Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар
Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі
Оқыту түрі: Күндізгі
Ұзақтығы: 4 жыл
Мансап: Резидентураны бітіргендер дәрігерлік қызметті жалғастыруда.
Жалпы ақпарат
Анестезиология және реаниматология бойынша резидентура бағдарламасы – бұл ауруханада да, амбулаториялық жағдайда да жұмыс жасай алатын анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерді даярлаудың төрт жылдық бағдарламасы.
Үздік клиникалық дайындық пен тәлімгерлікті қамтамасыз ете отырып, біз анестезиологияның барлық салаларында, соның ішінде операция бөлмесінде, реанимация бөлімінде, босану бөлмесінде және ауырсыну клиникасында көшбасшыларды дайындауға ұмтыламыз. Жаңалықтар, трансляциялық зерттеулер, дәлелді медицина принциптерін тәжірибеге енгізу және білімді беру арқылы біз бұл көшбасшылықты дамытамыз және ынталандырамыз. Сонымен қатар, бұл бағдарлама резиденттерге академиялық мансапқа жеткізетін дәрігерлерді даярлау үшін клиникалық және трансляциялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаттары
Резидентура бағдарламасының мақсаттары:
Оқу бағдарламасы
Клиникалық оқу жоспары анестезиология және реаниматология бойынша резидентура бағдарламасына арналған ACGME (Жоғары медициналық білім бойынша аккредиттеу кеңесі) бағдарламалық талаптарына негізделген және барлық Резидентура бағдарламаларына қажет ACGME құзыреттері мен кезеңдеріне сәйкес келеді.
Бірінші оқу жылы (PGY-1)
Оқытудың бірінші жылы UMC емдеуші дәрігерлерінің және/немесе NUSOM оқытушыларының тиісті бақылауымен жедел және созылмалы аурулары бар және аурухананың әртүрлі бөлімшелеріне түскен пациенттермен клиникалық тәжірибеге бағытталған. Бірінші жылдың мақсаты (PGY-1) резидентке медицинаның көптеген салаларында кең түсінік беру болып табылады. Мақсат – резидентке әртүрлі ақпарат пен дағдыларды алуға және жан-жақты дәрігер болуға мүмкіндік беру.
Резиденттер стационарлық және/немесе анестезиологиялық бөлімшелерде (жалпы және мамандандырылған) 8 апталық ротация серияларынан өтеді.
Екінші және үшінші оқу жылдары (PGY-2 / CA1 және PGY3 / CA2)
Резиденттер бірінші оқу жылында (PGY-1) алған клиникалық тәжірибесін дамытуды жалғастырады.
1) Резидентке анестезиолог-реаниматолог дәрігерінен күтілетін негізгі дағдылар мен білім алуға мүмкіндік бере отырып, анестезиология және қарқынды терапия бөлімшелеріндегі ротация PGY-1-ден PGY-2-ге дейін жалғасады. Сонымен қатар, резидент мамандандырылған анестезия және қарқынды терапия бойынша ротациялардың кең спектрінен өтеді. Бұл резидентке анестезиологиялық және реанимациялық тәжірибенің тереңдігі мен кеңдігінде, тәжірибені тереңірек түсінуге және алуға мүмкіндік береді. Ішкі аурулар мен реанимация ротациялары анестезиологтың пациенттерге озық периоперациялық медициналық көмек беруге жәрдемдеседі. Жалпы алғанда, резиденттерде анестезия мен қарқынды терапияға қатысты анатомия, фармакология, физика, патология және физиология бойынша жұмыс білімі болуы керек.
