Терапия бойынша резидентура бағдарламасы

Терапия бойынша резидентура бағдарламасы

Қысқаша сипаттама

НУММ терапия бойынша резидентурасының бағдарламасы – бұл «Терапевт» мамандығы бойынша докторларды оқыту үшін әзірленген үшжылдық бағдарлама. Оны аяқтағаннан кейін дәрігерлер ауруханаларда немесе терапиялық медицина мекемелерінде бірнеше бейінді дәрігер ретінде жұмыс істей алады.

Осы бағдарлама ДКМБАК (Дипломнан кейінгі медициналық білім бойынша аккредитациялық кеңес) негізгі құзыреттеріне сәйкес білікті терапевтерді даярлауға бағытталған.

Бағдарламаны оқыту нәтижелері 

Терапия бойынша резидентура бағдарламасын аяқтағаннан кейін резиденттер оқу дәрежесін алу үшін АСПМО бақылау нүктелерінің көбісі бойынша нысаналы көрсеткіштерге жетуге тиіс, атап айтқанда:

Әрі қарай оқу ...

1) Медициналық қызмет көрсету және рәсімдік дағдылар

  • пациенттерді емдеу қабілеті (тікелей өнім беруші, әртүрлі мамандық мүшесі немесе көшбасшы, басқар дәрігерлердің консультанттары, сондай-ақ пациенттердің оқытушылары мен басқа да дәрігерлер рөлін қоса алғанда, жауапкершілігі артып отырған денсаулық сақтау жүйесі шеңберіндегі әртүрлі функцияларды орындай отырып) МО1
  • алдын алу, консультация беру, гендерлік ауруларды анықтау, сондай-ақ диагностикалау және емдеу МО2
  • қарқынды терапия,төтенше жағдайлар және амбулаториялық емдеу бөлімшелерін қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі мекемелерінде МО3
  • стационарлық, сол сияқты амбулаториялық емдеу кезінде терапиялық медицинаның аясы тар мамандануын және терапиялық емес мамандануын қоса алғанда, жалпы терапиялық медицина практикасында оқытылатын жалпы клиникалық бұзылыстар бойынша МО4
  • пациенттерге сауалнама және физикалық тексеру жүргізудің клиникалық дағдыларын пайдалану МО5
  • зертханалық және диагностикалық әдістерді тиісінше пайдалану ПН1
  • рәсімдерді орындау дағдыларын меңгеруін көрсету (абдоминалдық пункция, тіршілік әрекетін қолдаудың кеңейтілген хаттамасы, қанды артериялық құю, буындар пункциясы, орталық венозды катетерді енгізу, венозды қан құю, электрокардиограмма, абсцесті тілу, белден тесу, назогастральдық интубация, перифериялық венозды катетер енгізу, плевралдық пункция) ПН2
  • пациенттерді қауіпсіз, ғылыми негізделген, тиімді, пәрменді, уақтылы және экономикалық тиімді әдістермен емдеу ПН3

2. Медициналық білім

  • жалпы терапиялық медицина практикасында оқытылатын клиникалық бұзылыстар туралы білімді көрсету МЗ1
  • аясы тар мамандануды, терапиялық емес мамандануды, тиісті деңгейдегі клиникалық емес тақырыптарды қоса алғанда, жалпы терапиялық медицинаның негізгі мазмұнын білу МЗ2
  • диагностика жасалмаған және сараланбаған ауру белгілері бар пациенттерді тексере білуін  көрсету МЗ3
  • денсаулық жағдайын терапевтердің қолдауы МЗ4
  • негізгі профилактикалық медициналық-санитариялық қызметтер көрсету МЗ5
  • негізгі клиникалық сынақтар мен түсірілімдерді талдау МЗ6
  • шұғыл медициналық проблемаларды талдау және бастапқы емдеу МЗ7
  • жалпы дәрілік емдеуді қолдану МЗ8
  • диагностикалық және терапиялық рәсімдерді тиісінше қолдану және орындау МЗ9

3. Практикалық оқу және жетілдіру

  • әлсіз және мықты жақтарды, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі шекараларын анықтау ПОС1
  • оқу мақсаттарын қою және қызметті жақсарту ПОС 2
  • тиесілі оқу нысандарын анықтау және орындау ПОС 3
  • сапаны жақсарту әдістерін пайдалана отырып, практиканы жүйелі түрде талдау, сондай-ақ сапаны жақсарту мақсатында өзгерістерді енгізу ПОС 4
  • кері байланысты ағымдағы бағалаудан күнделікті практикаға енгізу ПОС 5
  • пациенттердің медициналық проблемаларына қатысты ғылыми зерттеу деректерін анықтау, бағалау және біріктіру ПОС 6
  • оқуды оңтайландыру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану ПОС 7
  • пациенттерді, отбасыларын, студенттерді, резиденттер мен денсаулық сақтау саласының басқа да мамандарын оқытуға қатысу ПОС 8

4. Тұлғааралық және коммуникациялық дағдылар

  • пациенттермен, отбасыларымен және қоғамдастықпен, қажет болғанда әлеуметтік-экономикалық және мәдени бағытталу мәселелер аясы бойынша өзара тиімді әрекет ету МКН 1
  • дәрігерлермен, денсаулық сақтау саласындағы басқа да мамандармен, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелерімен өзара тиімді әрекет ету МКН 2
  • денсаулық сақтау командасы немесе басқа да кәсіптік топ мүшелері немесе көшбасшыларының функцияларын тиімді орындау МКН 3
  • денсаулық сақтау саласының басқа да дәрігерлері мен мамандарына консультация беру МКН 4
  • қажет болғанда медициналық құжаттарды уақтылы және дұрыс жүргізу МНК 5

