Онлайн өтінім қабылдау басталды

6-жылдық медицина саласындағы бакалавриат бағдарламасы

Кампус: Астана қ., Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты

Оқыту тілі: Ағылшын

Оқу форматы: Күндізгі, кампуста

Ұзақтығы: 4 жыл

Жалпы ақпарат

Бағдарлама талантты және мақсатқа ұмтылған мектеп түлектері үшін арнайы әзірленген, олар жоғары білікті дәрігерлер болу үшін күрделі және ауқымды оқу курсынан өтуге дайын. Ведомстволық кедергілерді жою және пәнаралық тәсілді қолдану арқасында тігінен де, көлденеңінен де интеграцияланған базалық медициналық білім беру бағдарламасы клиникалық мәнмәтінде дене жүйелерінің күрделілігін, өзара әрекеттесуін және өзара тәуелділігін тереңірек түсінетін мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның клиникалық компоненті (медицина докторы) дәрігер, медицина практикасы үшін қажетті құзыреттіліктерді, дағдыларды және сертификаттауды қамтамасыз етеді және одан әрі жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің негізін қалайды. Бағдарлама негізгі медициналық білім беру моделіне және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоса алғанда, көптеген басқа елдердің ұлттық біліктіліктеріне сәйкес әзірленген. Бұл бағдарлама құзыреттілік тәсілге негізделген және сертификаттау және лицензиялау емтихандарына дайындықты қарастырады.


Бірінші және екінші жыл (медицина ғылымдары саласындағы бакалавры)

Медицина факультетіне түсуді жоспарлап отырған студенттер негізгі биомедициналық ғылымдар бойынша берік білімге ие болуы керек және олардың физика ғылымдары мен математикамен байланысын түсінуі керек. Сонымен қатар, жақсы дәрігер болу үшін адамдармен қарым-қатынастың маңыздылығын ескере отырып, медициналық студенттердің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша білімі болуы өте маңызды. Бұл курстарды Медицина мектебі студенттерді MD бағдарламасына түсуге дайындау үшін арнайы әзірлеген.


Үшінші-алтыншы жыл (MD бағдарламасы)

3-4-ші оқу бағдарламасы міндетті блоктардан тұрады: "Негізгі ғылымдар" блогы (3-ші жыл), "Органдар жүйесі" блогы (4-ші жыл), "Пациенттерге күтім жасауға кіріспе" блогы (3-4-ші жыл), "Пациент, доктор және қоғам" блогы(3-4-ші жыл), "Медицинадағы ғылыми ойлау" блогы (3-4-ші жыл), 5-ші оқу жылында студенттер міндетті базалық клиникалық практикадан өтеді. 6-шы курста барлық студенттер бірнеше міндетті жетілдірілген клиникалық тәжірибелерден және бір интеграцияланған биология курсынан өтеді. 6-шы курстың қалған кезеңінде студенттер элективті курстарға қатысады, олар негізінен жоғары деңгейдегі клиникалық тәжірибелер, белсенді тағылымдамалар және сертификаттау мен лицензиялау емтихандарына дайындық болып табылады.

Бағдарламаның мақсаттары

Бағдарламаның негізгі мақсаттары:

  • Негізгі биомедициналық ғылымдарды терең түсінетін және олардың физика ғылымдары мен математикамен байланысын түсінетін жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында әртүрлі курстық жұмыстары бар жан-жақты дамыған студенттерді даярлау.
  • Студентті интеллектуалды ынталандыратын және ғылыми-зерттеу эксперименттерін әзірлеуге және жүргізуге, алынған деректерді талдауға және ұсынуға үйрететін білім беру ортасы мен тәжірибесін қамтамасыз ету. Студенттер командада тиімді жұмыс істей алатын шығармашылық және ізденімпаз тұлғалар.
  • Адам ағзасының әртүрлі жүйелерінің күрделілігін, өзара әрекеттесуін және өзара тәуелділігін жақсы түсінетін мамандарды даярлау.
  • Медициналық ғылымдарды дамыту және адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін өзінің әдіснамалық дайындығы мен зерттеу нәтижелерін қолдана алатын ғылыми білімі бар түлектерді даярлау.
  • 21 ғасырда медициналық практика үшін білікті дәрігерлерді тәрбиелеуге және түлектерді жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді жалғастыру үшін базалық құзыреттермен қамтамасыз ету.

