу кезінде қандай критерийлер ескеріледі?

Қабылдау комиссиясы шешім қабылдау кезінде келесі факторларды ескереді: GPA балы, оқудан тыс іс-шараларға қатысуы, ұсыным хаттар, сұхбаттасу, негіздеме хат және қажет болған жағдайда, ағылшын тілін білуге тестінің қорытындысы

Іріктеу процесі неден тұрады?

Іріктеу процесі анкеталарды қарастыру мен бағдарламаның талаптарына сай келетін үміткерлерді сұхбаттасуға шақырудан тұрады.

Балдарға қойылатын талаптар қандай?

Бағдарламаға орташа балдары GPA кем дегенде 2.75 балды, IELTS 6.5-ті (әрбір секцияда 6.0-ден кем емес) құрайтын үміткерлер өтініш бере алады және олар Қабылдау комиссиясының шешімімен сұхбаттасуға шақырылады. Бұл ретте, толық құжаттар пакетін тапсыру ҚДСМ бағдарламасына қабылдануға кепілдік бермейді

Онлайн анкетаны толтыру барысында қиындықтар туындаған жағдайда кімге хабарласуға болады немесе толтыру бойынша нұсқау беріле ме?

Онлайн анкетаны толтыру бойынша нұсқауды өтінім берушінің жеке кабинетінде табуға болады (admissions.nu.edu.kz). Сонымен қатар, Қабылдау департаментіне төмендегі мекенжай мен телефондар арқылы хабарласа аласыз:
Қабанбай батыр даңғылы, 53
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы
admissions.nusom@nu.edu.kz
Call центр +7 (7172) 706555

Ұсыным хаттар бөлек жіберілуі тиіс пе?

Анкетаңызда сізге ағылшын тілінде жазылған (немесе нотариалды аудармасы бар) ұсыным хат бере алатын адамдар жөнінде толық ақпарат беруге тиіссіз. Онлайн анкетада олардың электронды пошталарын көрсетуіңіз керек. Анкетаны қарауға тапсырмас бұрын, міндетті түрде сіздің ұсыным берушілеріңіздің корпоративтік электронды пошталарын көрсеткеніңізге және олардың сізге ұсыным хат беруге келісім бергендеріне көз жеткізуіңіз қажет. Анкетаны тапсырғаннан кейін 24 сағат ішінде сізге ұсыным хат берушілер өз электронды пошталарына хатты қалай тапсыру жайында нұсқау алады. Ұсыным хаттар оны беруші адам жұмыс істейтін ұйымның ресми бланкісінде жазылып, қол қойылуы тиіс. Ұсыным беруші ұсыным хаттың сканерлік нұсқасын корпоративтік электронды поштасынан  (анкетада көрсетілген) жібере алады.
Ал егер де, ресми бланк болмаса, ұсыным хат сол ұйымның мөрі қойылып, конвертке салынып жіберілуі тиіс.

Ұсыным беруші ұсыным хатты конвертке салып жібере ала ма?

Егер сізде ұсыным берушінің электронды поштасы немесе онда корпоративтік электронды пошта болмаса, ол хатты өз ұйымының ресми бланкісіне жазып, қол қойып (сканерленген немесе электронды қолтаңба қабылданбайды), ковертке салып, төмендегі мекенжайға жіберуі тиіс:
Қабылдау департаменті
Қабанбай батыр даңғылы, 53
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы

Бастапқы анкетам толық емес екенін байқаған жағдайда оны қайта тапсыруға бола ма?

Иә, болады. Анкетаңызды қабылдаудың соңғы мерзіміне дейін қайта  тапсырғыңыз келсе, Қабылдау департаментіне admissions.nusom@nu.edu.kz поштасы арқылы хабарласыңыз.

НУММ студенттеріне жатақханадан бөлмелер бере ме?

НУ жатақханада қолжетімді орындардың шектеулі санына байланысты студенттерге жатақханадан орын болатынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан, артықшылық Нұр-Сұлтан қаласынан емес, басқа қалалардан келген студенттерге беріледі.

Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі НУММ-нің әріптес унверситеті екендігін есепке алсақ, бізге қос диплом беріле ме?

ҚДСМ дипломын тек Назарбаев Университеті ғана береді

Егер мен бағдарламаға қабылданып, бірақ қандай да бір себептерге байланысты оқуды бұл жылы бастай алмасам, мен мемлекеттік грантымды сақтап, оқуды келесі жылы бастай аламын ба?

