Молекулалық медицина саласындағы магистратура
Кампус: Астана қ., Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты
Тілі: Ағылшын тілінде
Оқыту түрі: Күндізгі бағдарлама, кампуста
Ұзақтығы: 2 жыл
Жалпы ECTS кредиті: 120Жалпы ақпарат
Назарбаев Университетінің Медицина мектебіндегі Молекулалық медицина саласындағы магистратурасы (МММ) - студенттерге молекулалық медицина саласындағы озық білім мен дағдыларды, сондай-ақ биомедициналық зерттеулер саласындағы мансаптың мықты негізін беретін екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы. Ұсынылатын курстар инфекцияның молекулалық негізін, иммунология мен қабынуды, қатерлі ісік, неврологиялық бұзылыстар, генетикалық аурулар, терапия, зерттеу биоэтикасы, биокомпьютер, медициналық биоинформатика, биостатистика және кәсіпкерлік / кәсіптік серіктестікті қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Заманауи ғылыми-зерттеу орталықтары студенттерге адам денсаулығы мен ауруға қатысты маңызды биомедициналық мәселелер бойынша ең заманауи зерттеулерге қатысуға мүмкіндік береді.
«Молекулалық медицина саласындағы магистратура» бағдарламасының озық зерттеулер жүргізу, медицина ғылымын түсінуді тереңдету және адам денсаулығын жақсарту сияқты мақсаттары НУММ миссиясына сәйкес келеді. «Молекулалық медицина саласындағы магистратура» бағдарламасы аясында студенттер соңғы ғылыми ақпаратты зерттеп, биомедицинаның алғашқы зерттеулеріне қатысады. Оқыту және жүргізіліп жатқан зерттеулер медицина ғылымында жаңа жаңалықтар ашуға әкеледі және адам ауруларын емдеудің жаңа әдістерін білу немесе аурудың алдын алу стратегияларын әзірлеуге ықпал етеді деп болжануда. Зерттеулер Орталық Азия өңіріндегі өзекті медициналық проблемаларға бағытталатын болады.
МММ бағдарламасы бойынша магистратураны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:
1) Молекулалық медицина бағдарламасындағы негізгі пәндер бойынша алған білімдерін ауызша да, жазбаша да көрсете алады;
2) Молекулалық медицина саласындағы зерттеулер үшін сыни ойлау, мәселелерді шешу және талдау дағдыларын қолдана алады;
3) Техникалық ғылыми эксперименттерді дәлдікпен орындайды;
4) Күрделі ғылыми ақпаратты нақты сипаттауға мүмкіндік беретін жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді;
5) Этикалық және кәсіптік стандарттарға сәйкес зерттеу және ғылыми міндеттерді орындайды;
6) Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін медициналық практикаға енгізу мақсатында білім мен дағдыларды көрсете алады.
Бағдарламаның мақсаттары
Бағдарламаның мақсаттары:
Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасы 15 міндетті курсты, екі элективті курсты және магистрлік ғылыми-зерттеу жобасын қамтиды.
Бағдарламаны аяқтау үшін әрқайсысы 30 кредиттен 4 семестрге бөлінетін 120 кредит қажет.
Бірінші жыл 12 негізгі курстан, күзгі семестрдегі 6 негізгі курстан және көктемгі семестрдегі 6 негізгі курстан тұрады. Екінші курста студенттер күзгі семестрде 3 негізгі және 2 элективті курстардан өтеді және көктемгі семестрде өздерінің ғылыми-зерттеу жобасымен айналысады.
1 жыл: 1 Семестр
1 жыл: 2 Семестр
2 жыл: 1 Семестр
2 жыл: 2 Семестр
Курстардың сипаттамасы
Бұл курс студенттерді микроорганизмдер әлемімен, олардың өзара әрекеттесуімен және адам физиологиясы мен патологиясына тигізетін әсерімен таныстыратын бірінші курстың ең қарқынды курсы деп айтуға болады. Жұқпалы аурулар саласында тәжірибелері бар НУММ ОПҚ құрамы дәрістерді негізгі жұқпалы ауруларға баса назар аудара отырып оқытады. Сабақтардағы презентациялар сериясының арқасында студенттер ақуыздар арасындағы өзара әрекеттесудің қыр-сырымен танысады және ауызша қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді. Презентация кезінде және одан кейін студенттерге нақты және жалпы ақпарат беріледі. Курс барысында студенттер тұмау тақырыбында семинар дайындап, курс жетекшісі сол тақырыпта дәріс оқығанға дейін оны өткізуі керек (дәріс семинар барысында студенттер тоқталған аспектілерге сәйкес модуляцияланады). Семинар оқытудың инновациялық эксперименттік форматы болып табылады. Қашықтықтан өткізілетін қонақ дәрістерді жұқпалы аурулар саласындағы көрнекті ғалымдар өткізеді және бұл форматтағы оқытуды студенттер жоғары бағалайды.
Курс қатерлі ісіктің басталуы мен өршуінің молекулалық механизмдеріне, жасушалық сигнализацияға және метастаз механизмдеріне бағытталған.
Бұл курс молекулалық генетиканың адам денсаулығы мен ауруларын анықтау барысында қолданылуын зерттеуге және талқылауға арналған. Осы генетикалық білімді ауруларды емдеу және алдын алу шаралары мен жаңа терапия әдістерін әзірлеу үшін қолдану да талқыланады. Бұл курс өте маңызды, өйткені ол әртүрлі МММ курстарын біріктіреді. Курста оқытудың классикалық тәсілдері, соның ішінде дәрістер, пікірталастар, викториналар және студенттердің презентациялары қолданылды.
Бұл курс медицина саласындағы көптеген мәселелерге қолданылатын заманауи статистиканың негізгі тұжырымдамаларын ұсынады. «Инференциалды биостатистика» курсы MMM үшін MPH курсынан алынған, мұнда MMМ студенттері MPH студенттерімен бірігеді.
Кәсіпкерлік негізгі бизнес пәндерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлік курсы MMM бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені ол студенттерге биомедицинамен байланысты кәсіпорынмен (мысалы, стартап компаниясымен) бизнесті бастау үшін не қажет екендігі туралы түсінік береді. Курс студенттерге кәсіпкерлік тәжірибе алуға көмектесетін модельдеуді қамтиды.
Биоесептеу курсы – бұл студенттерді нуклеотидтер мен аминқышқылдарының тізбегімен, сондай-ақ ақуыздардың 3D құрылымдарымен жұмыс жасауға үйрету үшін бірнеше биоинформатика құралдарымен таныстыратын интенсивті практикалық курс (компьютерлік зертхана). Студенттер іс жүзінде ақуыздардың құрылымын түсініп, аурулардың молекулалық негізі туралы түсінік ала алады, бұл МММ-ның басты міндеті. Соңғы семинарда студенттер шағын топтарда ақуыздармен байланысты әртүрлі сценарийлерді ұсынады, осылайша алынған тәжірибе мен білімді практикада осы курс бойынша оқытудың оңтайлы нәтижесі форматында жүзеге асырады.
Курс Молекулалық Медицина саласында жүргізіліп жатқан молекулалық зерттеулерді сыни талдауға арналған практика ретінде әзірленген (жасушалық және молекулалық биология тәсілдеріне баса назар аудара отырып) және мамандандырылған ғылыми жарияланымдарды талдау бойынша семинар форматында өткізіледі. Өзекті ғылыми жарияланымдар алдын ала оқу (оқуға арналған жеке және бірлескен тапсырмалар) және таңдалған ғылыми әдебиеттерді сыни талқылау барысында қарастырылады.
