Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар
Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс
Оқыту формасы: күндізгі
Ұзақтығы: 5 жыл
Жалпы ақпарат
Балалар хирургиясындағы резидентура бағдарламасы - бұл амбулаториялық және стационарлық жағдайда балаларға хирургиялық көмектің барлық аспектісін кезең-кезеңімен зерделеуді және меңгеруді қамтитын 5 жылдық бағдарлама. Балалар хирургиясы қазіргі медицина ғылымының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы салада жұмыс істейтін мамандардың қызмет саласы балалардағы туа біткен ақаулар мен жүре пайда болған ауруларды хирургиялық емдеуді қамтиды және халықтың едәуір және перспективалы бөлігіне таралады.
Осы медициналық мамандықтағы ғылыми және практикалық қызметтің бағытын ескере отырып, балалар хирургиясы көптеген анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, балалық шақта жасалатын хирургиялық араласудың барлық түрін қамтиды деуге болады.
Осы бағдарлама шеңберінде резиденттер ACGME (Жоғары медициналық білім беруді аккредиттеу жөніндегі кеңес) белгілеген негізгі алты құзыретке сәйкес оқытылатын болады.
Оқытудың алғашқы екі жылына жалпы хирургия, реанимация/анестезиология бөлімі, қан тамырлары хирургиясы, кеуде хирургиясы, шұғыл кардиохирургия, травматологиялық хирургия және амбулаториялық хирургия сияқты хирургиялық мамандықтар бойынша жалпы ротациялар кіреді, олардың әрқайсысы бір айдан үш айға дейін тәжірибені қамтиды.
Қалған үш жылдық оқу бір айдан төрт айға дейінгі ұзақтық ротациясымен балалар хирургиясының барлық бағыты бойынша тереңдетілген дайындықты қамтамасыз етеді. Міндетті курстар балалар хирургының шұғыл хирургия саласындағы білімі мен дағдысын тереңдетуге, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты ауруларының, бұзылулары мен жарақаттарының алдын алу және оларды дәрі-дәрмек, хирургиялық және физикалық әдістерді қолданып емдеу дағдысын игеруге бағытталған.
Бағдарламаның мақсаттары
Бағдарламаның мақсаттары:
Мансаптық мүмкіндіктер
Бұл резидентура бағдарламасы Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған басым бағыттардың бірі болып табылатын Қазақстандағы жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді реформалауға ықпал ететін болады. Бағдарламаның негізгі артықшылықтары
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
1. Медициналық қызмет көрсету және рәсімдік дағдылар
2. Медициналық білім
3. Тәжірибеге негізделген оқыту және дамыту
a) күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ өз білімі мен кәсіби құзыреттілігінің шекарасын анықтау
b) оқыту мен дамытуда мақсаттар қою
c) тиісті білім беру іс-шараларын анықтау және орындау
d) сапаны жақсарту әдістерін қолданып, практикалық іс-қимылды жүйелі талдау тәжірибенің тиімділігін арттыру мақсатында өзгерістерді енгізу;
e) формативті кері байланысты күнделікті практикаға интеграциялау
f) пациенттердің денсаулығына қатысты ғылыми зерттеулерден дәлелдерді іздеу, сыни бағалау және қолдану
g) оқытуды оңтайландыру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану
h) пациенттер, олардың отбасы, студенттер, резиденттер мен басқа да медицина қызметкерлері үшін білім беру процесіне қатысу;
i) емдеу нәтижелерін бағалауға бағытталған өлім-жітім мен асқыну жағдайларын талдау бойынша конференцияларға қатысу
j) медициналық көмек көрсетуде дәлелді медицина қағидаттарын қолдану
4. Тұлғааралық және коммуникативтік дағдылар
5. Кәсіпқойлық
6. Жүйелі практика
Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер мынаған қабілетті болады:
Осы нәтижелер бойынша оқыту бағдарламасының жобасы ACGME әзірленген жалпы хирургия саласындағы резидентура бағдарламасының негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұл кезеңдер мамандық бойынша клиникалық тәжірибеде қажетті барлық негізгі аспектілерде, дағдылар мен құзыреттерде резиденттің үлгерімін жан-жақты және ұзақ бағалау үшін негіз болып табылады.
Әрбір есепті кезең үшін талдау және есеп беру тікелей бақылау, бірнеше дереккөздерден кері байланыс, сынақтар, жазбаларды талдау және т.б. сияқты әртүрлі әдістермен алынған деректерді пайдаланып, резиденттің осы көрсеткіштерге қатысты ағымдағы жетістік деңгейін жақсы сипаттайтын эталондық деңгейді таңдауды қамтиды. Кезеңдер тиісті нөмірленген деңгейлер түрінде ұсынылған. Бұл деңгейлер жоғары оқу орнынан кейінгі белгілі бір жылға байланысты емес.
Клиникалық ротация орындары
Тіркеу кезеңдері
1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз
Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.
2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз
Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:
1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);
3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.
3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз
Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.
4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз
“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.
5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз
Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.
Одан арғы қадамдар
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.
Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.
Оқуға қабылдау талаптары
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Маңызды күндер
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 29 маусымы қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Үмікерлерге қойылатын статустар
Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.
Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.
Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.
Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.
Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.
Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.
Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.
Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.
Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.
Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады
Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.
Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.
Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.
Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.
Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.
Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.
Оқытушылар құрамы
Жалпы хирургия бойынша резидентура бағдарламасының Директоры, Инструктор