Бағдарламаға қабылдау тек Қабылдау комиссиясының шешімімен және Мектеп Деканының келісімімен бір академиялық жылға ғана кейінге қалдырыла алады.

ҚДСМ бағдарламасына шетелдік студенттер құжат тапсыра ала ма?

Ия, тапсыра алады.

Егер мен қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тұрып жатып, алайда осы елдің азаматы емес болсам, мен мемлекеттік білім грантына үтікер бола аламын ба?

Мемлекеттік білім гранттары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана беріледі.

Бағдарламаны бітірген соң университет алдында қандай да бір міндеттемелерім бола ма?

ҚДСМ бағдарламасына мемлекеттік грант негізінде қабылданған студенттердің оқуды бітірген соң университет алдында ешқандай міндеттемелері болмайды.

Егер өтініш беруші бағдарламаға өтпесе, келешекте анкетаны жақсарту мақсатында ол өтпеу себептерін біле ала ма?

Сіз Қабылдау департаментіне ресми сұрау жіберуі арқылы Қабылдау комиссиясының төрағасынан консультация алуыңызға болады. Сұрау салуды Қабылдау комиссиясы төрағасының атына жіберу қажет.

Бағдарламаға қанша рет тапсыруға болады (егер, мен екі немесе үш рет өтпесем?) Талпынысқа қандай да бір шектеулер қойыла ма?

Жоқ, мұндай шектеулер жоқ.

 

Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасына тапсыру

Бакалавр дәрежемнің молекулалық медицинаға қатасы болмаған жағдайда, молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасына құжат тапсыра алам ба?
Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасы көп салалы болғандықтан оған әртүрлі мамандық иелері құжат тапсыра алады. Атап өтсек,  биология, химия, медицина тағы да басқа қатысты салалар мамандары құжат тапсыра алады.

НУММ-нің Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасына құжат тапсыру үшін қандай пререквизиттер болуы тиіс?

Клиникалық немесенегізгі ғылымдар саласында бакалвр дәрежесінің болуы – бағдарламаның негізгі талабы. Ғылыми зерттеу мен зертханада жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы болғанымен, негізгі талап болып табылмайды.

Бағдарламаның болашақ студенті қандай болуы тиіс?

НУММ жігерлі де креативті, жоғары этикалық принциптері бар жан-жақты білімді де ақылды студенттерді таңдамақ. Оқуға қабылданатын студенттер әркелкі болмақ: ірі және кішігірім университет түлектері; үлкен қаладан, не ауылды жерден шыққан тұлғалар.

Іріктеу кезінде қандай критерийлер ескеріледі?
Қабылдау комиссиясы шешім қабылдау кезінде келесі факторларды ескереді: GPA балы, (GRE болған жағдайда),  оқудан тыс іс-шараларға қатысуы, ұсыным хаттар, сұхбаттасу, негіздеме хат және қажет болған жағдайда, ағылшын тілін білуге тестінің қорытындысы.

Іріктеу процесі неден тұрады?

Іріктеу процесі анкеталарды қарастыру мен бағдарламаның талаптарына сай келетін үміткерлерді сұхбаттасуға шақырудан тұрады.

Балдарға қойылатын талаптар қандай?
Бағдарламаға орташа балдары GPA кем дегенде 2.75 балды, (GRE болған жағдайда), IELTS 6.5-ті (әрбір секцияда 6.0-ден кем емес)құрайтын/сәйкес TOEFL балы, немесе оқыту тілі ағылшын болған оқу орнын аяқтаған туралы дәлелі бар үміткерлер өтініш бере алады. Алайда, толық құжаттар пакетін тапсыру бағдарламаға қабылдануға кепілдік бермейді.

Онлайн анкетаны толтыру барысында қиындықтар туындаған жағдайда кімге хабарласуға болады немесе толтыру бойынша нұсқау беріле ме?

Онлайн анкетаны толтыру бойынша нұсқауды өтінім берушінің жеке кабинетінде табуға болады (admissions.nu.edu.kz). Сонымен қатар, Қабылдау департаментіне төмендегі мекенжай мен телефондар арқылы хабарласа аласыз:
Қабанбай батыр даңғылы, 53
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы
admissions.nusom@nu.edu.kz
Call центр +7 (7172) 706555

Ұсыным хаттар бөлек жіберілуі тиіс пе?

