MoVE-Kaz туралы
Қазақстандағы молекулалық вирусологияны/эпидемиологияны оқыту бағдарламасы (MoVE-Kaz) - негізгі қазақстандық институттарды қамтитын және американдық, бельгиялық университеттерден қолдау тапқан, бірлескен оқыту бағдарламасы. MoVE-Kaz бағдарламасы аясында жас ғалымдар мен клиницистер молекулалық эпидемиология және АИТВ-пен күрес бойынша білім алатын болады.
Бағдарлама Қазақстандағы ғалымдарға, зерттеушілерге, академиялық медицина мектептерінің оқытушыларына және мемлекеттік денсаулық сақтау қызметшілеріне АИТВ пен қоғамдық денсаулық сақтау саласында зерттеулер жүргізуге және білім алуға мүмкіндік береді. Бұл Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (Астана қ., Қазақстан) мен Нью-Хейвендегі Йель Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің (Коннектикут, АҚШ) арасындағы әріптестік. Басқа да негізгі серіктестеріміз: Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті; Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау факультеті; Левен католикалық университеті (Бельгия); Нью-Йорк штаты Университеті (SUNY) - Даунстейт, Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ. MoVE-Kaz бағдарламасын АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының Халықаралық Фогарти орталығы қаржыландырады.
Бағдарламаға шолу
MoVE-Kaz бағдарламасының мақсаттары:
Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері
MoVE-Kaz жобасының мақсаты жаңадан бастап жатқан қазақстандық дәрігерлер мен ғалымдарды оқыту болып табылады:
Бағдарлама қабылдау
MoVE-Kaz бағдарламасына құжат қабылдаудың екінші кезеңі ашылды.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2025 жылдың 30 қарашасы.
Өтініш беру үшін түйіндемеңіз бен мотивациялық хатыңызды мына электронды поштаға жіберіңіз movekaz@nu.edu.kz.
Іріктеу критерийлері
Бас нұсқаушылар
Стен Х. Вермунд, MD, PhD
Оңтүстік Флорида университетінің академиялық медициналық орталығының аға вице-президентінің орынбасары
Қоғамдық денсаулық сақтау колледжінің деканы,
АҚШ, Флорида штаты, Тампа қаласы
Филипп Лемей, PhD
Рега институтының Клиникалық және эпидемиологиялық вирусология бөлімі, Эволюциялық және есептеу вирусологиясы зертханасы
Джек ДеХовиц, MD, MPH
САНИ Даунстейт Медицина мектебінің Медицина/жұқпалы аурулар кафедрасы және Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің Денсаулық сақтау саласындағы саясат және басқару кафедрасы
Жамиля Нугманова, MD, PhD
ҚҰМУ Қоғамдық денсаулық мектебінің (АИТВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау бөлімі)
Зерттеу тақырыптары
Диссертациялық жұмыстардың тақырыбы молекулалық талдауға баса назар аудара отырып, АИТВ, вирустық гепатит және басқа инфекцияларды емдеуге және алдын алуға байланысты популяциялық зерттеулерді қамтуы мүмкін.
Қосымша ақпарат
Қосымша ақпаратты movekaz@nu.edu.kz арқылы алуға болады.