Отбасы Медицинасы бойынша резидентура бағдарламасы

Бағдарламаның сипаттамасы 

Отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасы –  ДКМАК (Дипломнан кейінгі медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесі) негізгі кәсіби біліктілікке сай отбасы дәрігерлерін дайындайтын үш жылдық күндізгі бағдарлама.

Отбасы дәрігерлерінің науқастардың әртүрлі контингентіне үздіксіз жан-жақты медициналық қызмет көрсетуі мамандық негізі болып табылады. Қолжетімділік, жауапкершілік, тиімділік, атқарушылық тәртіптің маңызды нышаны болып табылады. Медициналық қызмет көрсетуді үйлестіру, кәсіптік алғашқы медициналық көмек көрсетудегі және үнемі дамып отыратын денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекшілік отбасы дәрігерлерінің қосымша маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.

Әрі қарай оқу ...

Алматы декларациясының 40-жылдығына орай, Астанада 2018 жылдың қазан айында өткізілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясының соңында үкімет өкілдері былай деген: «Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (АМСК)  нығайту адамдардың физикалық және психикалық денсаулығының деңгейін арттырудың жан-жақты қамтылған, тиімді және нәтижелі тәсілі және АМСК тұрақты даму саласында мақсатқа сай денсаулық сақтау және денсаулыққа байланысты  қызмет көрсетумен жан-жақты қамтылуға (ДҚЖҚ) қол жеткізу үшін қажетті денсаулық сақтау жүйесінің негізі болатынына сенімдіміз».

Бағдарламаның мақсаттары

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасының мақсаттары:

  1. Резиденттерді Қазақстан халқына, әсіресе әлеуметтік жағдайы ауыр тұрғындарына қамқорлық көрсететін, білікті отбасы дәрігерлері болуға даярлау;
  2. Емдеуші дәрігердің пациентті емдеу барысында отбасының маңыздылығы туралы білуіне көмектесу үшін мінез-құлық және отбасы медицинасын оқыту;
  3. Дәлелді медицинаға және өзекті халықаралық стандарттарға сәйкес амбулаториялық емес саласында дәрігерлерді тиімді және тиісінше кәсіптік даярлау;
  4. Резиденттерді профилактикалық көмек көрсетуді іске асыру үшін қажетті негізгі дағдылармен қамтамасыз ету және Қазақстанда пациенттерге денсаулық туралы ақпара беру және насихаттау ісін қолдауда халықтың денсаулығы және әл-ауқаты мәселелері бойынша тұрғындар арасында ағарту ісін жүргізу.
  5. Психикалық денсаулық, әйел денсаулығы, паллиативтік медицина, жұқпалы аурулар және өкілеттік аясы кең, әлеуметтік бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дамыту.

Бағдарламаны оқыту нәтижелері

Отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасын аяқтанғанда резиденттер ғалым дәрежесін алу үшін мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс, атап айтқанда:

Атауы Сипаттамасы
Пациенттерге күтім жасау Шұғыл және төтенше жағдайларда және кез келген мән-жайларжа ауыр халдегі немесе дене жарақатына алған науқастарға күтім жасау;

Созылмалы аурулары пациенттерге күтім жасау;

Аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту арқылы денсаулық жағдайын жақсарту үшін пациентпен, отбасымен және қоғамдастықпен ынтымақтасу;

Тексеру және пациентке бағытталған және экономикалық тиімді емдеу жүргізілуіне қарамастан, ұзақ уақыт бойы сақталатын денсаулық ақауларына немесе ауру белгілеріне қатысты ағымдағы мәселелерді шешу үшін пациенттермен қарым-қатынас жасау;

Жекелеген пациенттердің, отбасылар мен қоғамдастықтардың медициналық қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы емшараларды орындау, сондай-ақ өз пациенттеріне медициналық көмек көрсету үшін басқа мамандар жасайтын емшаралар туралы хабардар болу.

Медициналық білім Отбасы медицинасы сабақтары бойынша қажетті көлемдегі медициналық білімін көрсету;

Медициналық қызмет көрсетуде сыни ойлау дағдыларын қолдану;

Жүйелі практика Шығыны аз медициналық көмек көрсету;

Пациенттердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу;

Адам мен қоғам денсаулығын насихаттау;

Консилиумдық көмекті үйлестіру.

 

Практикалық оқыту және жетілдіру Пациенттердің медициналық проблемаларына қатысты ғылыми зерттеу деректерін анықтау, бағалау және біріктіру;

Өзіндік оқуды көрсету;

Дәрігерлер медициналық көмек көрсететін жүйелерді жақсарту.

 

Кәсіпқойлық Кәсіпке бейімдеу процесінің аяқталуы;

Кәсіптік этикасы мен жауапкершілігін көрсету;

Гуманизм мен мәдениетін көрсету;

Эмоциялық, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау; және үнемі жеке және кәсіптік тұрғыда өсуге ұмтылу.

 

Коммуникация Пациенттермен және отбасылармен терапиялық қатынастарды дамыту;

Пациенттермен, отбасылармен және қоғамдастықпен тиімді қарым-қатынасты қолдау;

Медициналық қызметтер көрсету бойынша дәрігерлермен, басқа да денсаулық сақтау мамандарымен және топтарымен қарым-қатынастары мен тиімді байланыстарды дамыту;

Коммуникацияны оңталандыру үшін технологияларды пайдалану.

