Жалпы ақпарат
Отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасы – ДКМАК (Дипломнан кейінгі медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесі) негізгі кәсіби біліктілікке сай отбасы дәрігерлерін дайындайтын үш жылдық күндізгі бағдарлама.
Отбасы дәрігерлерінің науқастардың әртүрлі контингентіне үздіксіз жан-жақты медициналық қызмет көрсетуі мамандық негізі болып табылады. Қолжетімділік, жауапкершілік, тиімділік, атқарушылық тәртіптің маңызды нышаны болып табылады. Медициналық қызмет көрсетуді үйлестіру, кәсіптік алғашқы медициналық көмек көрсетудегі және үнемі дамып отыратын денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекшілік отбасы дәрігерлерінің қосымша маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Алматы декларациясының 40-жылдығына орай, Астанада 2018 жылдың қазан айында өткізілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясының соңында үкімет өкілдері былай деген: «Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (АМСК) нығайту адамдардың физикалық және психикалық денсаулығының деңгейін арттырудың жан-жақты қамтылған, тиімді және нәтижелі тәсілі және АМСК тұрақты даму саласында мақсатқа сай денсаулық сақтау және денсаулыққа байланысты қызмет көрсетумен жан-жақты қамтылуға (ДҚЖҚ) қол жеткізу үшін қажетті денсаулық сақтау жүйесінің негізі болатынына сенімдіміз».
Мансап: Резидентураны бітіргендер дәрігерлік қызметті жалғастыруда.
Бағдарламаның мақсаттары
Назарбаев Университеті Медицина мектебінің отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасының мақсаттары:
Мансаптық мүмкіндіктер
Отбасылық медицина дәрігерлері (ЖПД) өзінің ауқымды медициналық дайындығы мен медициналық жан-жақты көмек көрсету қабілетінің арқасында мансаптық өсу мүмкіндігі бар. Отбасылық медицина дәрігерлеріне қолжетімді мансаптың негізгі бағыттары. Анағұрлым кең таралғандары:
2. Академиялық медицина:
3. Қоғамдық денсаулық сақтау:
4.Әкімшілік функциялары:
5.Консультациялық функциялар:
6.Телемедицинаның дамуы:
7. Мамандану және стипендиялар: NU SOM-да және одан тыс жерлерде
Отбасылық медицина дәрігерлері докторлық дәреже мен стипендия алу арқылы білімін жалғастыра алады, мәселен:
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Резидентура бағдарламасының соңында отбасылық медицина резиденттері келесі нәтижелерге қол жеткізуі керек, "Отбасылық медицина"мамандығы бойынша ACGME кезеңдерінде жоғары білім алу мақсаты:
1) Пациенттерге күтім жасау:
2) Медициналық білім:
3) Жүйелік практика:
4) Оқыту және практика негізінде жетілдіру
5) Кәсібилік:
6) Коммуникация:
Клиникалық ротация орындары
Резидентура бағдарламасы - бұл практикалық тәжірибе, нәтижесінде медициналық университеттің түлегі құзыретті және тәуелсіз медициналық маман болады. Ол үшін кандидатқа пациенттермен әр түрлі жағдайда, бақылаумен және тәлімгерлікпен тұрақты жұмыс жасау қажет, ол уақыт өте келе біртіндеп қысқарады.
Оқыту отбасылық медицина жағдайында, көбінесе Астана қаласының N9 емханасында, сондай-ақ кандидаттың тәжірибесін арттыру үшін әртүрлі клиникаларда (педиатрия, гинекология, хирургия, ішкі медицина бойынша Блок-ротация), негізінен UMC "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" ауруханалары, кардиоорталықта, N2 қалалық ауруханада, Президенттік аурухана, Жұқпалы аурулар ауруханасы, Туберкулезбен ауратындар ауруханасы, Психиатриялық аурухана, Травматологиялық аурухана) өтеді. Кандидат басқа резидентура бағдарламалары аясында NUSOM-да дидактикалық сабақтарға қатысады. Ғылыми медициналық білімнің ажырамас бөлігі тәуелсіз зерттеу болып табылады.
Тіркеу кезеңдері
1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз
Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.
2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз
Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:
1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);
3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.
3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз
Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.
4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз
“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.
5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз
Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.
Одан арғы қадамдар
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.
Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.
Оқуға қабылдау талаптары
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Маңызды күндер
Резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі - 2024 жылдың 12 ақпанынан 2024 жылдың 10 маусымына дейін.
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.
Оқу бағдарламасы
ДКД 1
Интернатураның бірінші жылы (бірінші курс резиденттері) «UMC» емдейтін дәрігерлерінің және/немесе НУММ оқытушы-профессор құрамының басшылығымен бірнеше стационарлық бөлімшелерде асқынған және созылмалы аурулармен ауыратын науқастармен клиникалық тәжірибеге алуға ерекше көңіл бөледі.
Резиденттер 4 апталық ротацияларды мынадай стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде өтетін боладыю
ДКД2
Оқытудың екінші жылы қосымша клиникалық дағдыларды дамытуға, дербестікке және көшбасшылық пен басқарудағы тәжірибені жинақтауға арналған.
Қадағалау функциялары жалпы және мамандандырылған педиатриялық топтарда стационарлық және амбулаториялық бөлімдерде жүргізіледі. Резиденттер, сондай-ақ «UMC» корпоративтік қорының құрамына кірмейтін Астана қаласының ауруханаларында орналасқан Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығында жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады. Жылдың қалған бөлігі мамандандырылған ротацияларға, оның ішінде амбулаториялық клиникаларға және отбасылық медицина практикасының негізі ретінде озық клиникалық тәжірибеге арналған.
Бұдан басқа, резиденттерге тәлімгерлік ету және НУММ-нің жеке сапасы мен зерттеу жобаларын дамыту арқылы өзінің әлеуетті ғылыми мүдделерін дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беріледі.
ДКД 3
Үшінші жыл стационарлық жалпы және мамандандырылған медициналық және хирургиялық топтарда, сондай-ақ алғашқы медициналық қызмет көрсету орталықтары мен жедел жәрдем бөлімшелерінде басшылық жұмысты дамытуға арналады. Осыған орай жылдың бір бөлігі факультативтік ротацияны қамтитын болады (әр резидентке өз клиникалық дайындығын қалыптастыруға және белгілі бір мамандық үшін қажетті қызығушылыққа және тәжірибеге назар аударуға мүмкіндік береді) немесе алғашқы медициналық көмек көрсететін емдеу мекемелерінде қолдануға болатын озық тәжірибеге бағытталатын болады.
Алғашқы жағдайда резиденттерге факультативтік сабақтарға және белгілі бір мамандықтар бойынша өз құзыретін зерделеу, болашақ мамандыққа дайындалу және ең соңында аспирантураның белгілі бір бағдарламаларына оқуға түсу мақсатында зерттеулер жүргізуге уақыт беріледі. Соңғы жағдайда жергілікті медициналық қызмет көрсету саласындағы мүмкіндіктер қолжетімді болуы және ұсынылуы мүмкін, мысалы, ауылдарда немесе қалалық типтегі елді мекендерде ротациялау арқылы.
Оқытушылар құрамы
Отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасының Директоры, Практика бойынша Ассистент профессоры
Ассистент-профессор