Кампус: Астана қ., Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты
Тілі: Ағылшын тілінде
Оқыту түрі: Күндізгі бағдарлама, кампуста
Ұзақтығы: 2 жыл
Жалпы ECTS кредиті: 120
Жалпы ақпарат
Назарбаев Университеті Медицина мектебіндегі (НУММ) «Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы – биомедицина саласында сұранысқа ие білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған екі жылдық күндізгі оқу формасындағы (120 ECTS кредиті) оқу бағдарламасы. Бағдарлама клиникалық және фундаменталды ғылымдар бағыттарының түлектеріне биомедицина саласындағы білімін және зерттеу дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік береді. Бағдарлама саласы молекулалық деңгейде ауруларды түсінуге, ғылыми зерттеу әдістеріне, сондай-ақ аурулардың алдын алу және емдеу үшін араласуларды әзірлеуге бағытталған. Курстарды профилдік мамандар жүргізеді және олар дәрістерді, мәселеге бағытталған және командадағы оқытуды, сондай-ақ тәжірибелік зертханалық сабақтарды қамтиды. Ғылыми-зерттеу жұмысы оқу үдерісіне толықтай интеграцияланған. «Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы Қазақстанда биомедицина бойынша магистратура бағдарламаларының болмауына байланысты бірегей болып табылады. НУ ММ жоғары сапалы білімді ғылыми зерттеулермен тығыз байланыстыра отырып, студенттерге кәсіби мансабында өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Осы бағдарлама қатысушы студенттер үшін ғана емес, Қазақстандағы биомедицина саласының өсуі мен дамуына да жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бағдарламаның мақсаттары мен стратегиялық міндеттері
Бағдарламаның мақсаттары:
Назарбаев Университетінің миссиясы мен мақсаттарымен байланысы
«Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы Қазақстанда және шетелде басқа университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнату арқылы білім беру реформалары саласындағы Университеттің көшбасшылық стратегиясын қолдайды. НУММ магистрлік және докторлық (PhD) зерттеу жобаларын бірлесіп жетекшілік ету мақсатында Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен әріптестік орнатты. «Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы бойынша зерттеу жұмысының шеңберінде Қазақстанның басқа мекемелерімен де ғылыми ынтымақтастық жүргізу арқылы бағдарламаның тәжірибесі, дағдылары және білімдері басқа ұлттық университеттер мен ғылыми орталықтарға берілетін болады.
НУММ «Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасының оқу жоспары Қазақстан үшін бірегей болып табылады және біздің оқытушы-профессорлар құрамының сараптамасына негізделе отырып жасалғанымен, бүкіл әлем бойынша жетекші білім беру мекемелерінің басқа «Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламаларына ұқсас.
Біз сондай-ақ академиялық және ғылыми артықшылықтың жоғары деңгейін дамыту және қолдау арқылы бүкіл әлем бойынша ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз. НУММ оқытушы-профессорлар құрамының қазіргі серіктестіктеріне мыналар кіреді: Королева Маргарет университеті, Эдинбург, Шотландия; Оңтүстік Флорида Университеті, АҚШ; Сан-Рафаэль ғылыми институты, Милан, Италия; Ла Троб университетінің молекулалық ғылымдар институты, Мельбурн, Австралия.
«Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасының жобасы сыртқы сараптамадан өтті және оны Лондон Императорлық колледжінің (Ұлыбритания) профессоры Роберто Солари және Мюнхендегі (Германия) Гельмгольц орталығының радиациялық биология институтының директоры профессор Майкл Аткинсон мақұлдады, бұл академиялық шеберліктің жоғары деңгейін және әлемдік ғылыми қауымдастықтың мақұлдауын растайды. Жобаны бағалау нәтижелері осы нысанның соңында қоса беріледі.
Сонымен қатар, студенттерге молекулалық медицина бойынша, сондай-ақ оған қатысты зерттеу және диагностикалық әдістер бойынша білім бере отырып, біз Қазақстан үшін денсаулық сақтау жүйесінің моделін қалыптастыруды көздейміз. Студенттер кәсіпкерлік пен индустриялық әріптестік саласында да оқытудан өтеді, бұл инновацияларды дамытуға және ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал етеді.
Мектептің стратегиялық жоспары мен байланысы
«Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасының мақсаттары озық ғылыми зерттеулер жүргізу, медицина ғылымын түсінуді тереңдету және НУММ-нің халықтың денсаулығын жақсарту жөніндегі миссиясына сәйкес келеді. «Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы аясында студенттер соңғы ғылыми деректерді зерттеп, биомедицина саласындағы озық зерттеулерге қатысады. Жүргізіліп жатқан оқыту мен зерттеулер медицина ғылымындағы жаңа жаңалықтарға алып келеді және адам ауруларын емдеудің жаңа әдістері мен алдын алу стратегияларын әзірлеуге ықпал етеді деп болжануда. Ғылыми зерттеулер Орталық Азия өңірі үшін өзекті медициналық мәселелерге бағытталатын болады. Біз әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламаларына сәйкес келетін жоғары сапалы «Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасын жүзеге асыруға тырысудамыз. Осы тәсілді қолдана отырып, біз білім мен ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ шығармашылықты, үздіксіз оқуды және ғылыми жаңалықтарды ынталандыруға ниеттіміз. Оқыту әдістері сыни ойлауды дамытуға және молекулалық медицинаның озық білімін игеруге бағытталатын болады. Зерттеу жобасы инновациялық ойлауды қалыптастыруға және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Заманауи ғылыми-зерттеу зертханалары студенттерге адам денсаулығына қатысты маңызды тақырыптар бойынша озық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, ал оқытушы-профессорлар құрамының мүшелері ғылыми әлеуетті одан әрі нығайту үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өтуге ынталандырылатын болады. Біздің бағдарламамыздың маңызды аспектісі – ғылыми зерттеулер мен оқу процесін біріктіру. Оқу барысында студенттер заманауи ғылыми басылымдарды оқуға, шолуға және бағалауға міндетті болады. Соңғы семестрде олар алты айлық ғылыми-зерттеу жобасын орындайды. Сонымен қатар, студенттер конференциялар мен ғылыми іс-шараларда өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынуға, сондай-ақ рецензияланған журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар дайындауға шақырылады. Біз биомедициналық зерттеулер саласындағы озық тәжірибені ілгерілетуге және ғылыми қызметті National Laboratory Astana және Ұлттық медициналық холдингпен бірлесіп біріктіруге ұмтыламыз. Соңында, «Биомедицина саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің моделін құруға жәрдемдесу мақсатында НУММ-нің денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған қосымша бағдарламаларды дамыту жөніндегі стратегиялық мақсатына сәйкес келеді.
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Оқуға қабылдау талаптары
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:
Тиісті саладағы бакалавр дәрежесі (немесе баламасы);
Магистр дәрежесі (бар болғанда)
Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
GRE тестінде көрсетілген жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар (міндетті емес)
жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (міндетті емесе). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
Негіздеме хаты
негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
Ұсыным-хаты
екі құпия ұсыным хат;
Жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.
Маңызды күндер
Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін
2026 жылғы 1 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
2026 жылғы 1 маусым
2026 жылғы 24 шілде сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
2026 жылғы 24 шілде
Оқу ақысы
Магистратура бағдарламасына оқу ақысы жергілікті және халықаралық студенттер үшін бір оқу жылына $16,000 (8 176 000 теңге) құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Тіркеу кезеңдері
Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Оқуға қабылдау талаптары
Биомедицина саласындағы ғылым магистрі бағдарламаcына оқуға түсетін үміткерлерде:
Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар
- ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
- егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Маңызды күндер
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін және Шетел азаматтары үшін
2026 жылғы 13 ақпан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
2026 жылғы 24 ақпан
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
Тіркеу кезеңдері
Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.