Назарбаев Университеті Медицина мектебі 2023 жылғы 5 тамызда, сенбіде өткен «Ақ халаттар» атты маңызды рәсімде медициналық студенттердің жаңа тобын, 2027 жылғы түлектерді мақтанышпен қарсы алды. Бұл салтанатты рәсім ақ халат киіп, медицинадағы жолын бастарда өзінің кәсіби ісіне деген бейілділігін, өз ісінің артықшылығын танып, жанашырлық ниетін білдіре отырып, Гиппократ антын берген 44 болашақ дәрігер үшін маңызды кезең болды.
Іс-шараға «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы доктор Пя Юрий Владимирович және «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» ҰАҚ-ның Басқарма төрайымы, доктор Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова қатысты. Олар студенттерді шын жүректен құттықтап, олардың оқу және тәжірибелік жылдарында табысқа, шыдамдылыққа және нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдірді.
«Ақ халаттар» салтанатты рәсімі – бұл медициналық мамандықта жауапкершілік пен адалдыққа баулитын құрметті дәстүр. Студенттер ақ халаттарын алып, болашақ медициналық мамандар ретіндегі рөлін мойындасымен, өздерінің Қазақстанға және жаһандық медицина саласына зор үлес қоса алатындарын білдірді.
«Біз Назарбаев Университеті Медицина мектебінің 2027 жылғы түлектерін қарсы алғанымызды мақтанышпен айтамыз. Бұл «Ақ халаттар» рәсімі олардың медициналық білімінің басталуын атап өтіп қана қоймай, өз мансабында басшылыққа алатын жанашырлық, біліктілік және пациентке деген қамқорлық сияқты құндылықтарға баса назар аудартады. - деді Назарбаев Университетінің медицина жөніндегі вице-президенті –Медицина мектебінің деканы, доктор Массимо Пиньятелли.
Қосымша ақпаратты bayan.abilova@nu.edu.kz немесе +7 777 76 222 61 телефоны арқылы алуға болады.