Медбикелік іс бакалавры
2020-2021 бағдарламасы бойынша оқыту конкурсына қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер:
Онлайн тіркелу: 13 қаңтар – 30 cәуір, 2020 жыл
Тіркеу жарнасы: тегін
Медбикелік іс саласындағы тест: 29 мамыр, 2020
Сұхбаттасу: 4-5 маусым, 2020
Кімдер өтініш бере алады?
Соңғы 5 жылдағы мейірбикелік іс бойынша кемінде 2 жыл кәсіби және / немесе ерікті тәжірибесі және сертификаты бар медбикелер.
Медбикелік іс бакалавры бағдарламасына түсу үшін үміткерге:
- жеке кабинетте орналастырылған өтінім нысанын толтыру қажет;
- тіркеу сәтінде күші бар, қажетті құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерін жеке кабинетке салу керек;
- барлық құжаттарды табысты ұсынғаннан және Қабылдау комиссиясы қарағаннан кейін үміткерге медбикелік іс саласындағы Қабылдау тестісінің екі бөлігінен өту ұсынылады;
- NAT-ты табысты өткеннен кейін үміткер Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасуға шақырылады.
ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
- Медбикелік іс бакалавры бағдарламасына өтінімнің толтырылған нысаны
- Медбикелік іс саласындағы дипломның/эквивалент транскрипті бар нотариалдық куәландырылған көшірмесі
- Дипломнан кейінгі оқытудың/эквивалент нотариалдық куәландырылған көшірмесі
- Еңбек кітапшасының немесе өзге эквивалент құжатының нотариалдық куәландырылған көшірмесі
- Медбикелік іс саласындағы жарамды маман сертификаты
- Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі
- Ағылшын тілінде екі (2) ұсыным хат
- Ағылшын тілінде эссе (400-800 сөз)
- Жеке деректерді өңдеуге ақпараттық келісімнің қол қойылған нысаны
- Белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (086-У нысаны) және егу картасының көшірмесі (063-У нысаны)