Офтальмология бойынша резидентура бағдарламасы

Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар

Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі

Оқыту түрі: Күндізгі

Ұзақтығы: 3 жыл

Жалпы ақпарат

Офтальмология бойынша резидентура бағдарламасы төрт жылдық бағдарлама болып табылады. Оның мақсаты толық білімді, тәуелсіз, кәсіпкерлік дағдысы бар, этикалық жағынан жауапты, шығармашылық, ғылыми инновацияларға мүдделі және демократиялық құндылықтарды қолдайтын қабілетті маманды даярлау болып табылады. Бұл адам көзге күтім жасау мәселелерін толығымен шешуге және командада тиімді жұмыс істеуге қабілетті болуы керек.


Бағдарламаның жалпы мақсаты – амбулаторлық және стационарлық негізде көз ауруларын емдеу үшін білікті қызмет көрсете алатын және алған білімдерін, біліктерін және дағдыларын қолдана алатын офтальмологты дайындау.

Бағдарламаның мақсаттары

Бағдарламаның жалпы мақсаты өз құзыреті шеңберінде білікті қызметтер көрсетуге қабілетті және көз ауруларын амбулаториялық және стационарлық емдеу үшін алған білімдері мен дағдыларын келесі салаларда: жалпы офтальмология, торлы/шыны тәрізді аурулар, страбизм/балалар офтальмологиясы, глаукома, нейроофтальмология, көз бетінің және увеальды қабықтың аурулары, катаракта және көзішілік линзалар хирургиясы, рефракция және көру қабілетінің нашарлығы бойынша ауруларды емдеуге қолдануға қабілетті офтальмолог-маман даярлау.

Мансаптық мүмкіндіктер

НУММ офтальмологиялық резидентура бағдарламасының түлектері Офтальмология саласындағы мамандар мәртебесін алуға құқылы болады. Олар офтальмологиялық клиникаларда, көпсалалы ауруханалардың офтальмологиялық стационарларында және жоғары мамандандырылған медициналық көмек офтальмологиялық орталықтарында жалпы практика офтальмологтары болып жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Офтальмологиялық резидентура бағдарламасының соңына қарай резиденттер ACGME келесі кезеңдерінің көпшілігі бойынша диплом алу мақсатына жетуі керек:

1 Пациенттерге күтім жасау

1.1. Деректерді жинау - негізгі офтальмологиялық тексеру және қаралу (PC1). (Жалпы мақсат - анамнезды өз бетінше жинау, тексеру және жағдайды бағалау үшін тиісті сынақтарды қолдану)

1.1.1 Сыртқы медициналық жазбаларды қоса алғанда, тиісті проблемаға бағытталған медициналық анамнезді жинайды;

1.1.2 Тиісті әдістерді (мысалы, гониоскопия және склераның басылуы) пайдалана отырып, проблемалық-бағдарланған зерттеу жүргізеді, тексеру кезінде жалпы ауытқуларды дәйекті түрде анықтайды; байқалмайтын ақауларды анықтай алады;

1.1.3 Жалпы аурулар кезіндегі көзге бірден байқалмайтын немесе сирек зерттеу нәтижелерін және сирек кездесетін аурулар кезіндегі типтік немесе әдеттегі зерттеу нәтижелерін анықтайды;

1.1.4 Дәлелді медицина принциптеріне сәйкес кеңейтілген диагностикалық тексерулер мен бейнелеу процедураларын тағайындайды және түсіндіреді (яғни тексеруді тағайындау қажет болатын және қажетсіз жағдайларды айқындай біледі);

1.1.5 Озық диагностикалық тексерулер мен визуализацияны жүргізудегі тәжірибесін көрсетеді.


1.2. Аурухана базасында кеңес беру (PC2) (Жалпы мақсат - тәуелсіз тексеру және аурухана базасында кеңес беруді басқару)

1.2.1 Сыртқы медициналық жазбаларды қоса алғанда, тиісті проблемаға бағытталған медициналық анамнезді жинайды;

1.2.2 Консультацияға сұраныстарды өңдейді;

1.2.3 Хирургиялық араласуды қажет ететін консультациялар (күтімді үйлестіруді қоса алғанда), процедуралардың нұсқалары мен оларды жүргізу мерзімдерін қоса жүргізеді; жанама бақылау кезінде офтальмологиялық қосалқы мамандардан консультациялар сұрайды;

1.2.4 Процедуралардың нұсқалары мен оларды жүргізу мерзімдерін қоса алғанда, хирургиялық араласуды талап ететін консультациялар (күтімді үйлестіруді қоса алғанда) жүргізеді; бақылауды жүзеге асыра отырып, офтальмологиялық субмамандардың пікірін сұрайды;

1.2.5 Консультациялар процесін бақылайды және пациенттерге күтім жасауға әсер ететін пәнаралық жүйелік мәселелерді басқарады.