 

Клиникалар

Барлық клиникалық іс-шаралар келесі медициналық мекемелерде өтеді:

  • University Health Center, Назарбаев Университеті (UHC);
  • Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы;
  • Ұлттық балалар оңалту орталығы;
  • Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы;
  • #2 қалалық аурухана, Нұр-Сұлтан;
  • #9 қалалық емхана;

Бағдарламаның құрылымы

ДКД  - 1 жыл 

Интернатураның  бірінші жылы (бірінші курс резиденттері) «UMC» емдейтін дәрігерлерінің және/немесе НУММ  оқытушы-профессор құрамының басшылығымен бірнеше стационарлық бөлімшелерде асқынған және созылмалы аурулармен ауыратын науқастармен клиникалық тәжірибеге алуға ерекше көңіл бөледі.

Резиденттер 4 апталық ротацияларды мынадай  стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде өтетін болады:

ДКД  - 2 жыл

Оқытудың екінші жылы қосымша клиникалық дағдыларды дамытуға, дербестікке  және көшбасшылық пен басқарудағы тәжірибені жинақтауға арналған.
Қадағалау функциялары жалпы және мамандандырылған педиатриялық топтарда стационарлық және амбулаториялық бөлімдерде жүргізіледі. Резиденттер, сондай-ақ «UMC» корпоративтік қорының құрамына кірмейтін Астана қаласының ауруханаларында орналасқан Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығында жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.

Жылдың қалған бөлігі мамандандырылған ротацияларға, оның ішінде амбулаториялық клиникаларға және отбасылық медицина практикасының негізі ретінде озық клиникалық тәжірибеге арналған.

Бұдан басқа, резиденттерге тәлімгерлік ету және НУММ-нің жеке сапасы мен зерттеу жобаларын дамыту арқылы өзінің әлеуетті ғылыми мүдделерін дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беріледі.

ДКД  - 3 жыл

Үшінші жыл стационарлық жалпы және мамандандырылған медициналық және хирургиялық топтарда, сондай-ақ алғашқы медициналық қызмет көрсету орталықтары мен жедел жәрдем бөлімшелерінде басшылық жұмысты дамытуға арналады. Осыған орай жылдың бір бөлігі факультативтік ротацияны қамтитын болады  (әр резидентке өз клиникалық дайындығын қалыптастыруға және белгілі бір мамандық үшін қажетті қызығушылыққа және тәжірибеге назар аударуға мүмкіндік береді) немесе алғашқы медициналық көмек көрсететін емдеу мекемелерінде қолдануға болатын озық тәжірибеге бағытталатын болады.

Алғашқы жағдайда резиденттерге  факультативтік сабақтарға және белгілі бір мамандықтар бойынша өз құзыретін зерделеу, болашақ мамандыққа дайындалу және ең соңында аспирантураның белгілі бір бағдарламаларына оқуға түсу мақсатында зерттеулер  жүргізуге уақыт беріледі. Соңғы жағдайда жергілікті медициналық қызмет көрсету саласындағы   мүмкіндіктер қолжетімді болуы және ұсынылуы мүмкін, мысалы, ауылдарда немесе қалалық типтегі елді мекендерде ротациялау арқылы.

Кесте – Блокта көрсетілген отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасының оқу жоспары.

ДКД - 1 ДКД - 2 ДКД - 3
Курс Апта Курс Апта Курс Апта
Отбасылық  медицина 4 Тар шеңбердегі медициналық мамандықтар/ Кардиология, Тыныс алу,  Неврология, Эндокринология, Дерматология

(12 апта)

4 Отбасылық  медицина 4
Отбасылық  медицина 4 4 4
Отбасылық  медицина 4 4 4
Стационарлық медициналық жәрдем 4 Акушерлік және  гинекология 4 Қоғамдық медицина/ ауылдық практика, дәрігердің үйге келуі, өндірістік медицина (12 апта) 4
Амбулаториялық педиатрия 4 Амбулаториялық педиатрия 4 4
Амбулаториялық педиатрия 4 Психиатрия 4 4
Жалпы хирургия 4 Қоғамдық медицина 4 Элективті/ түрлі мамандықтар таңдауына байланысты

(12 апта)

4
Акушерлік және гинекология 4 Тар шеңбердегі хирургиялық мамандықтар/ Ортопедия, Отоларингология, Урология, Офтальмология,

(12 апта)

4 4
Реанимация бөлімі 4 4 4
Каникулдар 4 4 Ана мен бала/ Балаларды оңалту орталығы, Акушерлік және гинекология, амбулаториялық педиатрия

(12 апта)

4
Жедел медициналық жәрдем 4 Отбасылық  медицина 4 4
Қоғамдық  медицина 4 Каникулдар 4 4
Стационарлық медициналық жәрдем 4 Отбасылық  медицина 4 Каникулдар 4
ДКД-2 және ДКД-3 ротациялары  «жоғары деңгейге» біріктіріледі (сұр түспен белгіленген).

Бес жоғарғы деңгей, 12-апталық озық ротациялар бар; олардың әрқайсысы жарты күндік / апталарға бөлінеді, яғни осы ротациялар үшін бөлінген уақыт Отбасылық медицина курсы мен басқа мамандықтар арасында тең бөлінеді.
Отбасылық медицина бойынша дидактикалық оқыту жыл бойы жүргізіледі.