Төртінші оқу жылы (PGY-4/CA3)
Резиденттер әртүрлі ротацияларға қатысуды жалғастырады және ішкі аурулар мен реаниматология бойынша ротацияларын аяқтайды. PGU-4 соңына қарай резиденттер анестезиологиялық және реаниматологиялық практика саласын терең түсінеді деп күтілуде. PGY4-те қосымша жұмыс немесе зерттеу қажет болуы мүмкін салаларға назар аударылады. Сонымен қатар, резиденттердің кіші кеңесшінің клиникалық міндеттері (тиісті қолдауымен) болады деп күтілуде, олар анатомия, фармакология, физика, патология және физиология туралы білімдерін күнделікті тәжірибеде басшылықсыз қолдана алады.
PGY4 бағдарламасы аясында жүргізілетін процедуралар көбінесе кіші кеңесшінің білім деңгейінде орындалуы керек.
Клиникалық ротация орындары
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Анестезиология және реаниматология саласындағы резидентура бағдарламасының соңында резиденттер Анестезиология және реаниматология саласындағы мамандар үшін ACGME келесі кезеңдерінің көпшілігі бойынша нысаналы көрсеткішке жетуі тиіс:
1) Пациенттерге күтім жасау:
2) Медициналық білім:
3) Жүйелік практика:
4) Практика негізінде оқыту және жетілдіру
5) Кәсібилік:
6) Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары:
Бағдарлама бойынша оқытудың барлық нәтижелері (БОН) ACGME анестезиологиясының негізгі бағыттарына және оларға қоса берілген аннотацияларға сәйкес келеді. Кезеңдер медициналық мамандандыру бағдарламасына қажетті барлық негізгі параметрлер, дағдылар мен құзыреттер бойынша резиденттің дамуын көлденең және бойлық талдауға негіз береді (және жоғары мамандандырылған бағдарламаның негіздері). Кезеңдер деңгейлер бойынша орналастырылған; 1-деңгейден 5-деңгейге дейін алға жылжу жаңадан бастаушыдан сарапшыға дейін ілгерілеумен синоним болып табылады. Әрбір есепті кезең үшін талдау және есептілік әрбір резиденттің әрбір нақты ОН-ға қатысты ағымдағы қызметін жақсы сипаттайтын эталондық деңгейді таңдауды қамтиды.
Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін Анестезиология және реаниматология бойынша резидентура бағдарламасын бітірген резиденттер барлық осы кезеңдер бойынша тиісті үлгерім деңгейіне қол жеткізе алады. Атап айтқанда, 3 деңгей шығарылымның минималды мақсаты ретінде белгіленеді; дегенмен, шығаруға дайындық туралы шешім қабылдау резидентура бағдарламасы директорының және клиникалық құзыреттілік комитетінің құзыретіне кіреді.
Мансаптық мүмкіндіктер
Мансаптық мүмкіндіктер резидентураның анестезиология және реаниматология түлектеріне мансап жолын қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне бейімдей отырып, әртүрлі жағдайлар мен мамандықтар бойынша өз дағдыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға мыналар кіреді (бірақ олармен шектелмейді):
Оқытушылар құрамы
Анестезиология және реаниматология саласындағы резидентура бағдарламасының Директоры, Ассистент-профессор
Тимур Капышев, MD, MBA
Симуляция орталығының директоры, Адъюнкт-Профессор
Какенов Еркен, MD, MBA
Педиатриялық анестезиология және реаниматология
Мустафинова Гульнара, MD
Акушерлік және гинекологиядағы анестезиология және реаниматология
Баубекова Халка, MD
Онкологиялық анестезиология және реаниматология
Куанышбек Айдын, MD
Кардиологиялық анестезиология және реаниматология
Оқуға қабылдау талаптары
Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Маңызды күндер
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 16 мамырды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Оқу ақысы
Резидентура бағдарламасының ақысы барлық студенттер үшін 2025/2026 оқу жылына $11 200 (5 723 200 теңге) құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Тіркеу кезеңдері
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Оқуға қабылдау талаптары
Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Маңызды күндер
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 16 мамырды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Тіркеу кезеңдері
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі қадамдар реттілігін сақтауы қажет:
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.