Биомедицина ғылымдары кафедрасы

Кафедра меңгерушісінің құттықтау сөзі

Мен үшін биомедицина ғылымдары кафедрасының меңгерушісі ретінде, Сізді қарсы алып, қызметімізбен және оқытушыларымызбен таныстыру үлкен құрмет.
Кафедра Назарбаев университетінің жаңадан құрылған Медицина мектебінде негізі қаланған үш мектептің бірі болып табылады.

MD бағдарламасы 2015 жылдың тамыз айында Медицина мектебінің бірінші деканы ретінде профессор Массимо Пиньятеллидің жетекшілігімен іске қосылды.
Кафедрада биомедицина ғылымдарының негізгі салаларында, оның ішінде генетика, иммунология, жасушалық патология, обыр, анатомия, медициналық микробиология, нейроғылым, бағаналық жасушалар мен регенерацияны қоса алғанда, сонымен қатар анестезиология және қарқынды терапия мен реанимация, акушерлік және гинекология, неврология және жалпы тәжірибені қоса алғанда медицинаның бірқатар салаларында шетелдік және қазақстандық мамандар жұмыс істейді.
Кафедраның міндеттері дипломнан кейінгі білімді жалғастырушы дәрігер-студенттер үшін сапалы ғылыми және зерттеу дайындығын қамтамасыз ету мен елге қатысы бар және профессор-оқытушылар құрамының тәжірибесіне негізделген, халықаралық танылған зерттеулерді әзірлеу болып табылады. Қазіргі уақытта кафедра молекулалық медицина саласындағы болашақ магистранттар үшін жаңа бағдарлама әзірлеуде.

Dieter Riethmacher, PhD
Профессор-невролог & биомедицина ғылымдары кафедрасының меңгерушісі

Медицина кафедрасы

Кафедра меңгерушісінің құттықтау сөзі

Мен үшін медицина кафедрасының меңгерушісі ретінде, Сізді қарсы алып, қызметімізбен және оқытушыларымызбен таныстыру үлкен құрмет.

Назарбаев университетінің Медицина мектебінде медицина кафедрасы екінші болып негізі қаланды. MD бағдарламасы 2015 жылдың тамыз айында профессор Массимо Пиньятеллидің жетекшілігімен Медицина мектебінің бірінші деканы ретінде, ал MPH бағдарламасы 2016 жылдың тамыз айында іске қосылды. Медицина кафедрасы барлық негізгі медицина салалары бойынша оқытушылар құрамымен мектептегі ең ірі бөлімше болады. Қазіргі уақытта мұнда гастроэнтерология/гепатология, жалпы тәжірибелі, гематология, инфекциялық аурулар, нефрология, акушерлік және гинекология, онкология, қоғамдық денсаулық сақтау, радиология, хирургия, урология бойынша шетелдік және қазақстандық мамандар жұмыс істейді.

Кафедраның міндеттері дипломнан кейінгі білімді жалғастырушы дәрігер-студенттер үшін сапалы оқытушылық және зерттеу дайындығын қамтамасыз ету, University Medical Center-де жоғары медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесу және ел мен аймаққа қатысы бар, халықаралық танылған зерттеулерді әзірлеу болып табылады.

Sandro Vento, MD
Профессор & медицина кафедрасының меңгерушісі