Бұл курс студенттерге иммундық жүйе жасушаларының өзара әрекеттесуіне қатысатын молекулалық механизмдер туралы терең білім алуға мүмкіндік береді. Жаңа емдеу әдістерін әзірлеу үшін әртүрлі қабыну түрлеріне әкелетін молекулалық механизмді мұқият білу қажет. Созылмалы қабыну ауруларының дамуына және/немесе өршуіне қатысатын молекулалық механизмдер талданады және жаңа емдеу әдістері талқыланады. Курс барысында ең өзекті ғылыми-зерттеу ақпараты пайдаланылады. Жұмыстарды, студенттердің презентациялары мен эсселерін талқылау зерттеуге негізделген оқытуды ынталандырады. Курс қысқаша ақпараты бар және жаңа иммунотерапияға бағытталған аралас онлайн курс болып табылады.
Фармацевтикалық зерттеулерде клиникалық тәжірибеге маңызды ғылыми жаңалықтарды енгізу процесі «зерттеуден пациентке дейін» деп аталады. Бұл зертханадағы негізгі зерттеулерден және клиникалық бақылаулардан басталып, клиникалық сынақтардағы сәттілікпен немесе сәтсіздікпен аяқталатын күрделі процесс. Курстың мақсаты – дәрі-дәрмектерді әзірлеуге және клиникалық зерттеулерге қатысты көптеген тақырыптарды ашу. Клиникалық сынақ әдістерін түсінуге, клиникалық сынақтарда қолданылатын статистикаға және клиникалық зерттеулердің дәрілік маркетингпен байланысына ерекше назар аударылады және бұл аспектілердің барлығы маңызды болып саналады.
Бұл курс табиғи өнімдердің емдік қасиеттеріне және олардың әсер ету механизмдеріне, соның ішінде дәрілік заттарды қайта бейімдеу бағдарламасына арналған. Студенттер курста және презентациялар барысында ағымдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын оқумен айналысады.
Молекулалық аспектілерді түсіну және заманауи биомедициналық әдістерді қолданудың практикалық тәжірибесі зерттеуші ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелеудегі маңызды элемент болып табылады. Бұл практикалық зертханалық курс болғандықтан, оның мақсаты студенттерді биомедицина саласында қолданылатын заманауи молекулалық-биологиялық әдістермен таныстыру және зертханалық дағдылар мен білім алуға ықпал ету болып табылады. Осы курсқа дайындық шеңберінде эксперименттерді егжей-тегжейлі жоспарлау жүзеге асырылады, олардың көпшілігі осы курс үшін алғаш рет жүргізілген нақты күрделі биомедициналық эксперименттер болып табылады. Әрбір эксперимент реагенттер мен жабдықтардың белгілі бір жиынтығын қажет етеді (алдын-ала сатып алынған/дайындалған) және арнайы хаттама бойынша жүзеге асырылады. Зертханалық нұсқаулықта сабаққа дайындалу үшін барлық қажетті ақпарат болса да, ғылыми мақалалар, сондай-ақ веб-ресурстар сияқты қосымша оқу материалдары ұсынылады. Курс сонымен қатар зертханалық тапсырмаларға қатысты қысқа дәрістермен/пікірталастармен толықтырылады.
Курс биомедициналық зерттеулердегі биоэтиканың теориялық тұжырымдамаларына және осы тұжырымдамаларды зерттеулерде, инновацияларда және болашақ перспективаларда қолдануға бағытталған.
Неврологиялық ауытқулар бірнеше себептерге байланысты, соның ішінде тиімді емдеудің болмауына байланысты адамзатқа әсер ететін ең кесірлі аурулардың бірі болып қала береді. Соңғы онжылдықтарда молекулалық генетика тәсілдері осындай көптеген ауруларда организмде болатын патологиялық процестер туралы түсінігімізді едәуір кеңейтті. Курстың негізгі бағыты – жасушалық және молекулалық деңгейде пайда болатын ақаулар бізге клиникалық көріністен белгілі болатын ауытқуларға қалай әкелетінін көрсету. Бұл курста қарастырылатын аурулар нейрондарға, сондай-ақ глиальды жасушаларға әсер ететін тұқым қуалайтын және жүре пайда болған патологиялар болып табылады. Курс ауруларды диагностикалау мен емдеудегі ең соңғы жетістіктерді, сондай-ақ олардың негізінде жатқан молекулалық механизмдерді түсіну барысын одан әрі тереңдету үшін қажетті зерттеулерді қамтиды. Курс шеңберінде гранттар ұсынуға өтінімдер жасау – МММ студенттерінің ғылыми ойлауын едәуір дәрежеде қалыптастыратын өте маңызды іс-шара болып табылады.
