Жалпы ECTS кредиттер саны: 240
Тіркеу кезеңдері
Жеке кабинетіңізде өтінім беру нұсқаулығымен міндетті түрде танысыңыз.
Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation and Undergraduate Programs сілтемесін ашыңыз. Foundation and Undergraduate Application Form өтінім беру нысанын онлайн түрде толтырыңыз және оған қоса онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Өтінім беру нысаның барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.
Оқуға қабылдау талаптары
Жалпы талаптар
Ағылшын тілінің деңгейі
IELTS жалпы балл: 6.0.
Ең төменгі көрсеткіш: 6.0 - Жазу; 5.5 - Тыңдалым, Сөйлеу, Оқылым
TOEFL iBT: ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
IB Diploma немесе эквивалент
Жалпы балл — 27, жоғары деңгейдегі (HL) 3 пән бойынша бағалар — 4, 4, 4.
A-level / NIS-тің 12-сынып аттестаты немесе эквивалент
Пәндер бойынша нәтиже BBB-ден төмен болмауы тиіс.
GPA немесе эквивалент**
және/немесе
ҰБТ ағылшын тілінде***
5.0 тен 4.0
1. Математикалық сауаттылық: 10 нан 8
2. Оқу сауаттылығы 10 нан 8
3. Жалпы балл: 85
Қосымша талаптар:
Конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау
Конкурстың әр кезеңінде талапкерге қойылатын статустардың сипаттамасы.
Статустар талапкердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Does not meet the entry requirements. Талапкер бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді, Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаментімен сауалнама нысандар мен құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Withdrawn. Бакалавриат бағдарламасына Қабылдау комиссиясының шешімі шыққанға дейін конкурсқа қатысудан бас тартқан талапкерлерге статус қойылады.
Recommended for admission. Қабылдау комиссиясы талапкерді қабылдауға ұсынады және оған оқуға шақыру хат жіберіледі.
Waiting list. Талапкер күту парағында. Ол бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келеді, бірақ төмен балдарға байланысты ол рейтингтің төменгі жағында. Мұндай талапкерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені егер бұрын ұсынылған талапкерлердің бірі оқуға қабылдаудан бас тартса, оқуға шақыру жіберілуі мүмкін.
Rejected by Admissions Committee. Қабылдау комиссиясы талапкердің құжаттарын қарағаннан кейін, күту тізіміне қоймай немесе конкурстан кейін, оны қабылдау конкурсынан шығарды.
Refused admission offer. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды, бірақ НУ-да оқуға шақыру хатынан бас тартты.
Refused in favor of CPS. Талапкер NUFYP бағдарламасын таңдап бакалавриат бағдарламасынан бас тартты. Бұл статус талапкер бакалавриат бағдарламасына шақыру хатынан жазбаша бас тартқаннан кейін немесе егер талапкер күту парағында болса және бакалавриат бағдарламасына шақыру хатын алғанға дейін NUFYP бағдарламасында оқуға жазбаша келіссе қойылады. Соңғы жағдайда талапкерге шақыру хаты жіберілмейді.
Guarantee fee paid. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды және міндетті кепілдік жарнасын төледі.
Accepted admission offer. Бұл статус оқуға шақыру хатын алған, келісім берген және Университет шарттарын орындаған - кепілдік жарнаны төлеген және оқуға қабылдау үшін құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған талапкерлерге қойылады.
Did not come to Orientation week/Refused. Оқуға келісім берген, құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған, бірақ мектептің Бағдарлау апталығына қатыспаған талапкерлерге қойылады. Болған жағдайда, босаған орындарға күту парағынан талапкерлер шақырылуы мүмкін
Enrolled. Талапкер оқуға қабылданды. Статус оқуға қабылдау туралы Провост шешімі шыққаннан кейін қойылады, содан кейін талапкер ресми түрде Университет студенті болып табылады.
Enrolled conditionally. Талапкер оқуға шартты түрде қабылданды. Берілген мерзімге дейін аттестаттың түпнұсқасын тапсыру шартын орындау қажет.
Did not submit the documents/refused. Талапкер көрсетілген мерзімде құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған. Бұл талапкердің Университетте оқудан бас тартатынын білдіреді.