«Медицина докторы» бағдарламасы туралы

«Медицина докторы»  бағдарламасы дәрігерлік мамандығына қажетті құзыретті, дағдылар мен біліктілікті беретін және дипломнан кейінгі медициналық біліміне оқуын жалғастыру үшін негіз болып табылатын медициналық практикамен айналысуға мүмкіндік беретін кәсіби доктор дәрежесі болып табылады. Бағдарлама жоғары медициналық білім беру моделіне сәйкес келу үшін әзірленген және құзыреттікке негізделген. Жақсы ойластырылған білім беру бағдарламасының құрылымы белсенді және интерактивті оқытуға, проблемаларды шешуге арналған тренинг пен командалық жұмыстарға, науқас пен қоғамдастыққа ертерек таныстыруға, сондай-ақ медицина қызметінің мінез-құлық және әлеуметтік аспектілерімен негізгі және клиникалық биомедициналық ғылымдар салаларында күшті іргетасты біріктіруге мүмкіндік береді. Негізгі пән оқу үрдісінде білім беру бағдарламасына біріктіріліп, бұрын зерттелген материалды есепке ала отырып, сонымен бірге жаңа материалдарды біртіндеп енгізуді қамтамасыз етеді. Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады

«Медицина докторы» бағдарламасына оқуға түсу үшін талаптар

  1. Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі (немесе олардың баламасы).
  2. 4.00 балдық шкала бойынша орташа балл 3.00 (немесе 5.00 балдық шкала бойынша оның баламасы).
  3. Ағылшын тілін міндетті білу деңгейі IELTS бойынша 7.0 балға тең, әрбір секцияда 6.0 кем емес немесе компьютерлік нұсқа үшін (СВТ) 250 балл, қағаз бетіндегі нұсқа үшін (PBT) 600 балл немесе TOEFL тестілеуінің интернет-нұсқасы үшін (IBT) 100 балл. Қабылдау комиссиясының шешімімен  өтініш білдіруші ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларын ұсынудан келесі жағдайларда босатылуы мүмкін:
    - егер өтініш білдірушінің академиялық дәрежелерінің бірі ағылшын тілі ресми қатынас, оқыту және күнделікті қолданыс тілі болып саналатын елде алынса;
    - бакалавр немесе магистр дәрежесін ағылшын тілінде оқытылған бағдарлама нәтижесінде алған болса;
    - үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылған жағдайда.
  4. Сұхбатқа шақырылу үшін МСАТ тестілеу нәтижесінің жалпы балы кемінде 491 болуы тиіс.

Қажетті құжаттар

  1. Өтініштің толтырылған нысанын http://admissions.nu.edu.kz порталында тіркеуден кейін жүктеп алуға болады.
  2. Өтініш нысанында көрсетілген курс бойынша Өтініш берушіге сабақ берген аға оқытушы-профессорлар құрамынан (ОПҚ) ағылшын тілінде екіден (минимум) төртке (максимум) дейінгі құпия ұсыныс хаттар. Оның ішінде екі хат ғылыми кафедралардың ОПҚ-дан болуы тиіс.
  3. Бакалавр дипломының (бар болғанда) және ғылым магистрі дипломының(дарының) транскриптімен(терімен) (немесе балама құжаттарымен) бірге ағылшын тіліне нотариалды аудармасы бар нотариалды куәландырылған көшірмесі (көшірмелер). Бакалавр/магистр дәрежесін (немесе оларға балама құжаттарды) шетелдік білім беру мекемелерінде алған өтініш білдірушілер құжаттардың ресми транскриптерін тікелей Жоғары мектептерге қабылдау департаментіне жіберуді талап етулері тиіс.
  4. Өтініш білдірген кезден екі жылдан артық емес уақыт аралығында тапсырылған IELTS/TOEFL стандартты тест нәтижелері/сертификаттары.
  5. MCAT тестілеуінің балдары. Ұсынылған MCAT тестілеуінің балдары жарамды болуы үшін өтініш білдірген кезден екі жылдан артық емес уақыт аралығында тапсырылған болуы тиіс.
  6. Халыққа қызмет көрсету орталығы берген сотталмағандығы туралы жазбаша анықтама.
  7. Медициналық анықтама (086У нысаны).
  8. Өтініш берушінің сканерден өткізілген жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен).

Өтініштер пакеті «NUSOM» («НУММ») деп белгіленіп, поштамен жіберіледі немесе мына мекенжайға жеткізіледі: Жоғары мектептерге қабылдау департаменті, кабинет №1127, Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 010000, Астана, Қазақстан.