Онлайн өтінім қабылдау басталды

Гастроэнтерология саласындағы резидентура бағдарламасы

Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар

Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс

Оқыту формасы: күндізгі

Ұзақтығы: 6 жыл

Жалпы ақпарат

НУММ гастроэнтерология саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл гастроэнтерология саласындағы мамандығы тар жалпы практикадағы білікті дәрігерлерді оқытуға бағытталған 6 жылдық бағдарлама. Бағдарлама дәрігерлерді стационарларда жұмыс істеуге даярлай отырып, емшараларды практикалық игеруге, дәлелді медицина қағидаттарын қолдануға және клиникалық зерттеулерге баса назар аударады.


Бағдарлама Дипломнан кейінгі медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесінің (ACGME) негізгі құзыретіне сәйкес келеді және гастроэнтерология бойынша мамандандырылған оқытудың үш жылынан кейін алғашқы үш жыл ішінде ішкі медицина бойынша кешенді даярлықты қамтамасыз етеді. Резиденттер әртүрлі клиникалық тәжірибе ала отырып, әртүрлі стационарлық және амбулаториялық мекемелерде ротациядан өтеді.

Бағдарламаның мақсаттары

НУММ гастроэнтерологиясы саласындағы резидентура бағдарламасының мақсаттары мынаны білдіреді:

  • Гастроэнтерология саласындағы ACGME негізгі алты құзыретіне сәйкес резиденттерді оқыту (Пациенттердің күтімі және процедуралық дағдылар, медициналық білім, практика негізінде оқыту және жетілдіру, тұлғааралық қарым-қатынас дағдысы, кәсібилік, жүйелік практика);
  • БМ түлектерін клиникалық және ғылыми қызметте білімі мен дағдысын қолдануға қабілетті гастроэнтерология саласындағы білікті жалпы практика дәрігерлері және мамандар болуға дайындау;
  • Қазақстан халқының, оның iшiнде ауылдық және қалалық жерлердегi қазiргi заманғы қажеттiлiктерiне жауап беретiн маман-гастроэнтерологтарды даярлау.

Мансаптық мүмкіндіктер

НУММ гастроэнтерологиясы саласындағы резидентура бағдарламасы аяқталғаннан кейін бітірушілер кәсіби қызметтің әртүрлі бағытына жақсы дайындалатын болады, соның ішінде:

  • Ауруханалардағы, амбулаториялық мекемелердегі және мамандандырылған ішкі медицина/гастроэнтерология орталықтарындағы клиникалық практика;
  • Медициналық білім беру мен ғылымды дамытуға үлес қоса отырып, ғылыми-зерттеу және академиялық қызмет;
  • Денсаулық сақтау жүйесіндегі және денсаулық сақтау саласындағы саясатты әзірлеудегі басшы лауазымдар;
  • Алдыңғы қатарлы гастроэнтерология саласында одан әрі тар мамандандырылған дайындық немесе тағылымдама.

Бұл бағдарламаның кешенді сипаты берік академиялық және клиникалық серіктестіктермен бірге түлектердің табысты мансапқа дайындығын қамтамасыз етеді және жергілікті және халықаралық деңгейде гастроэнтерологияны дамытуға ықпал етеді.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Резидентура бағдарламасының соңына қарай резиденттер гастроэнтерология саласындағы ACGME кезеңдеріне сәйкес мақсатты құзыретті игеруін көрсетуі тиіс, атап айтқанда:


1. Пациенттердің күтімі және емшара дағдысы:

  • шұғыл көмекті, қарқынды терапияны және амбулаториялық қызметтерді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетудің әртүрлі жағдайында пациенттерді диагностикалау және емдеу білігі.
  • емдеудің қауіпсіз, тиімді және экономикалық негізделген әдістерін қолданып, негізгі гастроэнтерологиялық процедураларды орындаудағы құзыреттілік.

2. Медициналық білім:

  • гастроэнтерологиялық аурулар мен оларды емдеу әдістерін терең түсіну.
  • анықталмаған және түсініксіз медициналық жағдайларды тиімді бағалау қабілеті.
  • гастроэнтерологияда диагностикалық және емдік процедураларды дұрыс пайдалану.

3. Практика негізінде оқыту және жетілдіру:

  • білім мен дағдыдағы кемшіліктерді анықтау және оларды үздіксіз оқыту арқылы жою білігі.
  • медициналық көмектің сапасын арттыру әдістерін енгізу.
  • ғылыми әдебиетті сыни бағалау және жаңа дәлелді деректерді клиникалық практикаға ықпалдастыру.

4. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдысы:

  • пациенттермен, олардың отбасымен және әріптестерімен мәдени және әлеуметтік-экономикалық әртүрлілікті ескере отырып, тиімді қарым-қатынас жасау.
  • мультидисциплинарлық команда құрамындағы тиімді өзара іс-қимыл.
  • гастроэнтерология мәселелері бойынша басқа медициналық мамандар үшін консультант функцияларын орындау.

5. Кәсібилігі:

  • этикалық қағидаттарды ұстану, құпиялылықты сақтау және кәсіби адалдықтың жоғары деңгейі.
  • пациенттердің мүддесін басымдыққа алу және сапалы медициналық көмек алу құқығын қорғау.
  • Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі пациенттердің әртүрлі контингенттерімен жұмыс істеуге дайындығы және мәдени құзыреттілігі.

