Онлайн өтінім қабылдау басталды
Мейірбике ісі бакалавры
«Мейірбике ісі бакалавры» бағдарламасы - бұл екі жылдық оқудан кейін (төрт семестр) кәсіби біліктілік беретін күндізгі бакалавриат бағдарламасы. Қабылдау талаптарына сәйкес келетін және бағдарламаны сәтті аяқтаған мейірбикелер «Мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесін алады.

Практик мейірбикелерге арналған бұл бакалавриат бағдарламасы мейірбикелік білімге және олардың алдыңғы білімі мен мейірбике ісі және денсаулық сақтау саласындағы жұмыс тәжірибесінен алған дағдыларға негізделген. «Мейірбике ісі бакалавры» бағдарламасының оқу мақсаттарына жету үшін мыналарға назар аудару қажет: пациенттер мен қоғамдастықтарды мейірбикелік бағалауға тереңірек назар аудару; денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу; пациенттерді, отбасыларды және қоғамдастықтарды оқыту; мейірбикелік тәжірибені, саясатты және жобаларды басқару үшін дәлелді зерттеулерді пайдалану; сондай-ақ топтық жобалар кезіндегі ынтымақтастық.

Жалпы ақпарат

Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты

Оқыту тілі: орыс

Оқу түрі: күндізгі, кампуста

Ұзақтығы: 2 жыл

ECTS несиелерінің жалпы саны: 240


НУММ пациенттер мен қоғамға медициналық көмек көрсетуге, денсаулықты нығайтуға және аурудың алдын алуға, пациенттерге, отбасыларға және қоғамға білім беруге бағытталған оқу бағдарламасын әзірледі.


Басқа бағдарламалар практикалық дағдыларға емес, теориялық курстық жұмысқа бағытталған болса, біздің мейірбике ісі бойынша бакалавриат бағдарламамыз пациенттерге күтім жасауды жақсартуға арналған зертханалық симуляцияларды қоса алғанда студенттеріміздің мейірбике ісі саласындағы кәсіби тәжірибесін қамтиды.


НУММ мейірбикелік тәжірибені басқару үшін дәлелді зерттеулерді пайдаланады, ал бірлескен топтық жобаларда студенттер бағдарламаның оқу нәтижелеріне сәйкес өз шеберліктерін көрсетеді.


Бұл бағдарламаға оқуға түсу үшін талапкерлер НУММ-ның ауқымды талаптарына сәйкес келетін мейірбикелер болуы керек.


Бұл бағдарламаны аяқтағаннан кейін мейірбикелер әртүрлі бағытта жұмыс жасауға құқылы:

  • Денсаулық сақтау - түлектер денсаулық сақтау саласында, қоғамдық денсаулық сақтау саласында және қоғамдық ауруханалар мен клиникаларда жұмыс жасай алады.
  • Біліктілікті арттыру - біздің бағдарламамыздың түлектері оқыту, сондай ақ мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда лауазымдарды атқару мүмкіндіктерін ашатын магистрлік бағдарламаларымыздың бірінде білімін жалғастыра алады.

Өтінім беру кезеңдері

1-ҚАДАМ. Жеке кабинет ашу

Жеке кабинет ашу үшін www.admissions.nu.edu.kz порталына тіркелу қажет. Жеке кабинетте тіркеу рәсімі бойынша нұсқаулықпен танысуды ұмытпаңыз.


2-ҚАДАМ. Сауалнама формасын толтыру және қажетті құжаттарды ұсыну.

Жеке кабинетте сауалнама формасын толтыру және қажетті құжаттарды тіркеу:

  1. Паспорттың/жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
  2. Мейірбикелік іс саласындағы транскрипті бар дипломның немесе баламасыныңнотариалды расталған және сканерленген көшірмесі немесе транскрипттің баламалы тексерілген сандық көшірмесі;
  3. Дипломнан кейінгі оқытудың нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі;
  4. Еңбек кітапшасының немесе өзге де балама құжаттың нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі;
  5. Мейірбикелік іс саласындағы маманның қолданыстағы сертификаты (электрондық форматта);
  6. Ағылшын тілінде екі (2) ұсыным хат;
  7. Ағылшын тіліндегі эссе (400-800 сөз).

