NU Times Higher Education (THE) 2026 нұсқасы бойынша халықаралық университеттер рейтингі (THE WUR) әлемдегі зерттеу жұмыстарымен айналысатын жоғары оқу орындарының ТОП 23% қатарына кіреді
THE Жас университеттердің әлемдік рейтінгі
NU Times Higher Education (THE) 2024 нұсқасы бойынша жас университеттердің әлемдік рейтингінде 106-орында және Қазақстандағы №1 университет болып табылады
THE Азия университеттерінің рейтінгі
NU 2025 жылғы Times Higher Education (THE) Asia University Rankings тізімінде 853 жоғарғы оқу орындары арасында 150 орын алды
THE Пәндік рейтингі
NU 2026 жылғы Times Higher Education (THE) Пәндік рейтингі бойынша "Білім беру" саласында 176-200 орынға иә болды
THE Пәндік рейтингі
NU 2026 жылғы Times Higher Education (THE) пәндік рейтингі бойынша «Медицина және денсаулық сақтау» саласында 301–400 орынға ие болды
Институционалдық аккредиттеу
NU халықаралық білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы жетекші ұйымдардың бірі – Ұлыбританияның Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) агенттігі жүргізген Халықаралық сапаға шолу (IQR) нәтижесінде институционалдық аккредитацияға ие болды
ECAQA аккредитациясы
"Медицина докторы" бағдарламасы Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы (WFME) мойындаған Еуразиялық аккредиттеу және жоғары білім мен денсаулық сақтау саласындағы сапаны қамтамасыз ету орталығының (ECAQA) толық халықаралық аккредитациясын алды
APHEA оқу жоспарын аккредиттеу
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура бағдарламасының оқу жоспары 6 жылға Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім беру жөніндегі аккредиттеу агенттігінің (APHEA) аккредитациясын алды
Біздің ұсыныстар
Назарбаев Университетінің Медицина мектебі келесі бағдарламаларды ұсынады
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің кампусында студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге университет өмірінің барлық қырларын сезіну үшін барлық жағдай жасалған. Көптеген қызметтер мен мүмкіндіктердің арқасында біз әркім өмір сүре алатын, оқып, жаңа идеяларды дамытатын, жеке және кәсіби салаларда өсіп, өмірден ляззат алатын табысты қауымдастық құруға тырысамыз!
Симуляция орталығы
Бұл студенттер, дәрігерлер және басқа мамандар манекендер, тренажерлар, арнайы құрал-жабдықтарды қолдану арқылы және арнайы дайындалған қызметкерлердің көмегімен клиникалық дағдыларды нақты өмірде қолданар алдында үйреніп және жетілдіретін клиниканың моделі.
Адам анатомиясы кабинеті – медицина саласында білім алатын студенттерді даярлаудың қосалқы элементтерінің бірі, оларды оқыту базасы. Медицина мектебінде студенттердің жұмысына арналған көптеген үлгілер бар.
Адам анатомиясы кабинеті – медицина саласында білім алатын студенттерді даярлаудың қосалқы элементтерінің бірі, оларды оқыту базасы. Олар виртуалды тілуге, анатомия мен физиологияны оқытуға арналған. Бұл цифрлық анатомияны таныстырудың инновациялық тәсілі.
НУММ-дағы ғылыми зертханалар фактілерді ашуға және түсіндіруге, жалпы қабылданған теорияларды немесе заңдарды жаңа фактілер тұрғысынан қайта қарастыруға немесе жаңа не қайта қаралған теорияларды немесе заңдарды іс жүзінде қолдануға бағытталған ғылыми зерттеулерге немесе эксперименттер үшін жабдықталған.
Медицина мектебінің оқу зертханасы студенттерге курс концепцияларымен тікелей тәжірибе ұсынады және ғалымдар өз пәнінде қолданатын әдістерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Кітапхана қоры және қызмет түрлері Назарбаев Университетінің барлық академиялық қоғамдастығына шоғырландырылған. Біз халықаралық білім беру мен технологиялық инновацияларды енгізу арқылы әлемдік деңгейдегі кітапхана болуға ұмтыламыз.
NU Атлетикалық орталығы олимпиадалық бассейнімен, скалодромымен, сквош алаңымен және йога, фитнес, жекпе-жекке арналған заманауи залдарымен жабдықталған.
Жалпы қуаттылығы 729 стационарлық төсек, 49 күндізгі төсек және ауысымда 500 амбулаториялық-емханалық бару бар UMC үш инновациялық медициналық орталықты біріктіреді: Ана мен бала орталығы, Жүрек орталығы және Диагностикалық орталық.
Бұл әлеуетті студенттер үшін NU Медицина мектебінің қауымдастығына енуге, біздің академиялық бағдарламаларымыз бен зерттеу мүмкіндіктеріміз туралы көбірек білуге және заманауи білім беру және біздің заманауи оқу және зертханалық құралдарымызды тәжірибеге алудың бірегей мүмкіндігі. Өтетін күні: сенбі, 2026 жылғы 14 наурыз Уақыты: 10:00 – 15:00 Тілдер: ағылшын/қазақ/орыс