5. Кәсіпқойлық

  • басқаларға жанашырлық, құрмет білдіру және адал болу П1
  • өз мүдделерінен басым болатын пациенттердің мұқтаждықтарына ден қою П2
  • пациенттердің жеке өмірі мен тәуелсіздігіне құрмет көрсету П3
  • пациенттерге, қоғамға есеп беру, кәсібін түсіну П4
  • нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, мүмкіндіктеріне, сондай-ақ сексуалдық бағытына байланысты шектеулерді қоса алғанда, пациенттердің әртүрлі контингентімен қарым-қатынас жасауға дайын болу П5

6. Жүйелі практика

  • олардың клиникалық салаларымен байланысты жүйелер мен әртүрлі медициналық қызмет көрсету мекемелерінде тиімді жұмыс жүргізу СП 1
  • олардың клиникалық салаларымен байланысты денсаулық сақтау жүйесі аясында пациенттерге күтім жасауды үйлестіру СП 2
  • қажет болғанда пациентке / халыққа күтім жасау аясында қаражатты жұмсау мәселелерін және тәуекелдерді талдауды есепке алуды қамтамасыз ету СП 3
  • сапалы және оңтайлы медициналық қызмет көрсету жүйелерін насихаттау СП 4
  • пациенттердің қауіпсіздігін арттыру және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін кәсіпаралық топтарда жұмыс істеу СП 5
  • жүйелік қателерді анықтауға және әлеуетті жүйелік шешімдерді іске асыруға қатысу СП 6
  • мекемелер арасында ауыспалы кезеңде қызмет көрсетуді қоса алғанда, пациенттерге қауіпсіз және тиісінше күтім жасауды қамтамасыз ету мақсатында қажетті клиникалық ақпаратты тиімді беру және команда жұмыс істеу СП 7
  • медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапалы жүйелерін тиімді анықтау және жұмыс істету СП 8

Бағдарламаның құрылымы және академиялық мазмұны

Барлық клиникалық қызмет келесі ауруханаларда/орталықтарда жүзеге асырылады:

  • № 1 қалалық аурухана
  • № 2 қалалық аурухана
  • Президент істерінің басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы
  • Республикалық диагностикалық орталық (РДО)
  • № 4 емхана
  • Ұлттық ғылыми медициналық орталық
  • Ұлттық кардиохирургиялық орталық
  • Астана қаласының қалалық онкологиялық орталығы
  • Туберкулезге қарсы диспансері
  • Қалалық жұқпалы ауруханасы
ПДГ-1 жыл Аурухана Апта саны
1. Жалпы терапиялық медицина Президент істер басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы 8 апта
2. Жұқпалы аурулар Стационар Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 4 апта
3. Пульмонология №2 қалалық аурухана 8 апта
4. ОИТ-()-4 апта №2 қалалық аурухана 4 апта
5. Дерматология –Амбулаториялық бөлімше РДО 4 апта
6. Рентгенология  №2 қалалық аурухана 4 апта
7. Шұғыл медициналық көмек бөлімшесі №1 және №2 қалалық ауруханалар 8 апта

 

ПДГ-2 жыл Аурухана Апта саны
1.Кардиология-Стационар Кардиохирургиялық орталық 8 апта
2. Туберкулез-Стационарлық + Амбулаториялық бөлімше

 

Туберкулезге қарсы диспансер 4 апта
3. Неврология-Стационар №1 қалалық аурухана және Ұлттық ғылыми медициналық орталық 8 апта
4. Онкология- Стационарлық + Амбулаториялық бөлімше Астана қаласындағы Қалалық онкологиялық орталық 8 апта
5. Неврология  және Инсульт бөлімшесі №1 қалалық аурухана 8 апта
6. Терапиялық медицина – Амбулаториялық  бөлімше №4 емхана 4 апта

 

ПДГ-3 жыл Аурухана Апта саны
1.      Қарқынды терапияның кардиологиялық блогы

 

Кардиохирургиялық орталық 4 апта
2.      Эндокринология –Амбулаториялық бөлімше Республикалық Диагностикалық орталық 4 апта
3.      Ревматология – Амбулаториялық бөлімше Республикалық Диагностикалық орталық 4 апта
4.      Гастроэнтерология және Гепатология- Амбулаториялық бөлімше №4 емхана 4 апта
5.      Жалпы терапиялық медицина-Стационар

 

Президент істері басқарамасы Медициналық орталығының ауруханасы 4 апта
 

6.      10 аптаға екі элективтік курс   (Зерттеу, аллергия және иммунология, нефрология/ГД, пульмонология, кардиология, неврология, гематоонкология, жұқпалы аурулар және туберкулез).

- №1 қалалық аурухана

- №2 қалалық аурухана

-  Президент істері басқарамасы Медициналық орталығының ауруханасы

- Республикалық диагностикалық орталық (РДО)

- №4 емхана

- Ұлттық медициналық орталық   Кардиохирургиялық орталық

- Астана қаласының Онкологиялық орталығы

- Туберкулезге қарсы диспансер

- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы