UMC
«University Medical Center» корпоративтік қоры «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің 2015 жылғы 20 қыркүйектегі шешіміне сәйкес құрылды.
Жалпы сыйымдылығы 475 стационарлық төсек және бір ауысымда 500 амбулаториялық- емханалық қабылдау мүмкіндігі бар UMC құрамына екі инновациялық медициналық орталықты біріктіреді: Диагностикалық орталық (ДО) және Ана мен бала орталығы (АБО).
UMC орталықтары денсаулық сақтау саласындағы беделді халықаралық сертификаттау- Joint Commission International стандарттарына сәйкес аккредиттелген.
UMC Назарбаев Университетінің біріктірілген академиялық денсаулық сақтау жүйесінің (NU Medicine) бір бөлігі болып табылады.
Жүйенің мақсаты клиникалық, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін біріктіру арқылы Қазақстанның денсаулық сақтауын алға жылжыту болып табылады. Осы бірігу зор артықшылықтарға ие, ол заманауи медициналық білімді беруге және UMC орталықтарында пациент және оның отбасына бағдарланған денсаулық сақтау стандарттарын арттыруға ықпал етеді.
UMC ауруханалары
Диагностикалық орталық (ДО)
|
Ана мен бала орталығы (АБО)
-Клиника жағдайында босану және жаңа туған нәрестелерді күту; -Жаңа туылған нәрестелердегі перитонеальді диализ; -Балалар жасындағы патологияларды, оның ішінде орфандық (сирек) және аутоиммунды ауруларды диагностикалау және емдеу; -Балалардағы онкологиялық және онкогематологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу; -Балаларға бүйрек, бауыр трансплантациясы; -Кіндік қанын алу және гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау (ГДЖТ); -Буындарды эндопротездеу, оның ішінде балалардағы гемофилия кезінде; -Балалардағы сколиотикалық деформацияны хирургиялық түзету; -Балалардағы трахея мен көмейге реконструктивті-пластикалық операциялар; -Генетикалық диагностика; -Интервенциялық емшараларын, реконструктивті және гибридтік оперативтік араласулар. |