University Medical Center

"University Medical Center" (UMC) корпоративтік қоры "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің 2015 жылғы 20 қыркүйектегі шешіміне сәйкес "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ еншілес кәсіпорындары базасында білім беру, ғылым және клиникалық практика интеграциясы арқылы қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту; түрлі аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеуде инновациялық тәсілдерді енгізу, сонымен қатар Астанада және одан тысқары халықаралық деңгейде медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету негізгі мақсатында құрылды.

UMS құрамына төрт аурухана, оның ішінде Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық зерттеу орталығы, Республикалық диагностикалық орталық және Республикалық балаларды оңалту орталығы, Ұлттық онкология және трансплантация ғылыми орталығы кіреді. Олардың үшеуі Біріккен халықаралық комиссиямен (JCI) аккредиттелді.

Қазақстандағы жетекші ауруханалар болып табылатын, барлық төрт University Medical Center ауруханасы NUSOM студенттеріне арналған клиникалық оқу алаңдары болып табылады.

UMC ауруханалары

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы

Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық зерттеу орталығы, 500 пациент-орынға арналған клиникалық зерттеулер орталығы 2007 жылы ашылды. Бұл аурухана Біріккен халықаралық комиссия (JCI) аккредиттеген, UMC тобының бірі болып табылады.

Осы аурухана туралы қосымша ақпарат алу үшін, өтініш, мұнда басыңыз.

Республикалық диагностикалық орталық

Республикалық Диагностикалық Орталық күніне 500 келушіге шақталған, 2008 жылы ашылған. Бұл аурухана Біріккен халықаралық комиссия аккредиттеген, UMC ауруханаларының тобына кіреді.

Осы аурухана туралы қосымша ақпарат алу үшін, өтініш, мұнда басыңыз.

Республикалық балаларды оңалту орталығы

Республикалық балаларды оңалту орталығы, 306 пациент-орны бар клиникалық ғылыми-зерттеу мекемесі 2007 жылы ашылған. Бұл аурухана Біріккен халықаралық комиссия аккредиттеген, UMC ауруханаларының тобына кіреді.

Осы аурухана туралы қосымша ақпарат алу үшін, өтініш, мұнда басыңыз.