Жалпы хирургия бойынша резидентура бағдарламасы
NUSOM жалпы хирургия резидентурасы – бұл бағдарламаны науқастарға күтім көрсету және хирургиялық тәжірибе бойынша біліктілікті арттыратын іргелі және клиникалық зерттеулерге бағыттау арқылы жалпы хирургия бойынша медицина докторларын даярлауға арналған бес жылдық бағдарлама.

Жалпы хирургиядағы резидентура бағдарламасының негізгі мақсаты – іргелі және клиникалық зерттеулерде жақсы дайындықпен жалпы хирургияның барлық аспектілерін жақсы білетін поливалентті жалпы тәжірибелік хирургты дайындау. Біздің түлектер қоғамдық ауруханаларда немесе академиялық медициналық орталықтарда не университеттік оқу ауруханаларында клиникалық ПОҚ ретінде сенімді түрде тәжірибе ала алады.

Жалпы ақпарат

Кампус: Астана, Қазақстан, NUSOM ғимараты, ауруханалар

Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс

Оқыту формасы: күндізгі

Ұзақтығы: 5 жыл


Клиникалық тапсырмалар әрбір резидентке жауапкершіліктің сараланған деңгейін, науқастарға күтім көрсетудің үздіксіздігін, білім мен қызмет көрсету арасындағы тепе-теңдікті және прогрессивті клиникалық тәжірибені қамтамасыз ету үшін мұқият құрылымдалған.


Бес жылдық оқу бағдарламасы жалпы хирургияны оқытудың когнитивті, психомоторлық және нақты мақсаттары мен құзыреттерін қарастырады және резиденттерге хирургияның жалпы принциптері туралы кең түсінік алуға және тиісті техникалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.


Мансап: Резидентура түлектері дәрігер болып жұмыс істеуді жалғастырады.

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз

Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.


4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз

“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.


5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз

Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.


Одан арғы қадамдар

Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды күндер

Резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі - 2024 жылдың 12 ақпанынан 2024 жылдың 10 маусымына дейін.

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to Zero Year of Graduate programs. Қабылдау комиссиясы үмңткерді Zero Year of Graduate program бағдарламасына ұсынуға шешім қабылдады. “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” (Zero Year of Graduate programs) – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратураға тікелей түсу үшін тілдік талаптарға сай келмейтін, магистрлік бағдарламаларға қарқынды тілдік, академиялық және ғылыми дайындықтары бар екі семестрлік күндізгі бағдарлама.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Accepted Zero Year of Graduate program admission offer. Статус Zero Year of Graduate programs бағдарламасына оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады.


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.


Enrolled to Zero Year of Graduate programs. Кандидат Zero Year of Graduate programs бағдарламасына қабылданды. Cтатус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады. Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

PGY 1

Бұл ротациялар резидентке отаға дейінгі және кейінгі хирургиялық көмектің негіздерін және тіндерді өңдеу, қарапайым және күрделі жараларды тігу, ашу және негізгі жалпы хирургиялық процедураларды орындау сияқты хирургиялық техникалық дағдылардың берік негізін қамтамасыз етуге арналған. Ротация жалпы және тамырлы хирургия, кеуде бөлігінің хирургиясы, травматология және балалар хирургиясы, анестезиология, колоректальды хирургия, асқазан-ішек хирургиясы, эндокриндік/ сүт безі хирургиясы, амбулаториялық клиника, реанимация бөлімінде бір айлық тәжірибеден тұрады.


PGY 2

Бұл ротациялар резидентке ауыр науқастардың, сондай-ақ құрсақ қабырғасының жарығы, тоқ ішек қатерлі ісігі және іштің жедел қабыну аурулары сияқты жалпы хирургиялық аурулары бар науқастардың жағдайын бағалау және оларға күтім жасау үшін қажетті білім, тәжірибе және пайымдауларды ұсынуға арналған. Ротацияға хирургиялық онкология, жалпы хирургия, кеуде бөлігінің хирургиясы, травматология, колоректальды хирургия, эндокриндік/ сүт безі хирургиясы, реанимация бөлімі, эндоскопия және трансплантация хирургиясы бойынша бір айдан екі айға дейінгі тәжірибе кіреді.


