Онлайн өтінім қабылдау басталды

Медициналық онкология саласындағы резидентура бағдарламасы

Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар

Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс

Оқыту формасы: күндізгі

Ұзақтығы: 5 жыл

Жалпы ақпарат

НУММ медициналық онкология саласындағы резидентура - бұл дәрігерлерді медициналық онкология саласындағы мансапқа даярлауға бағытталған бес жылдық бағдарлама. Бағдарлама онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді диагностикалау мен емдеуде құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, тереңдетілген клиникалық даярлықты, рәсімдер жүргізудің практикалық тәжірибесін және ғылыми зерттеулерге қатысуды көздейді.


Оқу жоспары Дипломнан кейінгі медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесінің (ACGME) талаптарына сәйкес келеді және алғашқы үш жыл ішінде ішкі медицина бойынша базалық даярлықты қамтиды, одан кейін медициналық онкология саласындағы интенсивті маманданудың екі жылы өтеді.

Бағдарламаның мақсаттары

НУММ медициналық онкология саласындағы резидентура онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге жан-жақты көмек көрсетуге, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен медициналық білім беруге үлес қосуға қабілетті жоғары білікті онкологтарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама резиденттерді жан-жақты даярлауды қамтамасыз ете отырып, ACGME-нің негізгі алты құзыретіне негізделген. Резидентура бағдарламасының негізгі мақсаттары мынаны білдіреді:

  • Медициналық онкология саласындағы ACGME негізгі алты құзыретіне сәйкес резиденттерді оқыту: (Пациенттердің күтімі және процедуралық дағдылар, медициналық білім, практика негізінде оқыту және жетілдіру, тұлғааралық қарым-қатынас дағдысы, кәсібилік, жүйелік практика);
  • ММ түлектерін жалпы практиканың білікті дәрігерлері және клиникалық және ғылыми қызметте білімі мен дағдысын қолдануға қабілетті медициналық онкология саласындағы мамандар болуға дайындау;
  • Қазақстан халқының қазiргi заманғы қажеттiлiктерiне жауап беретiн медициналық онкология саласында, оның iшiнде ауылдық және қалалық жерлерде мамандар даярлау.

Мансаптық мүмкіндіктер

НУММ-дағы медициналық онкология саласындағы резидентураны аяқтағаннан кейін бітірушілер әртүрлі мансаптық бағыттарға жан-жақты дайындалатын болады, оның ішінде:

  • Онкологиялық ауруханалардағы, орталықтардағы және амбулаториялық клиникалардағы клиникалық практика.
  • Онкологияның дамуына үлес қоса отырып, академиялық және ғылыми-зерттеу қызметі.
  • Онкологиямен байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі басшылық лауазымдар.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Медициналық онкология саласындағы резидентура бағдарламасы аяқталғаннан кейін резиденттер мынаны қоса алғанда, онкология үшін ACGME кезеңдеріне сәйкес негізгі құзыретті игеруге тиіс:


1. Пациенттердің күтімі және емшара дағдысы

  • Стационар, амбулаториялық қабылдау және қарқынды терапия жағдайында онкологиялық пациенттерді диагностикалау мен емдеудегі құзыреттілік.
  • Химиотерапия, таргеттік терапия және иммунотерапия жүргізу дағдысын меңгеру.
  • Сүйек кемігін аспирациялау, биопсия және люмбалдық пункция нәтижелерін орындау және түсіндіру білігі.

2. Медициналық білім

  • Эпидемиология, патофизиология және емдеу әдістерін қоса алғанда, қатты мүшелердің қатерлі ісіктері мен гематологиялық ісіктерді жан-жақты түсіну.
  • Визуалдау, биомаркерлер және патоморфология сияқты диагностика және стадиялау құралдарын меңгеру.
  • Обыр генетикасы, дербестендірілген медицина және клиникалық зерттеулер саласындағы сараптамалық білім.

3. Практика негізінде оқыту және жетілдіру

  • Клиникалық практикаға жаңа ғылыми деректерді бағалау және енгізу қабілеті.
  • Емдеу сапасын жақсарту және терапия стратегиясын оңтайландыру мақсатында тұрақты өзін-өзі бағалау.
  • Онкологиялық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі бастамаларға қатысу.

4. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдысы

  • Пациенттермен және олардың отбасымен тиімді қарым-қатынас жасау, оның ішінде нашар жаңалықты хабарлау және емдеу нұсқаларын талқылау.
  • Мультидисциплинарлық командалармен ынтымақтастық (хирургтер, радиологтар, патологтар, паллиативтік көмек жөніндегі мамандар).
  • Онкологиялық білім беру және пациенттерге консультация беру саласындағы көшбасшылық.

5. Кәсіпқойлық

  • Онкологиялық көмектің этикалық қағидаттарын ұстану, пациенттің құқықтарын қорғау және саналы келісімді қамтамасыз ету.
  • Емдеу туралы шешім қабылдауға әсер ететін мәдени және әлеуметтік-экономикалық факторларға сезімталдық.
  • Клиникалық және зерттеу қызметiнде кәсiби тұтастық пен жауапкершiлiктi қолдау.

6. Жүйелік тәжірибе

  • Онкологиялық көмек көрсету жүйелерін, клиникалық ұсынымдар мен денсаулық сақтау саясатын түсіну.
  • Онкологиялық емдеу бағытын, терапия аяқталғаннан кейін пациенттерді сүйемелдеу бағыты мен бағдарламаларын үйлестіру.
  • Обырдың алдын алу, скрининг және қоғамдық денсаулық сақтау жобаларына белсенді қатысу.

Клиникалық ротация орындары

Оқыту барысында резиденттер жалпы ішкі медицина мен гастроэнтерологияның әртүрлі стационарлық және амбулаториялық клиникалары бойынша ротациядан өтеді. Барлық клиникалық сабақтар мынадай ауруханалар мен орталықтарда өткізілетін болады:

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз

Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.


4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз

“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.


5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз

Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.


Одан арғы қадамдар

Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды күндер

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 29 маусымы қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

PGY-1 - PGY-3: Ішкі медицина бойынша базалық дайындық

Резиденттер кең клиникалық дағдыны қалыптастыру үшін негізгі мамандықтарды қамтитын ішкі медицина бойынша іргелі оқытудан өтеді.


PGY-1

  • Жалпы ішкі медицина (2 ай)
  • Неврология (2 ай)
  • Пульмонология (2 ай)
  • Қарқынды терапия (1 ай)
  • Шұғыл медициналық көмек (2 ай)
  • Шұғыл жағдайларда және медициналық көмек көрсету орнында ультрадыбыстық зерттеу (2 ай)

PGY-2

  • Жалпы ішкі медицина - нефрология және ревматология (2 ай)
  • Жалпы ішкі медицина - гастроэнтерология және эндокринология (2 ай)
  • Жалпы ішкі медицина - пульмонология және кардиология (2 ай)
  • Кардиология (2 ай)
  • Ревматология (2 ай)
  • Электив (1 ай)

PGY-3

  • Эндокринология (2 ай)
  • Гематология (1 ай)
  • Гастроэнтерология - гепатология (2 ай)
  • Нефрология және гемодиализ (2 ай)
  • Амбулаториялық медицина (1 ай)
  • Элективті клиникалық ротациялар (3 ай)

PGY-4 - PGY-5: Медициналық онкология саласындағы мамандану

НУММ-да ішкі медицина саласындағы резидентураның 3 жылын аяқтаған резиденттер медициналық онкология бойынша оқуын жалғастыра алады.


PGY-4

  • Клиникалық медициналық онкология (қатты ісіктер - стационар және амбулатория) - 5 ай
  • Ми ісіктері - 2 ай (Ұлттық ғылыми нейрохирургия орталығы)
  • Ісіктерді визуалдау (КТ, МРТ, ПЭТ) - 2 ай
  • Патология және зертханалық диагностика - 1 ай
  • Қарқынды терапия бөлімшесі - 1 ай

PGY-5

  • Клиникалық медициналық онкология (қатты ісіктер - стационар және амбулатория) - 5 ай
  • Онкогематология және сүйек кемігін транспланттау - 5 ай
  • Электив (паллиативтік көмек) - 1 ай

Бұл құрылымдалған оқу жоспары резиденттерде онкологиядағы дербес практикаға даярлай отырып, қатты ісіктер онкологиясы, онкогематология және қолдау терапиясы саласындағы сараптамалық білімді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Оқытушылар құрамы

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.
2025 - 2026 жылдарға арналған резидентура бағдарламаларына өтініш беру мерзімі аяқталады
Күн
Сағат
Минут
Секунд