Педиатрия бойынша резидентура бағдарламасы
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің (NUSOM) Педиатрия бойынша резидентура – аурухана жағдайында жұмыс істеуге қабілетті педиатр немесе педиатриядағы жалпы тәжірибелік дәрігер болғысы келетін дәрігерлерді даярлайтын үш жылдық бағдарлама.  Бұл бағдарлама резиденттерге оларды әртүрлі клиникалық жағдайларда педиатриялық тәжірибеге түсуге немесе педиатриялық қосалқы мамандық бойынша білімін жалғастыруға (мысалы, педиатриядағы клиникалық аспирантура) немесе зерттеуге дайындау үшін негізгі дағдыларды береді.

1-ші 2-ші жылдарда, резиденттер амбулаториялық көпжылдық тәжірибеге қосымша ретінде педиатрияның түрлі және мамандандырылған бөлімшелерінде жоғары сапалы клиникалық дайындықтан өтеді. Оқытудың 3-ші жылында резиденттерге өз оқуы мен оқу жоспарын белгілі бір салаларға шоғырландыру мүмкіндігі ұсынылады.

Жалпы ақпарат

Кампус: Астана, Қазақстан, NUSOM ғимараты, ауруханалар

Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі

Оқыту түрі: Күндізгі

Ұзақтығы: 3 жыл


Мансап: Резидентураны бітіргендер дәрігерлік қызметті жалғастыруда.


Осы бағдарлама ДКМБАК-тың (дипломнан кейінгі медициналық білімді аккредиттеу кеңесі) негізгі алты кәсіби сапаларына және педиатрия бойынша оның маңызды жобасына сәйкес білікті педиаторларды даярлайды. Сондықтан осы бағдарлама түрлі клиникалық жағдайларда педиатрлық практикамен айналысуға немесе педиатрияның тар шеңбердегі мамандықтары (мысалы, педиатрия бойынша клиникалық аспирантура) бойынша оқуларын жалғастыруға дайын резиденттерді негізгі дағдылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, осы бағдарлама жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істеуге қабілетті дәрігерлерді оқыту үшін резиденттерге клиникалық және қолданбалы зерттеулер жүргізу мүмкіндігін ұсынады.


Бағдарламаны оқыту нәтижелері

Осы Оқу бағдарламасының нәтижелері (ОН) педиатрия бойынша ДКСБАК-ның бақылау нүктелеріне сәйкес келеді (А қосымшасын қараңыз). Осы бақылау нүктелері клиникалық жағдайларда мамандандыруға (немесе кіші мамандандыру) қажетті барлық негізгі аспектілер, дағдылар мен іскерлік бойынша резиденттің үлгерімін тігінен және көлденең бағалауға негіз болып табылады. Педиатрия бойынша резидентура бағдарламасы аяқталған соң резиденттер педиатрия бойынша ДКСБАК көптеген бақылау нүктелері бойынша ғылыми дәреже алу үшін нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізулері тиіс, атап айтқанда:


1. Пациенттерге күтім көрсету:

  • Пациент туралы маңызды және нақты ақпарат жинау;
  • пациенттерге қауіпсіз, тиімді және адекватты күтімді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік басымдылығын ұйымдастыру және белгілеу;
  • Күтімнің бірқалыпты жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • Оңтайлы клиникалық бағаларды алуға бағытталған диагностикалық және терапевтік негізделген шешімдерді қабылдау;
  • Басқаруға байланысты медициналық жоспарларды әзірлеу және іске асыру.

2. Медициналық білім:

  • Пациенттерге күтім көрсету үшін ағымдағы медициналық ақпарат пен ғылыми деректерді сыни тұрғыда бағалау және қолдану;

3. Кәсіпқойлық:

  • адамгершілігі мол дәрігерге тән ерекшеліктерге негізделген гуманизмнің, рақымдылықтың, адалдықтың және басқаларға деген құрметтің үлгісін көрсету (гуманизм);
  • Пациенттер, қоғам және мамандық алдындағы борышы мен жауапкершілігін көрсету (Кәсіпқойлық);
  • Этикалық мінез-құлықтың жоғары стандарттарына қол жеткізу, бұл тиісті кәсіптік шекараларды сақтауға мүмкіндік береді (Кәсіптік мінез-құлық);
  • Тиісті түрде медициналық көмекке жүгіну үшін өз білімін, дағдылары мен эмоциялық шектеулерін өз бетінше талдауды жүзеге асыру қабілетін дамыту;
  • Сенімділікті көрсету, адамның пациенттерге күтімді жауапкершілікпен жасауы, бұл әріптестерге өздерін қорғалған адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді;
  • Тұрақсыздықты клиникалық медицинаның бөлігі ретінде тану және тұрақсыздықпен күресте тиісті ресурстарды пайдалану.

4. Практикалық оқыту және жетілдіру:

  • Білім мен тәжірибедегі күшті жақтарды, кемшіліктер мен шектеулерді анықтау;
  • Жеке және кәсіптік дамудың бағыттары үшін тиісті оқу іс-шараларын белгілеу және өткізу ;
  • Практиканы жақсарту мақсатында сапаны жақсарту әдістерін пайдалана отырып, практиканы жүйелі түрде талдау;
  • Күнделікті практикаға формативтік бағалауды/кері байланысты енгізу.

