Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура

Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура бағдарламасына қабылдау жоғары бәсекеге қабілетті болып табылады және бакалавриат оқу бағдарламаларын, магистрлік диссертацияларды немесе медицина докторы бағдарламасы бойынша бағалауды, ағылшын тілін меңгеруді, уәждеме мен ұсынымдарды оқып-үйрену нәтижесінде жеке тәртіппен жүзеге асырылады.

Қабылдау талаптары

  • Ғылым магистрі (2 жылдық бағдарлама)
  • Ғылыми тәжірибесі бар MD
  • Биостатистика және эпидемиология пәндерін оқу
  • Жобалық ұсынысы (ықтимал ғылыми жетекшілердің зерттеу бағыттарын қараңыз және қажет болған жағдайда олармен байланысыңыз)

Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 

  • Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);
  • ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 

  • Шетел азаматтары үшін 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);
  • ҚР азаматтары үшін 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

Құжаттар тізімі

  1. Сауалнаманы толтыру;
  2. Ұлттық жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  3. Атының өзгергенін растайтын құжат (егер қолданылса);
  4. Білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшаларымен;
  5. Ағылшын тілінің оқыту тілі болып табылатынын растайтын құжат (тек ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша дәреже алған және IELTS немесе TOEFL тапсырудан босатуды сұраған үміткерлер үшін);
  6. Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторлық дәреже алуға арналған жобалық ұсыныс (500 сөзден көп емес);
  7.  Түйіндеме;
  8. Өтінімді растайтын кез келген басқа құжаттама, яғни зертханалық жұмысқа байланысты маңызды дағдыларды дамытатын, кез келген кәсіби және/немесе ерікті тәжірибенің куәлігі (міндетті емес);
  9. Үміткер өткен эпидемиология және статистика бойынша курстарының тізбесі;
  10. Соңғы 12 ай ішінде ағылшын тілінде жазылған екі құпия ұсыным хат (немесе ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) (рецензенттер электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынуы тиіс);
  11. 075/у медициналық анықтамасы (қазақстандықтар үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайы көрсетілген ұқсас медициналық анықтама (шетелдік өтініш берушілер үшін);
  12. Сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы құжат;
  13. Үміткердің/студенттің /түлектің дербес деректерін өңдеуге келісімі.

 

 

2021 © School of Medicine