Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицины мектебінің ғимараты, ауруханалар
Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі
Оқыту түрі: Күндізгі
Ұзақтығы: 5 жыл
Мансап: Резидентураны бітіргендер дәрігерлік қызметті жалғастыруда.
Жалпы ақпарат
Урология саласындағы резидентура бағдарламасы – бұл екі жыл жалпы хирургия және үш жыл урология саласындағы мамандарды даярлау бағдарламаларын қамтитын бес жылдық резидентура бағдарламасы. Резиденттер урологиялық ауруларды амбулаториялық және стационарлық емдеу үшін келесі салаларда білім, білік және дағдыларға қол жеткізеді: андрология, бедеулік, импотенция, сексуалдық, несеп-тас ауруы, нейроурология, обструктивті аурулар, онкология, балалар урологиясы, эндоурология, экстракорпоральды соққы толқыны литотрипсиясы, әйелдер урологиясы, жұқпалы аурулар, реноваскулярлық аурулар, бүйрек үсті безінің хирургиясы, бүйрек трансплантациясы, жарақат және уродинамика.
Бұл бағдарлама резидент урологтарды ACGME (Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесі) алты негізгі құзыретіне сәйкес оқытады.
Алғашқы екі жыл жалпы хирургия, қарқынды терапия бөлімі / анестезиология, қан тамырлары хирургиясы, шұғыл хирургия, травматология және амбулаториялық хирурги сияқты хирургиялық мамандықтар бойынша әдеттегі ротацияларды қамтиды, бұл бір айдан үш айға дейінгі ротация тәжірибесін береді. Қалған үш жыл академиялық немесе жеке тәжірибелік мансапты таңдауға мүмкіндік беретін үздік уролог хирургтарды дайындау үшін урологияның барлық салаларын қамтитын ротация ұзақтығы бір айдан төрт айға дейінгі тереңдетілген тәжірибені қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламасы
НУММ урология саласындағы резидентураны оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты – урологиялық қызметке жіберілетін бағыттардың ауқымын қауіпсіз тексере алатын және олардың көпшілігімен қауіпсіз жұмыс істей алатын урология мамандары хирургтарды дайындау. Олар неғұрлым күрделі жағдайларды және олардың жеделдігін анықтап, сонымен қатар іргелі және клиникалық зерттеулер саласында жақсы дайындықтан өтіп, тиісті және уақтылы бағыттарды ұйымдастыра алады. Біздің түлектер қоғамдық ауруханада немесе жеке ауруханада немесе университеттің оқу ауруханасында академик ретінде сенімді түрде машықтана алады.
Клиникалық тапсырмалар әр резидент үшін жауапкершіліктің сараланған деңгейіне, науқастарға күтім көрсетудің үздіксіздігіне, білім мен күтім арасындағы тепе-теңдікке және прогрессивті клиникалық тәжірибеге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін мұқият құрылымдалады.
5 жылдық оқу бағдарламасы когнитивті, психомоторлық және аффективті оқу мақсаттарын қарастырады және резиденттерге кеңірек түсінік алуға және тиісті техникалық және қимыл дағдыларын мүмкіндік береді:
PGY 1 және PGY2
Бұл ротациялар резидентке операцияға дейінгі және кейінгі хирургиялық көмектің негіздерін және тіндерді өңдеу, қарапайым және күрделі жараларды тігу, ашу және негізгі жалпы хирургиялық процедураларды орындау сияқты хирургиялық техникалық дағдылардың берік негізін қамтамасыз етуге арналған. Урологтарды ротациялау кезінде резиденттер урологиялық диагностикамен, эндоскопиямен, уродинамикалық техникамен және теориямен, сондай-ақ урологиялық онкологиясы бар пациенттерді қараумен танысады. Олар сондай-ақ негізгі операциялық дағдыларды (соның ішінде аз инвазивті) және урологиялық аурулардың кең таралған және әдеттен тыс процестерімен жұмыс істеу бойынша терең тәжірибе алады.
PGY 3 - PGY 5
PGY-3-5 жыл бағдарламасы балалар урологиясы, эндоурология, әйелдер урологиясы, бедеулік, эректильді дисфункция және урологиялық онкология саласында қарқынды оқытуды қарастырады. Урологиялық Онкологиядағы Ротация простата, қуық немесе бүйрек қатерлі ісігі бар науқастарға айтарлықтай қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бүйрек трансплантациясы бойынша оқыту жүргізіледі.
Білім беру қызметі
Бағдарлама барысында жоспарланған конференциялар үнемі өткізіліп тұрады. Хирургиялық қызмет конференциясы апта сайын ауру-сырқау мен өлімнің барлық жағдайларын қарастырады. Іргелі ғылым және клиникалық мәселелер бойынша апта сайынғы семинарлар сериясы хирургиялық көмекке қатысты негізгі мәселелер бойынша негізгі оқу бағдарламасын, соның ішінде журнал шолуларын, урологиялық визуалдау конференцияларын және урологиялық патология конференцияларын қарастырады.
Басқа клиникалық кафедралар мен іргелі ғылымдар кафедраларының хирургиялық қызметкерлері мен ПОҚ мүшелері баяндама жасайды. Хирургиялық клиникалық талдаулар айына бір рет өткізіледі және мамандықтың барлық аспектілері бойынша таныстырылымдарды қамтиды.
Дидактикалық сабақтар келесі тақырыптарды/аспектілерді қамтиды:
Одан бөлек, келесі негізгі әдістер енгізіледі:
Оқуға қабылдау талаптары
Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Маңызды күндер
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 16 мамырды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Оқу ақысы
Резидентура бағдарламасының ақысы барлық студенттер үшін 2025/2026 оқу жылына $11 200 (5 723 200 теңге) құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Тіркеу кезеңдері
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Оқуға қабылдау талаптары
Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу
Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
Маңызды күндер
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 16 мамырды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Тіркеу кезеңдері
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі қадамдар реттілігін сақтауы қажет:
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.