Бакалавриат, "Медицина докторы", магистратура және докторантура бағдарламаларына онлайн өтінім қабылдау басталды
Жиі қойылатын сұрақтар

Бағдарламаға қатысу талаптары мамандыққа ешқандай шектеулер қоймайды. Алайда, кем дегенде, зертханалық биология және зертхана жұмыстарымен жалпы химия курстарынан тұратын екі жаратылыстану ғылымдарын міндетті түрде бітіру бағдарламаның негізгі талаптарының бірі болып табылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасы (ҚДСМ) көп салалы болғандықтан оған әртүрлі мамандық иелері құжат тапсыра алады. Атап өтсек, биология, химия, медицина, мейірбике ісі, әлеуметтану, антропология, іскери әкімшілік, қоғамдық саясат, коммуникация және білім беру, статистика мен математика, инженерлік іс және тағы басқа да қатысты салалар мамандары құжат тапсыра алады.

Молекулалық медицина саласындағы магистратура бағдарламасы көп салалы болғандықтан оған әртүрлі мамандық иелері құжат тапсыра алады. Атап өтсек, биология, химия, медицина тағы да басқа қатысты салалар мамандары құжат тапсыра алады.

Біз әрқашан сіздің сұрақтарыңызға жауап
беруге және көмектесуге дайынбыз