Оқу бағдарламасы

Бірінші және екінші жыл (медицина ғылымдарының бакалавры)

Медицина факультетіне түсуді жоспарлап отырған студенттер негізгі биомедициналық ғылымдар бойынша берік білімге ие болуы керек және олардың физика ғылымдары мен математикамен байланысын түсінуі керек. Сонымен қатар, жақсы дәрігер болу үшін адамдармен қарым-қатынастың маңыздылығын ескере отырып, медициналық студенттердің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша білімі болуы өте маңызды. Бұл курстарды Медицина мектебі студенттерді MD бағдарламасына түсуге дайындау үшін арнайы әзірлеген.


Үшінші-алтыншы жыл (MD бағдарламасы)

3-4-ші оқу бағдарламасы міндетті блоктардан тұрады: "Негізгі ғылымдар" блогы (3-ші жыл), "Органдар жүйесі" блогы (4-ші жыл), "Пациенттерге күтім жасауға кіріспе" блогы (3-4-ші жыл), "Пациент, доктор және қоғам" блогы (3-4-ші жыл), "Медицинадағы ғылыми ойлау" блогы (3-4-ші жыл), 5-ші оқу жылында студенттер міндетті базалық клиникалық практикадан өтеді. 6-шы курста барлық студенттер бірнеше міндетті жетілдірілген клиникалық тәжірибелерден және бір интеграцияланған биология курсынан өтеді. 6-шы курстың қалған кезеңінде студенттер элективті курстарға қатысады, олар негізінен жоғары деңгейдегі клиникалық тәжірибелер, белсенді тағылымдамалар және сертификаттау мен лицензиялау емтихандарына дайындық болып табылады.

Курстардың сипаттамасы

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:

  • Молекулалардан, жасушалардан, мүшелерден бастап бүкіл ағзаға дейінгі деңгейлерде адам денесінің құрылымы мен жұмыс істеу нормасы туралы егжей-тегжейлі білімді көрсете алады;
  • Негізгі патологиялық процестерді, олар тудыратын биологиялық өзгерістерді және олардың орган жүйелеріне әсерін түсіндіре алады;
  • Адам жүйелерінің физиологиясын, жалпы патологиялық ауруларды және тиісті фармакологияны сипаттай алады;
  • Пациенттермен тиісті терапевтік қарым-қатынастарды орнату және қолдау, құпия ақпаратты және толық ауру тарихын алу, дәл және мұқият медициналық қарап-тексеруді және жалпы клиникалық рәсімдерді жүргізу үшін қажетті дағдыларды қолдана алады;
  • Пациенттерді тексеру және жалпы белгілер мен симптомдарды анықтау, диагностикалық және емдік шешімдер қабылдау үшін тестілерді пайдалану және дұрыс клиникалық ойлауды көрсете алады;
  • Жалпы проблемалары, өмірге қауіп төндіретін өткір медициналық проблемалары және созылмалы аурулары бар пациенттерге күтім жасау кезінде терапияның әртүрлі нұсқаларын әзірлей алады;
  • Зерттеулерді, білім беруді және пациенттерге күтім жасауды жеңілдету үшін ақпараттық және білім беру технологияларын, сондай-ақ медициналық практикаға, Қоғамдық денсаулық сақтау мен зерттеулерге әсер ететін көптеген факторларды айқындай алады;
  • Медициналық практика мен денсаулық сақтау жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды, оған байланысты экономикалық мәселелерді, мемлекеттік саясат мәселелерін және этикалық қағидаттарды зерделеп, түсіндіре алады.

Мансаптық мүмкіндіктер

Курс аяқталғаннан кейін түлектер өздері таңдаған бағдарламаға резидентураға түсе алады, оқуын жалғастыра алады немесе денсаулық сақтау саласында жұмыс істей алады.

Оқытушылар құрамы

Оқуға қабылдау талаптары

Жалпы талаптар

Ең төменгі өту талаптары
Қосымша

Ағылшын тілінің деңгейі

IELTS жалпы балл: 6.0.

Ең төменгі көрсеткіш: 6.0 - Жазу; 5.5 - Тыңдалым, Сөйлеу, Оқылым


TOEFL iBT жалпы балл: 60.