3-ҚАДАМ. Тіркеуді аяқтау

«Submit application» батырмасын басыңыз. Өтініш бергеннен кейін талапкерлер өздерінің жеке кабинетіне өзгерістер енгізе алмайды.


Әрі қарай әрекет ету

Өз статусыңызды бақылау үшін Студенттерді қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электрондық поштаны, сондай-ақ жеке кабинетіңізді тексеріп отырыңыз.


Тіркеу бойынша проблемалар туындаған жағдайда міндетті түрде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген нөмір – Applicant ID көрсетеотырып, info_admissions@nu.edu.kz электрондық мекенжайына сұрау жолдауды сұраймыз.

Қабылдау талаптары

  • 4-балдық шкала бойынша ең төменгі балама балы 2,67 немесе мейірбикелік іс саласындағы дипломының болуы. Қазақстанда немесе үміткер азаматы болып табылатын елде практикалық қызметін жүзеге асыруға лицензиясы немесе тиісті орган берген құжатпен расталған сертификатының болуы тиіс;
  • соңғы бес жыл ішінде мейірбикелік іс саласындағы 2 және одан астам жыл кәсіптік және/немесе ерікті тәжірибесінің болуын растау;
  • үміткердің мейірбикелік іс саласындағы білімі, дағдылары мен жұмысқа көзқарасы сипатталатын, аға медициналық бикеден немесе доктордан екі ұсыным хат;
  • мейірбикелік іс саласындағы дипломнан кейінгі оқу біліктілігін аяқтау;
  • екі компонент: білімі және клиникалық дағдылары бойынша балы 70%дан кем емес болатын, мейірбикелік іс саласындағы қабылдау тестінен (NAT) өту;
  • МІБ бағдарламасын аяқтауға уәждемесін көрсетіп, эссе (400 - 800 сөз) ұсыну;
  • Мейірбике ісі саласындағы маманның қолданыстағы сертификаты.

Өтініш берушілер онлайн тіркелу үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі

  1. МІБ бағдарламасына арналған өтінім нысаны.
  2. Паспорттың/жеке куәліктің сканерленген көшірмесі.
  3. Мейірбикелік іс саласындағы транскрипті бар дипломның немесе баламасының нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі немесе транскрипттің баламалы тексерілген сандық көшірмесі.
  4. Дипломнан кейінгі оқытудың нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі.
  5. Еңбек кітапшасының немесе өзге де балама құжаттың нотариалды расталған және сканерленген көшірмесі.
  6. Мейірбикелік іс саласындағы маманның қолданыстағы сертификаты (электрондық нысанда).
  7. Ағылшын тілінде екі (2) ұсыным хат (электрондық түрде).
  8. Ағылшын тілінде эссе (400-800 сөз) (электрондық түрде).

Маңызды күндер

2025 - 2026 оқу жылына үміткерлер үшін маңызды күндер:

  • Онлайн өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 27 наурыз

Конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау

  • Назарбаев Университеті ең төменгі талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді қарастырады, алайда оқуға қабылдануына кепілдік бермейді.
  • Конкурсқа қатысуға арналған өтінім оны онлайн толтырғаннан кейін аяқталды деп саналады. Қағаз тасығыштағы барлық қажетті құжаттар Қабылдау департаментіне белгіленген мерзімдерде жеткізілуі тиіс.
  • Үміткерлер қажетті құжаттарды Қабылдау департаментіне жеткізуді қамтамасыз ету үшін толық жауапты болады. Қабылдау департаментінің қарауына ұсынылған үміткердің құжаттары қайтарылуға жатпайды.
  • Назарбаев Университеті Мектептерінің Қабылдау комиссиялары аппликациялық өтінімдерді, қажетті құжаттарды, сондай-ақ тестілердің нәтижелерін жан-жақты бағалаудың негізінде оқуға шақыру туралы шешім қабылдайды.
  • Конкурстың нәтижесі бойынша және шешімдердің негізінде Қабылдау комиссиясы бекіткен рейтингке сәйкес Мектептердің Қабылдау комиссиялары үміткерлерді оқуға қабылдауға ұсынады. Осы үміткерлерге электронды мекенжайына Қабылдау комиссиясының қабылдаған шешімі туралы ресми хабарлама-хат жолданады. Үміткерлер де өз статусын «Жеке кабинетінен» көре алады.

