«Медицина докторы» бағдарламасы туралы

«Медицина докторы»  бағдарламасы дәрігерлік мамандығына қажетті құзыретті, дағдылар мен біліктілікті беретін және дипломнан кейінгі медициналық біліміне оқуын жалғастыру үшін негіз болып табылатын медициналық практикамен айналысуға мүмкіндік беретін кәсіби доктор дәрежесі болып табылады. Бағдарлама жоғары медициналық білім беру моделіне сәйкес келу үшін әзірленген және құзыреттікке негізделген. Жақсы ойластырылған білім беру бағдарламасының құрылымы белсенді және интерактивті оқытуға, проблемаларды шешуге арналған тренинг пен командалық жұмыстарға, науқас пен қоғамдастыққа ертерек таныстыруға, сондай-ақ медицина қызметінің мінез-құлық және әлеуметтік аспектілерімен негізгі және клиникалық биомедициналық ғылымдар салаларында күшті іргетасты біріктіруге мүмкіндік береді. Негізгі пән оқу үрдісінде білім беру бағдарламасына біріктіріліп, бұрын зерттелген материалды есепке ала отырып, сонымен бірге жаңа материалдарды біртіндеп енгізуді қамтамасыз етеді. Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады

Онлайн тіркеу мерзімі

Ерте тіркелу 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда) Онлайн тіркелу тегін
Стандартты тіркелу 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда) Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек. Тіркеу жарнасы бағдарламаға байланысты

 

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, талапкерге арналған сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

«Медицина докторы» бағдарламасына оқуға түсу үшін талаптар

1. Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі (немесе олардың баламасы).
2. 4.00 балдық шкала бойынша орташа балл 3.00 (немесе 5.00 балдық шкала бойынша оның баламасы).
3. Зертханасымен бірге «биология» пәні бойынша оқытудың бір жылын және зертханасымен бірге жалпы химия немесе баламасы бойынша оқытудың бір жылын қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей, кемінде екі ғылыми пәннен өту.
4. Ағылшын тілін міндетті білу деңгейі IELTS бойынша 7.0 балға тең, әрбір секцияда 6.0 кем емес немесе компьютерлік нұсқа үшін (СВТ) 250 балл, қағаз бетіндегі нұсқа үшін (PBT) 600 балл немесе TOEFL тестілеуінің интернет-нұсқасы үшін (IBT) 100 балл. Қабылдау комиссиясының шешімімен өтініш білдіруші ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларын ұсынудан келесі жағдайларда босатылуы мүмкін:
- егер өтініш білдірушінің академиялық дәрежелерінің бірі ағылшын тілі ресми қатынас, оқыту және күнделікті қолданыс тілі болып саналатын елде алынса;
- бакалавр немесе магистр дәрежесін ағылшын тілінде оқытылған бағдарлама нәтижесінде алған болса;
- үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылған жағдайда.
5. Сұхбатқа шақырылу үшін МСАТ тестілеу нәтижесінің жалпы балы кемінде 489 болуы тиіс.

Қажетті құжаттар

1. Өтініштің толтырылған нысанын http://admissions.nu.edu.kz порталында тіркеуден кейін жүктеп алуға болады.
2. Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екіден бастап (минимум) төртке дейінгі (максимум) ұсыным хаттар. Оның ішінде екі хат ғылыми кафедралардың ОПҚ-дан болуы тиіс.
3. Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады.
4. Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты.
5. Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар МСАТ нәтижесі. Нәтиже жарамды болып есептелуі үшін МСАТ-тың ұсынылған нәтижелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш жыл бұрын өткен тестілеуге сәйкес болуы тиіс.
6. Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама Медициналық анықтама (086У нысаны).
7. Медициналық анықтама 086у (ҚР азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама немесе Университет сұраған басқа құжаттар (шетел азаматтары үшін);
8. Өтініш берушінің сканерден өткізілген жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен).
9. Негіздеме хат (500 сөзге дейін).
10. Үміткер Мектепке қандай үлес қосатындығы жайлы эссе (500 сөзге дейiн).