5. Жүйелі практика:

  • Клиникалық мамандыққа жататын денсаулық сақтау жүйесінде пациенттерге күтім көрсетуді үйлестіру;
  • Пациенттерге сапалы күтім көрсетуді және күтім көрсетудің оңтайлы жүйелерін насихаттау;
  • Пациенттердің қауіпсіздігін арттыру және пациенттерді емдеу сапасын жақсарту үшін кәсібиаралық және көп бейінді командаларда жұмыс істеу.

6. Тұлғааралық және коммуникациялық дағдылар:

  • пациенттермен және отбасыларымен өзара тиімді әрекеттесу;
  • Эмоцияларды және эмоцияларға адамның реакциясын сезіну және түсіну мүмкіндігін көрсету, бұл өзара қарым-қатынастарды дұрыс дамытуға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.

Клиникалық ротация орындары

  • UMC, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы
  • UMC, Ұлттық балаларды оңалту орталығы
  • UMC, Республикалық диагностикалық орталығы
  • №2 Қалалық балалар ауруханасы
  • №2 Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы
  • Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз

Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.


4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз

“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.


5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз

Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.


Одан арғы қадамдар

Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды күндер

Резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі - 2024 жылдың 12 ақпанынан 2024 жылдың 10 маусымына дейін.

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to Zero Year of Graduate programs. Қабылдау комиссиясы үмңткерді Zero Year of Graduate program бағдарламасына ұсынуға шешім қабылдады. “Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” (Zero Year of Graduate programs) – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратураға тікелей түсу үшін тілдік талаптарға сай келмейтін, магистрлік бағдарламаларға қарқынды тілдік, академиялық және ғылыми дайындықтары бар екі семестрлік күндізгі бағдарлама.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Accepted Zero Year of Graduate program admission offer. Статус Zero Year of Graduate programs бағдарламасына оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады.


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.


Enrolled to Zero Year of Graduate programs. Кандидат Zero Year of Graduate programs бағдарламасына қабылданды. Cтатус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады. Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

PGY1

Интернатураның бірінші жылында (бірінші курс резиденттері) «UMC» емдеуші дәрігерлері және/немесе НУММ оқытушы-профессорлар құрамының басшылығымен бірнеше стационарлық бөлімшелерде асқынған және созылмалы аурулары бар пациенттермен клиникалық тәжірибе алуға ерекше назар аударылады.

Резиденттер стационарлық бөлімшелерде 8 апталық ротациялардан өтетін болады (жалпы, сондай-ақ мамандандырылған педиатриялық бригадаларда):

  • Жалпы педиатрия (Соматикалық бөлім, АБҰҒО)
  • Балалар ревматологиясы (АБҰҒО)
  • Жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімі (ЖНРҚТБ, АБҰҒО)
  • Балаларға арналған қарқынды терапия бөлімі (БҚТБ, АБҰҒО)
  • Балалар гематологиясы (АБҰҒО)
  • Балалар неврологиясы, әрекет қабілеттілігін шектеу және оңалту (РБОО)

PL-2 Year

Оқытудың екінші жылы қосымша клиникалық дағдыларды меңгеруге, дербестікті дамытуға және басшылық пен басқарудағы қосымша тәжірибені жинақтауға арналатын болады. Клиникалық тәжірибені стационарлық бөлімдерде, жалпы, сондай-ақ мамандандырылған педиатриялық бригадаларда дамытатын болады.


Резиденттер өздерінің клиникалық дағдыларын стационарлық бөлімдерде (жалпы, сондай-ақ мамандандырылған педиатриялық бригадаларда) 8 апталық ротациялардан өту арқылы дамытатын болады:

  • Балалар неврологиясы (АБҰҒО)
  • Неонатология босану бөлімі (АБҰҒО)
  • Балалардың жұқпалы аурулары («UMC» қосымша орталығы келісім бойынша)
  • Балаларға арналған жедел жәрдем ((«UMC» қосымша орталығы келісім бойынша)
  • Балалар кардиологиясы (Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, расталуы тиіс)
  • Балалар онкологиясы (АБҰҒО)

Резиденттер сонымен қатар, ұзақ мерзімді клиникалық тәжірибесін жинақтайды, өзінің жеке кестесіне сәйкес белгіленген.


PL-3 Year

3-ші жыл бағдарлама директоры мен Бағдарламаны бағалау комитетімен бекітілген, факультативті ротацияларды қамтиды, бұл сіздің жеке клиникалық дайындығынызды қалыптастыруға, және клиникалық немесе ғылыми қызығушылық салаларына назар аударуға мүмкіндік береді. Резиденттерге белгілі бір мамандық бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, болашақ мамандығына дайындалуына, және ақыр соңында аспирантура бағдарламасына түсуіне қосымша факультатвиті сабақтарға уақыт беріледі. Соңында, ауылдарда немесе қалалық типтегі елді мекендерде жергілікті денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге ротация жасауға мүмкіндік берілуі мүмкін.

Оқытушылар құрамы

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.
2024-2025 жылдарға арналған резидентура бағдарламаларына өтініш беру мерзімі ашылады
Қүн
Сағат
Минут
Секунд