Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде магистратура мен PhD деңгейіндегі мейірбике ісі бойынша білім беруді жеделдету – AccelEd жобасы

Жоба жайлы

2021 жылдан бастап ШМБМ командасы басқа серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп, Еразмус+бағдарламасының қаржылық қолдауымен Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде магистратура мен PhD деңгейіндегі мейірбике ісі бойынша білім беруді жеделдету – AccelEd жобасын іске асыра бастады.


AccelEd аясындағы модернизация басқару, жоспарлау, қызмет көрсетуді жақсарту, интернационалдандыру және мейіргерлік білімнің магистратурада және докторантурада көбірек қабылдануын, мейіргер ісі бойынша үздіксіз білім алудың дамуына ықпал етуді білдіреді. Құрылымдық жоба ретінде AccelEd іс-шаралардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының келешектегі операциялық жоспарларына енгізу үшін денсаулық сақтау және білім беруге жауапты министрліктердің көмегімен жүзеге асырылады.


Іске асыру мерзімі: 2021-2023 жылдар.

Мақсаттар мен Міндеттер

AccelEd жобасының мақсаттары мен міндеттері жоғары мейіргерлік білімге байланысты проблемалар мен қиындықтарға және жобаның мақсатты топтарының нақты қажеттіліктеріне негізделген. Ұлттық, жергілікті және халықаралық мүдделі тараптардың кең ауқымы, оның ішінде академиялық персонал мен саясаткерлер, жоба ұсынысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қатысты, осылайша мақсаттар мен міндеттердің орындалуы және Қазақстандағы ұлттық контекстке сәйкес келуі қамтамасыз етілді.

AccelEd дегеніміз не?

«Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде Магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – AccelEd» жобасы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде мейіргерлік ғылым мен зерттеулерді реформалау, денсаулық сақтаудағы басқару, менеджмент және осы саланың жұмыс жасауын жаңартуға бағытталған.


AccelEd аясындағы модернизация басқару, жоспарлау, қызмет көрсетуді жақсарту, интернационалдандыру және мейіргерлік білімнің магистратурада және докторантурада көбірек қабылдануын, мейіргер ісі бойынша үздіксіз білім алудың дамуына ықпал етуді білдіреді. Құрылымдық жоба ретінде AccelEd іс-шаралардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының келешектегі операциялық жоспарларына енгізу үшін денсаулық сақтау және білім беруге жауапты министрліктердің көмегімен жүзеге асырылады.


AccelEd жобасының мақсаттары мен міндеттері жоғары мейіргерлік білімге байланысты проблемалар мен қиындықтарға және жобаның мақсатты топтарының нақты қажеттіліктеріне негізделген. Ұлттық, жергілікті және халықаралық мүдделі тараптардың кең ауқымы, оның ішінде академиялық персонал мен саясаткерлер, жоба ұсынысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қатысты, осылайша мақсаттар мен міндеттердің орындалуы және Қазақстандағы ұлттық контекстке сәйкес келуі қамтамасыз етілді.


Сонымен, магистратура деңгейінде мейіргерлік білімді нығайту, сондай-ақ саясат, заңнамалық база мен институционалдық құрылымдарды өзгерту арқылы Қазақстанда мейіргерлік ғылым бойыншы докторантураны құру және жүзеге асыру жобасының жалпы мақсаты Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді және мейіргерлік біліммен, ғылыми зерттеулермен және клиникалық практикамен айналысатын мамандардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Жобаның негізгі бағыттары

Негізгі мақсатқа жету үшін жоба төрт бағытта қызмет жасайды:

  • 1

    Дүниежүзілік мейіргер ғылымындағы заманауи сын-қатерлер негізінде оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру арқылы Қазақстанда мейіргер ғылымын күшейту (2.1 ЖП (ЖП – Жұмыс пакеті).

    AccelEd білім беру саласындағы Болон түріндегі реформалардың үш циклын үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін мейіргерлік құзыреттілікті дамытуға бағытталған және елдегі мейіргерлік білім, практика және ғылым үштігін іске қосады.


    Жауапты серіктестер: Або Академи Университеті және Астана медицина университеті.

  • 2
    Мейіргер ісі факультетінің зерттеу әдістемесіндегі әлеуетін арттыру үшін мейіргерлік зерттеулердің кең халықаралық қауымдастығына кіру (2.2 ЖП).
    Үздік еуропалық тәжірибелер мен әдістемелерді мейіргер оқытушыларына қолдану үшін жеткізу керек (бірін бірі оқыту, консультациялар және тағылымдамадан өту).

    Жауапты серіктестер: Литва денсаулық сақтау ғылымдары университеті және Назарбаев Университеті Медицина жоғары мектебі.
  • 3

    Медициналық университеттер мен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы мейіргерлік іс саласында дәлелді мейіргер ісін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу ынтымақтастығының тұрақты құрылымдары мен жүйелі процестерін құру (2.3 ЖП).

    Жобаның мақсатты топтарына денсаулық сақтау жүйесіндегі инновацияларды практикалық түрде дамыту үшін мейіргерлік білім мен зерттеулердің тұрақты жалғасы мен қолданылуын құруға көмектесетін жаңа тәсілдер мен құралдар ұсынылуы керек.


    Жауапты серіктестер: JAMK қолданбалы ғылымдар университеті және Қарағанды медицина университеті.

  • 4

    Магистратурада және докторантурада мейіргерлік білім беруді басқарудағы құрылымдық және институционалдық өзгерістерді бастау және үздік еуропалық тәжірибелерге сәйкес мейіргерлік іс бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын қамтамасыз ету (2.4 ЖП).

    Жоба аясында өткізілген іс-шаралар магистратура мен докторантура деңгейінде мейіргерлік білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, мейіргерлік зерттеулер мен диссертациялар жасауға құзыреттілікті дамытуға, сонымен қатар қазақстандық медициналық ЖОО-лардағы мейіргерлік факультеттеріндегі түлектер мен оқуын жалғастырушыларға нұсқаулықтарды анықтауға бағытталған.


    Жауапты серіктестер: Утрехт университеттік медициналық орталығы, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті.

Ескерту

Еуропалық Комиссияның бұл жарияланымның шығарылуын қолдауы тек авторлардың көзқарасын көрсететін мазмұнды ғана мақұлдауды білдірмейді, сонымен бірге, Комиссия ондағы ақпараттың пайдаланылғаны үшін кез келген жағдайда жауапты бола алмайды.