Магистратура бағдарламалары

Programs-image

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады.

Programs-image

Молекулалық медицина саласындағы магистратура

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады.

Programs-image

Фармакология және токсикология саласындағы магистратура

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады.

Онлайн тіркеу мерзімі

Ерте тіркелу 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда) Онлайн тіркелу тегін
Стандартты тіркелу 2020 жылдың 17-ші ақпаннан 2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда) Онлайн тіркелу үшін төлемақы жасауыңыз керек. Тіркеу жарнасы бағдарламаға байланысты

 

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, талапкерге арналған сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Талаптар

Молекулалық медицина саласындағы магистратура, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура мен фармакология және токсикология саласындағы магистратура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен  дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап  емес екендігіне қарамастан, үміткер  GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура бағдарламасына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.
Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар

Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:

1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6,5 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;

2) Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі;

3) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
  • егер үміткер Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Регистрация кезеңдері

Бағдарламаға түсетін үміткерлер:

1) Университеттің ішкі құжаттарында белгіленген тіркеу жарнасын алдын ала төлеп, Университеттің ресми сайтындағы жеке кабинетте орналастырылған өтінім  нысанын толтырулары;

2) Қажетті құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерін өтінімді берудің ең соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетке орналастырулары тиіс.

Құжаттар тізімі бойынша чек-парақ

Магистратура бағдарламаларына оқуға қабылдауға арналған  құжаттар тізім бойынша чек-парақ:

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (егер қолданылса);
  • Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  • Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  • Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  • Медициналық анықтама 086у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі;
  • Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура бағдарламасына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде түйіндемеде, ұсыным хаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда).

Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.

Қоғамдық Денсаулық Сақтау Саласындағы Магистратура Бағдарламасы

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының жаңа, қызықты және көпбейінді саласына қатысу үшін биомедицина ғылымы, химия, бизнес, экономика, математика, инженерия, антропология, коммуникация, әлеуметтану және басқа да салаларда бакалавр дәрежесі бар түлектер, сондай-ақ дәрігер, медбике, заңгер және мұғалім сияқты мамандар Назарбаев Университеті Медицина мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы екі жылдық магистратура бағдарламасына өтініш бере алады. Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады

Оқуға қабылдану үшін критерийлер

ҚДМ  бағдарламасына оқуға қабылдану үшін өтініш берушілер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:
1) Қабылдау комиссиясы айқындайтын тиісті пән бойынша бакалавр дәрежесі (немесе баламасы);
2) 4 балдық шкала бойынша ең төменгі жалпы орташа балл 2.75 (немесе 5 балдық шкала бойынша баламасы);
3) Ағылшын тілі саласындағы Білімді бағалаудың халықаралық жүйесі бойынша (IELTS) жалпы ең төменгі балл 6.5 (әр бөлім бойынша 6.0- ден төмен емес) немесе ETS веб-сайтында көрсетілген TOEFL балама балы немесе Қабылдау комиссиясының қарауы бойынша босату сұрау және алу

ҚДМ-де орын санының шектеулі болуына байланысты қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Таңдау факторларды кешенді қарау жолымен жүзеге асырылатын болады.
Назарбаев Университеті Медицина мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы екі жылдық магистратура (ҚДМ ) ең жоғары стандарттарға негізделген. Медицина мектептерінен тыс оқытылатын ҚДМ бағдарламасының басқалардан ерекшелігі қосымша біліктілігі жоғары оқытушы-профессор құрамын, сондай-ақ оқу және зерттеу ресурстарын ұсынады. ҚДМ бағдарламасы бойынша оқуды табысты аяқтағаннан кейін сіз  қоғамдық денсаулық сақтау саласында табысты кәсіби мансап үшін қажетті дағдылар мен білімге ие боласыз.

Қажетті құжаттар

  1. бағдарламаға арналған өтініштің толтырылған нысаны; өтініш нысанын http://admissions.nu.edu.kz  порталында тіркеуден кейін жүктеп алуға болады;
  2. транскриптімен диплом/сертификат дәрежесінің ресми көшірмесі (нотариалды расталған ағылшын тіліне аудармасымен);
  3. бағдарлама басталған кезде заңды IELTS немесе TOEFL нәтижелері/сертификаттары (қолдануға жараса);
  4. бағдарлама басталған кезде заңды GRE/GMAT нәтижелері/сертификаттары (міндетті емес);
  5. паспортының/жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі (нотариалды расталған ағылшын тіліне аудармасымен);
  6. екі ұсыным хат;
  7. құжаттар топтамасына қосылған оқу мақсаты туралы өтініш;
  8. 086у медициналық анықтама;
  9. сотталғаны немесе сотталмағаны туралы құжаттың түпнұсқасы.

Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасы

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасы ең жоғары стандарттарға негізделген. Бағдарлама біліктілігі жоғары оқытушы-профессор құрамын, сондай-ақ оқу және зерттеу ресурстарын ұсынады. Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты осы жерден табуға болады

Оқуға қабылдану үшін критерийлер

Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасына оқуға түсу үшін үміткерлер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:

1) Қабылдау комиссиясы айқындайтын тиісті пән бойынша бакалавр дәрежесі (немесе баламасы);
2) 4 балдық шкала бойынша ең төменгі жалпы орташа балл 2.75 (немесе 5 балдық шкала бойынша баламасы);
3) Ағылшын тілі саласындағы Білімді бағалаудың халықаралық жүйесі бойынша (IELTS) жалпы ең төменгі балл 6.5 (әр бөлім бойынша 6.0- ден төмен емес) немесе ETS веб-сайтында көрсетілген TOEFL балама балы немесе Қабылдау комиссиясының қарауы бойынша босату сұрау және алу

Қажетті құжаттар

  1. бағдарламаға арналған өтініштің толтырылған нысаны; өтініш нысанынhttp://admissions.nu.edu.kz  порталында тіркеуден кейін жүктеп алуға болады;
  2. транскриптімен диплом/сертификат дәрежесінің ресми көшірмесі (нотариалды расталған ағылшын тіліне аудармасымен);
  3. бағдарлама басталған кезде заңды IELTS немесе TOEF нәтижелері/сертификаттары (қолдануға жараса);
  4. бағдарлама басталған кезде заңды GRE/GMAT нәтижелері/сертификаттары (міндетті емес);
  5. паспортының/жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі (нотариалды расталған ағылшын тіліне аудармасымен);
  6. екі ұсыным хат;
  7. құжаттар топтамасына қосылған оқу мақсаты туралы өтініш;
  8. 086у медициналық анықтама;
  9. сотталғаны немесе сотталмағаны туралы құжаттың түпнұсқасы.