Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура

Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистрлік бағдарлама – түлектерді осы салада теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ететін екі жылдық дәреже. Бағдарламаның зерттеулерге бағдарлануы түлектерге денсаулық сақтау тәжірибесінде білімін жетілдіруге, сондай-ақ инновацияларға ықпал ете отырып, аналитикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Бұл бастаманың ұзақ мерзімді мақсаты – Қазақстанда спорттық медицина мен оңалтудың ғылыми негізделген тәжірибесін ілгерілету.

Жалпы ақпарат

Кампус: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, НУ Медицина мектебінің ғимараты

Тілі: Ағылшын тілінде

Оқыту түрі: Күндізгі бағдарлама, кампуста

Ұзақтығы: 2 жыл

Жалпы ECTS кредиті: 120


Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистрлік бағдарламаның негізгі бағыты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін оқу бағдарламасын әзірлеу және дәлелді практикада денсаулық сақтау мамандарын даярлау болып табылады. Сондықтан бағдарлама түлектері медициналық көмектің халықаралық стандарттарына сәйкес спорттық медицина мен оңалтудың түрлі салаларында қызмет көрсете алады.


Спорттық медицина және оңалту магистрлік бағдарламасы клиникалық немесе фундаменталды ғылымдар бойынша бакалавр дәрежесін алғандар адамдарға арналған (4,0 шкаласы бойынша ең төменгі орташа балл 2,75 немесе оған тең).


Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламасының құрылымы дене жаттығулары мен фитнеске байланысты метаболизм мен тамақтануды қоса алғанда, адам ағзасының функцияларының негіздерінен басталады. Бағдарлама жаттығулар мен жарақаттар кезінде адам ағзасының механикасы туралы білім береді. Студенттерге спорттық нәтижелерін жақсарту және жарақаттарды қалпына келтіру үшін осы білімді қолдану бойынша ақпарат беріледі.


Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:

  • Тірек-қимыл аппараты физиологиясы, метаболизм, биомеханика, жаттығу физиологиясы, жарақаттанудың алдын алу, психология және спорттық медицина мен оңалту саласындағы тамақтану туралы білімді қолдана алады;
  • Оңтайлы спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін жаттығу режимдерін әзірлеу үшін осы білімді қолдана біледі;
  • Жарақаттарды қалпына келтірудің ең жақсы әдістерін әзірлейді;
  • Спорттық медицина және оңалту мәселелерін зерттеуде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қолдана біледі;
  • Спорттық медицина мен оңалтуға қатысты кешенді ғылыми ақпаратты талдайды және береді.

Мансаптық өсу және одан әрі білім алу мүмкіндіктері

Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистрлік бағдарламаның түлектері Қазақстанда немесе шетелде PhD докторантураға түсе алады. Басқалары келесі жұмыстарды жасай алады:

  • Оңалту мамандары;
  • Физиотерапевттер;
  • Спорт командасының дәрігерлері;
  • Кәсіби спортқа арналған фитнес және күш жаттығулары;
  • Орта мектеп және университет деңгейіндегі дене шынықтыру мұғалімдері;
  • Армия мен әскери дайындық және оңалту мамандары;
  • Жеке спорттық және гимнастикалық компаниялар.

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз

Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.


4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз

“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.


5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз

Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.


Одан арғы қадамдар

Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаcына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.

Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар

  • Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6,5 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
  • - ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
  • - ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
  • - егер үміткер Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (Home edition-нан басқа) (егер қолданылса);
  • Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  • Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  • Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  • Медициналық анықтама 075у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі;
  • Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде түйіндемеде, ұсыным хаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда).
  • Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.

Маңызды күндер

2024-2025 академиялық жыл бойынша оқыту конкурсына қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Онлайн өтінімдерді беру мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін – 2024 жылғы 29 ақпан (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін);
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 2024 жылғы 18 сәуір (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін).

IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін – 15 наурыз 2024 ж.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 3 мамыр 2024 ж.

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to Zero Year of Graduate programs. Қабылдау комиссиясы үмңткерді Zero Year of Graduate program бағдарламасына ұсынуға шешім қабылдады. “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” (Zero Year of Graduate programs) – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратураға тікелей түсу үшін тілдік талаптарға сай келмейтін, магистрлік бағдарламаларға қарқынды тілдік, академиялық және ғылыми дайындықтары бар екі семестрлік күндізгі бағдарлама.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Accepted Zero Year of Graduate program admission offer. Статус Zero Year of Graduate programs бағдарламасына оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады.


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.


Enrolled to Zero Year of Graduate programs. Кандидат Zero Year of Graduate programs бағдарламасына қабылданды. Cтатус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады. Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқытушылар құрамы

  • Қауымдастырылған профессор Деканның академиялық және студенттік мәселелер жөніндегі орынбасары, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламасының Директоры, Профессор

    syed.ali@nu.edu.kz

  • Нұсқаушы, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламасының қосалқы директоры

    yeltay.rakhmanov@nu.edu.kz

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.
2024-2025 жылдарға арналған өтініш беру мерзімі аяқталады
Қүн
Сағат
Минут
Секунд