PGY 3

PGY-3 курсында оқу кезінде хирургиялық техникаға және трансплантация хирургиясы, тамыр хирургиясы, кеуде бөлігінің хирургиясы, тоқ ішек және тік ішек хирургиясы, жалпы хирургия және асқазан-ішек хирургиясын қамтитын ротация арқылы дағдыларды жетілдіруге баса назар аударылады. Тапсырмалар төрт аптадан алты аптаға дейін созылады. 3-курс резидент-хирургтары жалпы хирургия бойынша жоспарлы және шұғыл хирургиялық кеңес беруге жауапты.


PGY 4

PGY-4 курсында оқу кезінде хирургиялық онкология, тоқ ішек және тік ішек хирургиясы, жоғарғы асқазан-ішек жолдары, травматология және эндокриндік хирургияны қамтитын ротация арқылы хирургиялық техникаға және дағдыларды жетілдіруге баса назар аударылады. Тапсырмалар алты аптадан он аптаға дейін созылады. 4-оқу жылының хирургиялық бөлімшесінің резиденттері хирургиялық науқастарға күтім жасауда көшбасшылық рөл атқара бастайды. Бұл резиденттер жалпы хирургия бөлімшелерінде жоспарлы және шұғыл хирургиялық кеңес беруге жауапты. Емдеуші хирургтардың басшылығымен бұл резиденттер сүт безінің биопсиясы, аппендэктомия, холецистэктомия, зерттеу лапаротомиясы және колостомияны қоса алғанда, негізгі және лапароскопиялық жалпы хирургиялық процедуралардың кең ауқымын орындайды.


PGY 5

Бұл бітіру жылының басты мақсаты – клиникалық тәжірибенің саны мен алуан түрлілігін барынша арттыру, диагностикалық және терапевтік дағдыларды шыңдау, тәуелсіз кеңесшілерді және тәуелсіз, құзыретті және өзіне сенімді жалпы тәжірибелік хирургтарды оқытып шығару. Клиникалық ротациялар арқылы бас резидент негізгі және күрделі жалпы хирургиялық проблемалары бар науқастарды қарау бойынша тәжірибе жинайды. Емдеуші хирургтың басшылығымен бас резидент хирург жалпы хирургия, хирургиялық онкология, колоректальды және жоғарғы асқазан-ішек жолдары бөлімдеріндегі науқастарына ота алдындағы, хирургиялық және отадан кейінгі үздіксіз күтім көрсетуді басқаруға жауапты.


Білім беру қызметі

Бағдарлама барысында жоспарланған конференциялар үнемі өткізіліп тұрады. Хирургиялық қызмет конференциясы апта сайын ауру мен өлімнің барлық жағдайларын қарастырады. Іргелі ғылым және клиникалық мәселелер бойынша апта сайынғы семинарлар сериясы хирургиялық көмекке қатысты негізгі мәселелер бойынша негізгі оқу бағдарламасын қарастырады. Басқа клиникалық кафедралар мен іргелі ғылымдар кафедраларының хирургиялық қызметкерлері мен ПОҚ мүшелері баяндама жасайды. Хирургиялық гранд турлар айына бір рет өткізіледі және жалпы хирургияның барлық аспектілері, мысалы, қан тамырлары, эндокриндік, травматологиялық және асқазан-ішек хирургиясы, сондай-ақ хирургиялық мамандықтар бойынша таныстырылымдарды қамтиды.


Клиникалық ротация орындары

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.
2024 - 2025 жылдарға арналған резидентура бағдарламаларына өтініш беру мерзімі ашылады
Күн
Сағат
Минут
Секунд