Жазу: 21; Оқылым: 8; Сөйлеу: 16; Тыңдалым: 7

  • Өз есебінен төленді;
  • IELTS/TOEFL емтихандары жоғары ұпайсыз қарастырылады;
  • IELTS/TOEFL емтихандарын тест орталығында (қашықтықтан емес) жеке тапсыру керек;
  • Жақсартылған тілдік емтихан нәтижелерін кейінірек жібере аласыз. Мерзімі веб-сайтта қол жетімді болады.

GPA немесе эквивалент**


және/немесе


ҰБТ ағылшын тілінде***

5.0 тен 4.0


1. Математикалық сауаттылық: 10 нан 8

2. Оқу сауаттылығы 10 нан 8

3. Жалпы балл: 85

  • *Бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдануға ұсынылған талапкерлер Университеттің ішкі құжаттары бойынша белгілі бір оқу шарттарына сәйкес келуі керек.
  • **Басқа бағалау шкалалары эквиваленттілік үшін GPA 5.0 шкаласына түрлендіру керек.
  • ***Тек белгіленген мерзімге дейін өұсынылған соңғы сертификат қарастырылады. Superscoring қолданылмайды.

Қосымша талаптар:

  • Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлеріне IELTS және TOEFL iBT ең төменгі талаптар жоқ
  • Конкурста тек superscoring-сіз IELTS/TOEFL тесті қарастырылады.
  • IELTS Online, IELTS Indicator немесе TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT конкурста қарастырылмайды.
  • IELTS/TOEFL тесттердің сертификаттары талапкер оқуға тапсырып жатқан тиісті академиялық жылдың 1-тамызына дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. 2023 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылған тест нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
  • IELTS жалпы балы 6,0 болатын бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдануға ұсынылған талапкерлер Университеттің ішкі құжаттары бойынша белгілі бір оқу шарттарына сәйкес келуі керек

**2025 қабылдау үшін өзгеру мүмкін

Маңызды күндер

6-жылдық медицина саласындағы бакалавриат бағдарламасына өтініш берудің соғғы мерзімі: 2025 жылғы 28 шілде (Астана қаласы уақытымен 14:00)


IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 28 шілде (Астана қаласы уақытымен 23:59)


Сонымен қатар, өтініш беру келесі елдердің азаматтарына ашық: Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей Федерациясы.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін үміткерлер онлайн өтінім беруі керек.

  • Сауалнама нысаны.
  • шетелдік талапкерлер паспорттың сканерленген көшірмесін, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін ұсыну қажет;
  • Жеке кабинеттегі үлгіге сәйкес оқу орнынан анықтама (тек өтініш берген сәтте бітіруші сынып/курс оқушылары болып табылатын талапкерлер үшін ғана);
  • жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың немесе қосымшасы бар колледж құжатының сканерленген көшірмесі немесе оның халықаралық баламасы (тек түлектер үшін), кейіннен қағаз нұсқасында құжатты белгіленген мерзімде уақтылы ұсыну;
  • Жалпы талаптар бойынша қабылдау (Regular Admission) санатындағы талапкерлер үшін: өткен оқу жылына арналған транскриптің сканерленген көшірмесі (егер GPA негізінде тапсырса) және/немесе ҰБТ сертификаты (егер ҰБТ нәтижесімен тапсырса).
  • Тест әкімшісінің жүйесінде расталған жарамды IELTS немесе TOEFL iBT сертификатының балл нәтижелері және сертификаттың сканерленген көшірмесі немесе тест әкімшісінің Жеке кабинетінен жүктелген нәтижелер туралы есеп.

Оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге арналған құжаттардың тізбесі

  • Қосымшамен бірге жалпы орта, техникалық және кәсіби білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың немесе оның халықаралық баламасының түпнұсқасы.

Оқу ақысы

Бакалавриат бағдарламасына оқу ақысы 2025/2026 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $15,000 (7 665 000 теңге) құрайды.


Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.