6. Жүйелік тәжірибе:

  • гастроэнтерологияға қолданылатын әртүрлі денсаулық сақтау жүйелерін тиімді навигациялау және пайдалану.
  • әртүрлі мекемелерде пациенттерге көмек көрсетуді үйлестіру.
  • пациенттерді жүргізу кезінде шығындар мен тиімділік арақатынасын талдауды, сондай-ақ тәуекелдер мен пайданы бағалауды қолдану.
  • пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларға және медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі жобаларға белсенді қатысу.

НУММ гастроэнтерология саласындағы резидентура бағдарламасы түлектерді гастроэнтерологияны дамыту және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін қажетті біліммен, дағдылармен және кәсіби қасиеттермен қамтамасыз ете отырып, қарқынды және жан-жақты даярлықты ұсынады.

Клиникалық ротация орындары

Оқыту барысында резиденттер жалпы ішкі медицина мен гастроэнтерологияның әртүрлі стационарлық және амбулаториялық клиникалары бойынша ротациядан өтеді. Барлық клиникалық сабақтар мынадай ауруханалар мен орталықтарда өтетін болады:

Клиникалық оқу бағдарламасы гастроэнтерология саласындағы резидентура бағдарламасының ACGME талаптарына негізделген және ACGME құзыретіне және жоғарыда сипатталған негізгі кезеңдерге сәйкес келеді.

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз

Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.


4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз

“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.


5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз

Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.


Одан арғы қадамдар

Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды күндер

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 29 маусымы қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

Клиникалық оқу жоспары гастроэнтерология саласындағы резидентура бағдарламасының ACGME талаптарына негізделген және ACGME құзыретіне және жоғарыда сипатталған негізгі кезеңдерге сәйкес келеді. Оқыту Астананың жетекші ғылыми-зерттеу және мамандандырылған орталықтарын қоса алғанда, бірнеше клиникада жүргізіледі.


Резидентура құрылымы

PGY-1 - PGY-3 жалпы медицина, тар мамандықтар (неврология, пульмонология, кардиология, нефрология, гематология, эндокринология), қарқынды терапия, шұғыл медициналық көмек, ультрадыбыстық диагностика және элективті пәндер бойынша ротациялармен ішкі медицина бойынша базалық даярлыққа арналған.


PGY-4 - PGY-6 амбулаториялық және стационарлық гастроэнтерологияны, гепатологияны, бауыр трансплантациясын, эндоскопияны, визуалдау әдістерін (КТ, МРТ, ПЭТ, УДЗ) және клиникалық зерттеулерді қоса алғанда, гастроэнтерология бойынша мамандану кезеңі болып табылады.


PGY-1: Ішкі медицина бойынша базалық дайындық

Резиденттер анамнез жинауды, диагностиканы, емдеуді жоспарлауды және бақылаудағы емшараларды жүргізуді қоса алғанда, пациенттерді жүргізуге белсенді қатысады. Міндеттерге сондай-ақ тағайындауларды жазып беру және студенттерді оқыту кіреді. Ротациялар мынаны қамтиды:

  • Жалпы ішкі медицина - 2 ай
  • Неврология - 2 ай
  • Пульмонология - 2 ай
  • Қарқынды терапия - 1 ай
  • Шұғыл медициналық көмек - 2 ай
  • Шұғыл жағдайларда және медициналық көмек көрсету орнында ультрадыбыстық зерттеу - 2 ай

PGY-2: Ішкі медицина бойынша базалық дайындық

Резиденттер интерндер мен студенттерге супервайзерлер рөлін атқарады, пациенттерді емдеуге, инвазивтік процедураларды орындауға және медициналық құжаттаманы ресімдеуге қатысады. Ротациялар мынаны қамтиды:

  • Жалпы ішкі медицина (нефрология, ревматология, гастроэнтерология, эндокринология, пульмонология, кардиология) - 6 ай
  • Кардиология - 2 ай
  • Ревматология - 2 ай
  • Элективті клиникалық ротация - 1 ай

PGY-3: Ішкі медицина бойынша базалық дайындық

Аға резиденттер супервайзер мен оқыту дағдысын жетілдіреді, тар мамандықтар мен ғылыми зерттеулерде тәжірибе жинақтайды. Ротациялар мынаны қамтиды:

  • Эндокринология - 2 ай
  • Гематология - 1 ай
  • Гастроэнтерология (гепатобилиарлық жүйе және гепатология) - 2 ай
  • Нефрология және гемодиализ - 2 ай
  • Амбулаториялық медицина - 1 ай
  • Элективті клиникалық ротация - 3 ай

PGY-4 - PGY-6: Гастроэнтерология мамандығы

НУММ-да ішкі медицина саласындағы резидентураның 3 жылын аяқтаған резиденттер гастроэнтерология бойынша оқуын жалғастыра алады.


PGY-4

  • Клиникалық гастроэнтерология (стационар және амбулатория) - 5 ай
  • Эндоскопия - 4 ай
  • Визуалдау (КТ, МРТ, ПЭТ, УДЗ) - 2 ай

PGY-5

  • Клиникалық гастроэнтерология (хирургия және колопроктология) - 6 ай
  • Эндоскопия - 2 ай
  • Ультрадыбыстық диагностика - 3 ай

PGY-6

  • Клиникалық гастроэнтерология (стационар және амбулатория) - 5 ай
  • Бауыр трансплантациясы бөлімшесі - 3 ай
  • Клиникалық гастроэнтерология (вирустық гепатиттер) - 2 ай
  • Электив - 1 ай

Оқытушылар құрамы

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.
2025 - 2026 жылдарға арналған резидентура бағдарламаларына өтініш беру мерзімі аяқталады
Күн
Сағат
Минут
Секунд