Анкетаңызда сізге ағылшын тілінде жазылған (немесе нотариалды аудармасы бар) ұсыным хат бере алатын адамдар жөнінде толық ақпарат беруге тиіссіз. Онлайн анкетада олардың электронды пошталарын көрсетуіңіз керек. Анкетаны қарауға тапсырмас бұрын, міндетті түрде сіздің ұсыным берушілеріңіздің корпоративтік электронды пошталарын көрсеткеніңізге және олардың сізге ұсыным хат беруге келісім бергендеріне көз жеткізуіңіз қажет. Анкетаны тапсырғаннан кейін 24 сағат ішінде сізге ұсыным хат берушілер өз электронды пошталарына хатты қалай тапсыру жайында нұсқау алады. Ұсыным хаттар оны беруші адам жұмыс істейтін ұйымның ресми бланкісінде жазылып, қол қойылуы тиіс. Ұсыным беруші ұсыным хаттың сканерлік нұсқасын корпоративтік электронды поштасынан (анкетада көрсетілген) жібере алады.
Ал егер де, ресми бланк болмаса, ұсыным хат сол ұйымның мөрі қойылып, конвертке салынып жіберілуі тиіс.

Ұсыным беруші ұсыным хатты конвертке салып жібере ала ма немесе оның корпоративтік электронды поштасы болмаған жағдайда қалай жіберуі тиіс?

Егер сізде ұсыным берушінің электронды поштасы немесе онда корпоративтік электронды пошта болмаса, ол хатты өз ұйымының ресми бланкісіне жазып, қол қойып (сканерленген немесе электронды қолтаңба қабылданбайды), ковертке салып, төмендегі мекенжайға жіберуі тиіс:
Қабылдау департаменті
Қабанбай батыр даңғылы, 53
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Қазақстан Республикасы

Бастапқы анкетам толық емес екенін байқаған жағдайда оны қайта тапсыруға бола ма?
Иә, болады. Анкетаңызды қабылдаудың соңғы мерзіміне дейін қайта  тапсырғыңыз келсе, Қабылдау департаментіне admissions.nusom@nu.edu.kz поштасы арқылы хабарласыңыз.

НУММ студенттеріне жатақханадан бөлмелер бере ме?
НУ жатақханада қолжетімді орындардың шектеулі санына байланысты студенттерге жатақханадан орын болатынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан, артықшылық Нұр-Сұлтан қаласынан емес, басқа қалалардан келген студенттерге беріледі.

Питтсбург Университетінің Медицина Мектебі НУММ-нің әріптес унверситеті екендігін есепке алсақ, бізге қос диплом беріле ме?
Бағдарлама дипломын тек Назарбаев Университеті ғана береді.

Егер мен бағдарламаға қабылданып, бірақ қандай да бір себептерге байланысты оқуды бұл жылы бастай алмасам, мен мемлекеттік грантымды сақтап, оқуды келесі жылы бастай аламын ба?
Бағдарламаға қабылдау тек Қабылдау комиссиясының шешімімен және Мектеп Деканының келісімімен бір академиялық жылға ғана кейінге қалдырыла алады.

Бағдарламаға шетелдік студенттер құжат тапсыра ала ма?

Ия, тапсыра алады.

Егер мен қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тұрып жатып, алайда осы елдің азаматы емес болсам, мен мемлекеттік білім грантына үтікер бола аламын ба?

Мемлекеттік білім гранттары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана беріледі.

Бағдарламаны бітірген соң университет алдында қандай да бір міндеттемелерім бола ма?

Бағдарламаға мемлекеттік грант негізінде қабылданған студенттердің оқуды бітірген соң университет алдында ешқандай міндеттемелері болмайды.

Егер өтініш беруші бағдарламаға өтпесе, келешекте анкетаны жақсарту мақсатында ол өтпеу себептерін біле ала ма?

Сіз Қабылдау департаментіне ресми сұрау жіберуі арқылы Қабылдау комиссиясының төрағасынан консультация алуыңызға болады. Сұрау салуды Қабылдау комиссиясы төрағасының атына жіберу қажет.

Бағдарламаға қанша рет тапсыруға болады (егер, мен екі немесе үш рет өтпесем?) Талпынысқа қандай да бір шектеулер қойыла ма?Жоқ, мұндай шектеулер жоқ.