Конкурстың әр кезеңінде талапкерге қойылатын статустардың сипаттамасы.

Статустар талапкердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Does not meet the entry requirements. Талапкер бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді, Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаментімен сауалнама нысандар мен құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Withdrawn. Бакалавриат бағдарламасына Қабылдау комиссиясының шешімі шыққанға дейін конкурсқа қатысудан бас тартқан талапкерлерге статус қойылады.


Recommended for admission. Қабылдау комиссиясы талапкерді қабылдауға ұсынады және оған оқуға шақыру хат жіберіледі.


Waiting list. Талапкер күту парағында. Ол бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келеді, бірақ төмен балдарға байланысты ол рейтингтің төменгі жағында. Мұндай талапкерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені егер бұрын ұсынылған талапкерлердің бірі оқуға қабылдаудан бас тартса, оқуға шақыру жіберілуі мүмкін.


Rejected by Admissions Committee. Қабылдау комиссиясы талапкердің құжаттарын қарағаннан кейін, күту тізіміне қоймай немесе конкурстан кейін, оны қабылдау конкурсынан шығарды.


Refused admission offer. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды, бірақ НУ-да оқуға шақыру хатынан бас тартты.


Refused in favor of CPS. Талапкер NUFYP бағдарламасын таңдап бакалавриат бағдарламасынан бас тартты. Бұл статус талапкер бакалавриат бағдарламасына шақыру хатынан жазбаша бас тартқаннан кейін немесе егер талапкер күту парағында болса және бакалавриат бағдарламасына шақыру хатын алғанға дейін NUFYP бағдарламасында оқуға жазбаша келіссе қойылады. Соңғы жағдайда талапкерге шақыру хаты жіберілмейді.


Guarantee fee paid. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды және міндетті кепілдік жарнасын төледі.


Accepted admission offer. Бұл статус оқуға шақыру хатын алған, келісім берген және Университет шарттарын орындаған - кепілдік жарнаны төлеген және оқуға қабылдау үшін құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған талапкерлерге қойылады.


Did not come to Orientation week/Refused. Оқуға келісім берген, құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған, бірақ мектептің Бағдарлау апталығына қатыспаған талапкерлерге қойылады. Болған жағдайда, босаған орындарға күту парағынан талапкерлер шақырылуы мүмкін


Enrolled. Талапкер оқуға қабылданды. Статус оқуға қабылдау туралы Провост шешімі шыққаннан кейін қойылады, содан кейін талапкер ресми түрде Университет студенті болып табылады.


Enrolled conditionally. Талапкер оқуға шартты түрде қабылданды. Берілген мерзімге дейін аттестаттың түпнұсқасын тапсыру шартын орындау қажет.


Did not submit the documents/refused. Талапкер көрсетілген мерзімде құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған. Бұл талапкердің Университетте оқудан бас тартатынын білдіреді.

  • Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдауға ұсынған, шақыру-хаттар алған үміткерлер Университетке қабылдауға келісудің тиісті нысанын жіберіп, ол қабылданған соң университетпен білім беру саласындағы қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қойылғаннан кейін ғана қайтарылатын кепілдік жарнаны алдын ала төлеп, Университетте білім алуға шақыруды қабылдағаны немесе бас тартқаны туралы хабарлайды.
  • Кепілдік жарнаны төлеген үміткерлер қажетті құжаттарды қағаз жеткізгіште Университеттің Студенттерді қабылдау департаментіне белгіленген мерзімде ұсынады.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.