Бұл курс студенттерді рекомбинантты ДНҚ технологиясының мүмкіндіктерімен таныстырады және адамзаттың фармацевтикалық әлемге үнемі жаңа парадигмаларды ойлап табу қабілеттілігін көрсетеді. Қазіргі уақытта биологиялық препараттар дәрі-дәрмектер нарығында басым, бұл жағдайды 15 жыл бұрын елестету мүмкін емес еді. Ақуыз препараттары, гендік терапия, вакциналарды әзірлеу және синтетикалық биология – бұл гендік инженерияға негізделген емдік-профилактикалық әсер ету бағыттары. Осы курс студенттерге жаттауды қажет етпей-ақ қатысуға мүмкіндік береді (бұл курста емтихандар жоқ), бұл олардың ақыл-ойларын жинақтауға және шығармашылық тәсілдеріне негізделген жаңа терапевтік/профилактикалық/диагностикалық стратегияның ең күрделі МММ эссе – презентацияға (курстың соңында) ерекше назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл эссе гранттық өтінімдерді жазу, дәрі-дәрмектерді әзірлеу, мақалаларды шолу және сынау, презентация дағдылары және т.б. сияқты МММ оқу процестерінің көп бөлігін қамтиды. Студенттердің қорытынды эссе жазудағы қиындықтарын ескере отырып, аралық қалыптастырушы сабақтар эссе жазудағы жетістіктерді талқылауға және студенттерді ғылыми негізге бағыттауға арналған. Курстың тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – терапевтік гендік инженерия бойынша жоғары деңгейдегі перзентация. Терапевтік гендік инженерия саласындағы жұмыстары туралы баяндайтын оқытушы мен оның әріптестерінің дәрістері, соның ішінде көрнекті ғалымдардың қашықтықтан оқытатын дәрістері студенттерді молекулалық медицинаның заманауи деңгейімен таныстырады және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
МММ магистрлік ғылыми-зерттеу жобасы – бұл МММ студенттерінің оқуды аяқтау кезінде өткізілетін зертханалық жұмыстарға негізделген семестр (2-ші оқу жылының көктемі). 1-ші оқу жылының көктемгі семестрінде студенттердің жобаларын талқылау (ғылыми жетекшілерімен) жүргізіледі. НУ-да ұзақ және күрделі сатып алу рәсімінен өту үшін уақытты үнемдеу және кем дегенде жоба басталған кезде (2-ші оқу жылының көктемі) қажетті материалдарды алу үшін жобаға арналған реагенттер тізімдері 1-ші оқу жылының көктемінің соңына қарай НУММ әкімшілігіне беріледі. Сатып алумен байланысты орасан зор қиындықтарға қарамастан, МММ ғылыми жетекшілерінің, МММ бағдарламасының директоры мен НУММ әкімшілігінің үйлесімді күш-жігерінің арқасында студенттер 2-ші оқу жылының қаңтарынан кешіктірмей реагенттерді ала алады. Бұл оқу жұмысы МММ-ның өте маңызды бөлігі болып табылады, өйткені ол студенттерді биомедициналық зерттеулерді ұйымдастыру, қателерді анықтау және жою, нәтижелерді жүргізу және түсіндіру тәжірибесімен таныстырады. Студенттер өздерінің ғылыми жетекшілерінің бақылауымен қажетті реагенттер тізімін жинап, оларға тапсырыс беруден бастап, зертханалық зерттеу өмірімен және ұйыммен танысуға дейінгі ғылыми-зерттеу жобасын жоспарлаудың барлық аспектілерімен айналысады. Диссертацияны жазу алдын-ала басталады, зерттеу семестрінде (2-ші оқу жылының көктемі) студенттерге зертханада жұмыс жасауға көбірек уақыт беру үшін кейбір бөліктер 2-ші оқу жылының күзгі семестрінің соңына дейін дайын болуы керек (Кіріспе және Мақсаттар, Библиография және Әдістер ішінара аяқталған болуы керек) (тиісті мерзімде жасалуы және МММ директорының диссертацияны бақылауы үшін осы бөлімді уақытылы тапсыру керек). Магистрлік ғылыми-зерттеу жобасын сәтті іске асыруға жетелейтін барлық күрделі кезеңдерді МММ директоры бірқатар бақылау нүктелері арқылы үйлестіреді: МММ директоры биомедициналық кафедра меңгерушісімен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметі және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар жөніндегі вице-деканмен, НУММ әкімшілігінің жұмыскерлерімен және НУММ деканымен бірлесіп жүзеге асыратын тұрақты пысықтаулар. Студенттердің ғылыми зерттеулері зертханалық кездесулермен бірге өтеді, онда барлық МММ студенттері мен ғылыми жетекшілер (сонымен қатар кез-келген басқа мүдделі НУММ ОПҚ мүшелері) студенттердің жобаларын пысықтау және қателерді жою үшін әр түрлі НУММ ОПҚ мүшелерінің тәжірибесін қолдана отырып, идеяларды, эксперименттік әдістерді, жоспарлау мен нәтижелерді талқылау үшін жиналуы мүмкін. Студенттер үшін бұл процесс өте тиімді және пайдалы болады. Осы кезеңде (2-ші оқу жылының көктемі) МММ директоры барлық студенттерге мансаптық өсу үшін тәлімгерлік деңгейін біртіндеп арттырады (бұл процесс 1-ші курстан басталады). Содан кейін студенттер оқуын бітіріп, еңбек нарығына шығуға дайын болады. МММ білім беру процесінде ғылыми ойлауды қалыптастыратын жақсы мысал болып табылады, өйткені МММ түлектері молекулалық медицина бойынша заманауи білімге, 100% жұмысқа орналасуға және >10% шетелде жоғары бәсекеге қабілетті PhD бағдарламаларына түсуге бейімделген болады.
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Мансаптық мүмкіндіктер
Біздің бағдарлама түлектерге жергілікті және халықаралық деңгейде білім беруді жалғастырудың немесе әртүрлі биомедициналық мекемелерде жұмысқа орналасудың көптеген нұсқаларын ұсынады:
Мысалы, MMM бағдарламасының түлектері Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония, Канада және АҚШ-тағы әртүрлі университеттердің докторантурасына оқуға түседі.
Болашақ жұмыс берушілер:
Оқытушылар құрамы
Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасының Директоры, Профессор
Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарлама директорының орынбасары, Ассистент-профессор
Қауымдастырылған профессор
Ғылыми-зерттеру жұмыстар және дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі вице-декан
Филипп ла Флер
Директор, C3TK
Қауымдастырылған профессор
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура бағдарламасының Директоры, Практика бойынша Қауымдастырылған профессор
Қауымдастырылған профессор
Ассистент-профессор
Оқуға қабылдау талаптары
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:
Тиісті саладағы бакалавр дәрежесі (немесе баламасы);
Магистр дәрежесі (бар болғанда)
Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
GRE тестінде көрсетілген жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар (міндетті емес)
жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (міндетті емесе). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
Негіздеме хаты
негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
Ұсыным-хаты
екі құпия ұсыным хат;
Маңызды күндер
2025-2026 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер
IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:
Оқудың басталуы: тамыз 2025
Оқу ақысы
Магистратура бағдарламасына оқу ақысы жергілікті және халықаралық студенттер үшін бір оқу жылына $16,000 (8 176 000 теңге) құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Тіркеу кезеңдері
Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Оқуға қабылдау талаптары
Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламаcына оқуға түсетін үміткерлерде:
Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Маңызды күндер
Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:
IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:
Бағдарлау аптасының басталу мерзімі: тамыз 2025
Оқудың басталуы: тамыз 2025
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Тіркеу кезеңдері
Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.