Тіркеу кезеңдері

Оқуға қабылдау талаптары

Қосымша талаптар:

  • Ұсыналатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2025 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек.
  • IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі “Маңызды күндер” бөлімінде көрсетілген.
  • IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT тестілерінің нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
  • IELTS/TOEFL тесттері Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылуы қажет.
  • IELTS/TOEFL сертификаты суперскорингсіз қарастырылады.
  • Ең төменгі талаптарға сәйкес және белгіленген мерзімге дейін IELTS/TOEFLнәтижелерін ұсынатын талапкерлер ғана NUET емтиханына (төменде қараңыз) қатыса алады.
  • Белгіленген мерзімге дейін ең төменгі талаптарға сәйкес келетін IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсынған және NUET емтиханына жіберілетін талапкерлер кейінірек тілдік тест нәтижелерін жақсарту мақсатында қосымша IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсына алады. Нәтижелерді ұсынудың соңғы мерзімі "Маңызды күндер" бөлімінде жарияланады.
  • **2025 қабылдау үшін өзгеруі мүмкін

Маңызды күндер

Онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімдері:

  • NUET талапкерлері халықаралық талапкерлерді қоса – 2024 жылғы 7 қазан – 28 қараша (Астана уақыты бойынша 14:00 дейін).
  • басқа санаттар: SAT/ACT талапкерлері, IV диплом иегерлері, A-level/NIS 12-сынып сертификаттарының иегерлері, халықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары – 2024 жылғы 7 қазан – 2025 жылғы 27 наурыз (Астана уақыты бойынша 14:00 дейін).
  • Халықаралық талапкерлер – 2024 жылғы 7 қазан - 2025 жылғы 27 ақпан (Астана уақыты бойынша 14:00 дейін).
  • Full Tuition Based талапкерлер – 2024 жылғы 7 қазан - 2025 жылғы 12 маусым (Астана уақыты бойынша 14:00 дейін).

IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну:

  • NUET талапкерлері халықаралық талапкерлерді қоса – 2024 жылғы 19 желтоқсан (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін).
  • басқа санаттар: SAT/ACT талапкерлері, IV диплом иегерлері, A-level/NIS 12-сынып сертификаттарының иегерлері, халықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары – 2025 жылғы 3 сәуір (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін).
  • Халықаралық талапкерлер – 2025 жылғы 3 сәуір (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін).
  • Full Tuition Based талапкерлер – 2025 жылғы 19 маусым (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін).

Тестілеу нәтижелері Назарбаев Университетінің Институционалдық код қолдана отырып, тест әкімшісі арқылы Университет мекенжайына міндетті түрде жіберіледі:

  • NU, Admissions Department (IELTS TRF Verification Service арқылы) - IELTS үшін
  • 6762 - TOEFL iBT үшін

  • NUET қабылдау емтиханы: 2025 жылғы ақпан - наурыз
  • Тілдік тесттер нәтижелерін жақсарту мақсатында қосымша IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі (NUET емтиханын тапсырған талапкерлер үшін): кейінірек жарияланады.
  • Оқуға шақыру хаттарын жіберу: 2025 жылғы мамыр - шілде.
  • Құжаттардың қағаз нұсқаларын тапсыру(Университет сұранысы бойынша): 2025 жылғы маусым - шілде.
  • Бағдарлау аптасы: кейінірек жарияланады.
  • Оқудың басталуы: кейінірек жарияланады.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін үміткерлер онлайн өтінім беруі керек.

  • Сауалнама нысаны.
  • шетелдік талапкерлер паспорттың сканерленген көшірмесін, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін ұсыну қажет;
  • Жеке кабинеттегі үлгіге сәйкес оқу орнынан анықтама (тек өтініш берген сәтте бітіруші сынып/курс оқушылары болып табылатын талапкерлер үшін ғана);
  • жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың немесе қосымшасы бар колледж құжатының сканерленген көшірмесі немесе оның халықаралық баламасы (тек түлектер үшін), кейіннен қағаз нұсқасында құжатты белгіленген мерзімде уақтылы ұсыну;
  • NIS Grade 12 Certificate-ның иегерлеріне: NIS Grade 12 Certificate-тың сканерленген көшірмесі, кейіннен қағаз нұсқасында құжатты белгіленген мерзімде уақтылы ұсыну;
  • IB дипломының иегерлеріне: IB дипломының қосымшасы бар сканерленген көшірмесі, кейіннен қағаз нұсқасында құжатты белгіленген мерзімде уақтылы ұсыну;
  • A-level дипломының иегерлеріне: A-level дипломының сканерленген көшірмесі, кейіннен қағаз нұсқасында құжатты белгіленген мерзімде уақтылы ұсыну;
  • осы Қағидалар мен рәсімдердің 2-қосымшасында көрсетілген халықаралық/республикалық олимпиадалардың халықаралық және/немесе жеңімпаздары республикалық үшін: олимпиада дипломының/сертификатының сканерленген көшірмесі;
  • SAT/ACT талапкерлеріне: жарамды ACT сертификатының немесе тест әкімшісінің жүйесінен жүктелген digital SAT балдарының тексерілген нәтижелері. Егер талапкер бірнеше жарамды SAT/ACT нәтижелерін ұсынса, конкурста ең жоғары нәтижелері бар сертифкат superscoring-сіз қарастырылады;
  • Тест әкімшісінің жүйесінде расталған жарамды IELTS немесе TOEFL iBT сертификатының балл нәтижелері және сертификаттың сканерленген көшірмесі немесе тест әкімшісінің Жеке кабинетінен жүктелген нәтижелер туралы есеп.

Оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге арналған құжаттардың тізбесі

  • Қосымшамен бірге жалпы орта, техникалық және кәсіби білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың немесе оның халықаралық баламасының түпнұсқасы;
  • NIS Grade 12 Certificate-ның иегерлеріне: NIS Grade 12 Certificate-тың түпнұсқасы;
  • A-level дипломының иегерлеріне: A-level дипломының түпнұсқасы;
  • IB дипломының иегерлеріне: IB дипломының қосымшасы бар түпнұсқасы.

Тіркеу кезеңдері

Талапкерледі оқуға қабылдау

Оқуға қабылдау келесі реттілік бойынша жүзеге асырылады:

Талапкерлерді оқуға қабылдауға ұсыну. Оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге “Recommended for admission to NUFYP” статусы беріледі. Талапкерлер Жеке кабинетте “Admission results” бөліміне кіріп, оқуға шақыру хатын және соңғы мерзімдері мен талаптары көрсетілген Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулықты таба алады.

Талапкерлердің оқуға келісуі. Талапкерлер оқуға қабылдауға келісім нысанына және кепілдік жарнасын төлеу нысанына Жеке кабинетте қол қоюы және 100 000 теңге көлеміндегі кепілдік жарнаны төлеуі қажет.


Кепілдік жарна келесі шарттар орындалғаннан кейін қабылданған студентке қайтарылады:

1) Назарбаев Университетінде оқыту бойынша қызметтерді көрсету шартына екіжақты қол қою;

2) Бағдарлау аптасына қатысу;

3) Студенттің бірінші семестрді жақсы академиялық үлгеріммен аяқтауы.


Оқуға қабылдануға құжаттарды ұсыну және келісім-шартқа қол қою. Талапкерлер Университет департаменттеріне қажетті құжаттарды оқуға шақыру хатта көрсетілген мерзімге дейін тапсыруы тиіс. Сол себепті, барлық талаптарды уақытылы орындау үшін оқуға шақыру хатты мұқият оқу қажет. Барлық құжаттар Университетке қағаз және электронды түрде белгіленген мерзімде ұсынылуы керек. Сонымен қатар, талапкерлер Дайындық мектебімен келісім-шартқа қол қояды.


Бағдарлау аптасына қатысу. Оқудың басталуына дейін барлық оқуға шақырылған талапкерлер Бағдарлау аптасына қатысады.


Оқуға қабылдау. Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін талапкерлер Университетке қабылданады. Оқуға қабылдау НУ Провостының шешімімен рәсімделеді.

Университетке қабылдану үшін Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне тапсыратын қажетті құжаттар пакеті Құжаттарды тапсыру нұсқаулығында көрсетіледі.

Егер қосымшасы бар аттестаттың/дипломның түпнұсқасы қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болмаса, онда оған қоса, осы құжаттың ағылшын тілінде нотариалды куәләндырылған аудармасынын сканерлеген нұсқасын ұсыну қажет. Қабылдауға қажетті құжаттар пакетін уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Университет шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ талапкерлерден қосымша құжаттарды сұрауға құқылы.

Университетке тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Тек қана қосымшасы бар жалпы орта білім (аттестат және қосымша) немесе техникалық және кәсіптік білім туралы (диплом және қосымша) құжаттың ресми түпнұсқасы оқуды бітіргеннен кейін немесе Университеттен шығарылғаннан жағдайда Регистратор Офисі арқылы қайтарылады.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.