Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар
Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс
Оқыту формасы: күндізгі
Ұзақтығы: 3 жыл
Жалпы ақпарат
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің (NU SOM) Педиатрия бойынша резидентура – аурухана жағдайында жұмыс істеуге қабілетті педиатр немесе педиатриядағы жалпы тәжірибелік дәрігер болғысы келетін дәрігерлерді даярлайтын үш жылдық бағдарлама. Бұл бағдарлама резиденттерге оларды әртүрлі клиникалық жағдайларда педиатриялық тәжірибеге түсуге немесе педиатриялық қосалқы мамандық бойынша білімін жалғастыруға (мысалы, педиатриядағы клиникалық аспирантура) немесе зерттеуге дайындау үшін негізгі дағдыларды береді.
1-ші 2-ші жылдарда, резиденттер амбулаториялық көпжылдық тәжірибеге қосымша ретінде педиатрияның түрлі және мамандандырылған бөлімшелерінде жоғары сапалы клиникалық дайындықтан өтеді. Оқытудың 3-ші жылында резиденттерге өз оқуы мен оқу жоспарын белгілі бір салаларға шоғырландыру мүмкіндігі ұсынылады.
Осы бағдарлама ДКМБАК-тың (дипломнан кейінгі медициналық білімді аккредиттеу кеңесі) негізгі алты кәсіби сапаларына және педиатрия бойынша оның маңызды жобасына сәйкес білікті педиаторларды даярлайды. Сондықтан осы бағдарлама түрлі клиникалық жағдайларда педиатрлық практикамен айналысуға немесе педиатрияның тар шеңбердегі мамандықтары (мысалы, педиатрия бойынша клиникалық аспирантура) бойынша оқуларын жалғастыруға дайын резиденттерді негізгі дағдылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, осы бағдарлама жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істеуге қабілетті дәрігерлерді оқыту үшін резиденттерге клиникалық және қолданбалы зерттеулер жүргізу мүмкіндігін ұсынады.
Мансап: Резидентураны бітіргендер дәрігерлік қызметті жалғастыруда.
Бағдарламаның мақсаттары
Педиатрия бойынша резидентура бағдарламасының мақсаттары:
Оқу бағдарламасы
1-жыл
1-ші курс резиденттері жедел және созылмалы аурулары бар және әртүрлі стационарлық бөлімшелерге жатқызылған, UMC және/немесе НУММ-нің оқытушы-профессорлар құрамының емдеуші дәрігерлерінің тиісті бақылауындағы пациенттермен жүргізілетін клиникалық тәжірибеге назар аударады.
Резиденттер стационарлық бөлімшелерде 8 апталық ротациядан өтеді
2-жыл
Екінші жыл қосымша клиникалық дағдыларды игеруге, дербестілікті арттыруға, сондай-ақ көшбасшылық пен тәлімгерлік саласында көбірек тәжірибе алуға арналады.
Мұндай клиникалық дағдылар стационарлық бөлімшелерде 8 апталық ротация сериясы барысында дамиды.
3-жыл
Оқудың үшінші жылында жалпы және бір бағытта мамандандырылған стационарлық педиатриялық топтарды, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек орталықтарын басқару тәжірибесіне ерекше назар аударылады.
1. Балалар эндокринологиясы (АБҰҒО)
2. Балалар радиологиясы (АБҰҒО)
3. Амбулаториялық медицина (Республикалық диагностикалық орталық)
4. Шұғыл көмек (UMC-дің қосымша ауруханасы келісілетін болады)
5. Элективтер (АБҰҒО)
Клиникалық ротация орындары
Клиникалық ротация орындары:
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Осы Оқу бағдарламасының нәтижелері (ОН) педиатрия бойынша ДКСБАК-ның бақылау нүктелеріне сәйкес келеді (А қосымшасын қараңыз). Осы бақылау нүктелері клиникалық жағдайларда мамандандыруға (немесе кіші мамандандыру) қажетті барлық негізгі аспектілер, дағдылар мен іскерлік бойынша резиденттің үлгерімін тігінен және көлденең бағалауға негіз болып табылады. Педиатрия бойынша резидентура бағдарламасы аяқталған соң резиденттер педиатрия бойынша ДКСБАК көптеген бақылау нүктелері бойынша ғылыми дәреже алу үшін нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізулері тиіс, атап айтқанда:
1. Пациенттерге күтім көрсету:
2. Медициналық білім:
3. Кәсіпқойлық:
4. Практикалық оқыту және жетілдіру:
5. Жүйелі практика:
6. Тұлғааралық және коммуникациялық дағдылар:
Мансаптық мүмкіндіктер
Осы бағдарлама арқылы резиденттер әртүрлі клиникалық жағдайларда педиатриялық тәжірибеге дайын болу немесе педиатриялық салалық бағыттар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық оқуды жалғастыру үшін негізгі құзыреттерге ие болады (мысалы, педиатриялық клиникалық мамандандыру бағдарламасы). Сонымен қатар, бұл бағдарлама резиденттерге академиялық мансап құруға қабілетті дәрігерлерді даярлау үшін клиникалық және трансляциялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқытушылар құрамы
Ассистент-профессор
Нұсқаушы
Гастроэнтерология бағдарламасының жетекшісі, UMC
Гематология бағдарламасының жетекшісі, UMC
Нефрология және диализ бағдарламасының жетекшісі, UMC
Қатты ісік онкологиясы бағдарламасының жетекшісі, UMC
Неврология бағдарламасының жетекшісі, UMC
Неонатология бағдарламасының жетекшісі, UMC
Ревматология бағдарламасының жетекшісі, UMC
Аллергология және иммунология бағдарламасының жетекшісі, UMC
Амбулаторлық клиника бойынша директордың орынбасары, UMC
Эндокринология бөлімінің жетекшісі, UMC
Жаңа туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімінің жетекшісі, UMC
Оқуға қабылдау талаптары
Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Маңызды күндер
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 16 мамырды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Оқу ақысы
Резидентура бағдарламасының ақысы барлық студенттер үшін 2025/2026 оқу жылына $11 200 (5 723 200 теңге) құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Тіркеу кезеңдері
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Оқуға қабылдау талаптары
Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Маңызды күндер
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 16 мамырды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Тіркеу кезеңдері
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі қадамдар реттілігін сақтауы қажет:
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.