1.3. Амбулаториялық процедуралар (PC3) (Жалпы мақсат: амбулаториялық жағдайда жалпы процедураларды өз бетінше орындау):

1.3.1 Амбулаториялық жағдайда процедуралармен байланысты күтімнің негізгі компоненттерін сипаттайды (мысалы, ақпараттандырылған келісім, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, анестезия, стерильді процедураларға дайындық).;

1.3.2 Анестезия мен процедураны тікелей бақылаумен жүргізеді;

1.3.3 Анестезияны және процедураның өзін тікелей бақылаумен жүргізеді;

1.3.4 Анестезия жүргізеді және процедураны бақылаумен орындайды;

1.3.5 Технологиялар немесе әдістемелер саласындағы соңғы жетістіктерді қамтиды.


1.4 Катаракта хирургиясы - техникалық дағдылар (PC4) (Жалпы мақсат: катаракта операциясын өз бетінше жасау және асқынулармен күресу)

1.4.1 Көрнекі катарактаны анықтайды;

1.4.2 Пациенттердің катаракта бойынша жоспарлы операцияға дайындығын бағалайды;

1.4.3 Пациенттердің күрделі катаракта операциясына дайындығын бағалайды;

1.4.4 Астигматизмді түзету және/немесе жақын қашықтықтағы көруді түзету үшін рефракциялық интраокулярлық линзаларды орнатуға үміткер пациенттерді бағалайды;

1.4.5 Пациенттерде күрделі араласуды қажет ететін интраокулярлық линзаларды қолдана отырып асқынулардың болуын бағалайды.


1.5 Экстраокулярлық хирургия (пластика, қылилықты емдеу) (PC 5) (Жалпы мақсат: экстраокулярлық операцияны өз бетінше жасау және асқынулармен күресу)

1.5.1 Пациентке өңдеу жүргізу, оны операцияға дайындау және таңу қабілетін көрсетеді; тігудің негізгі дағдыларын орындайды;

1.5.2 Жоспарлы экстраокулярлық операция үшін пациенттерді анықтайды;

1.5.3 Жоспарлы экстраокулярлық хирургияның операция алдындағы жоспарын әзірлейді;

1.5.4 Күрделі экстраокулярлық хирургияның операция алдындағы жоспарын жасайды;

1.5.5 Пациенттерді тексереді және күрделі/көпсалалы экстраокулярлық хирургияның операция алдындағы жоспарын жасайды (мысалы, жүйке қабығының декомпрессиясы, тамырды жинақтайтын қылилық).


1.6 Көзішілік хирургия (қасаң қабық, торлы қабық, глаукома) (PC 6) (Жалпы мақсат: осы салаларда хирургиялық тәжірибе алу)

1.6.1 Пациентке өңдеу жүргізу, оны операцияға дайындау және таңу қабілетін көрсетеді; тігудің негізгі дағдыларын орындайды;

1.6.2 Пациенттердің жоспарлы көзішілік операцияға дайындығын бағалайды;

1.6.3 Пациенттердің күрделі көзішілік хирургияға дайындығын бағалайды;

1.6.4 Пациенттердің көпсалалы көзішілік операцияларға дайындығын бағалайды;

1.6.5 Әр түрлі салаларда хирургиялық араласуды қажет ететін науқастарды бағалайды (мысалы, пластикалық хирургия, бет жарақаты).


2. Медициналық білім

2.1 Патофизиология (МК 1) (Жалпы мақсат: жалпы және күрделі офтальмологиялық аурулардың патофизиологиясы туралы прогрессивті түсінікті көрсету)

2.1.1 Әдетте офтальмолог емес дәрігерлерде байқалатын офтальмологиялық аурулардың патофизиологиясы мен клиникалық нәтижелері туралы білімді баяндайды;

2.1.2 Әдетте офтальмологтар емдейтін кең таралған офтальмологиялық аурулардың патофизиологиясы мен клиникалық көріністері туралы негізгі білімді көрсетеді;

2.1.3 Жиі кездесетін офтальмологиялық жағдайларда патофизиология және клиникалық деректер саласындағы терең білімді көрсетеді; әдеттен тыс жағдайларда патофизиология және клиникалық деректер саласындағы негізгі білімді көрсетеді;

2.1.4 Ерекше офтальмологиялық жағдайлар туралы патофизиология және клиникалық деректер саласындағы терең білімді көрсетеді;

2.1.5 Офтальмологиялық аурулар бойынша патофизиология және клиникалық деректер саласында жаңа білім әкеледі (мысалы, жариялау, оқу бағдарламасын әзірлеу).


2.2 Дифференциалды диагностика (МК2) (Жалпы мақсат: пациенттерді дәл клиникалық бағалау мен басқаруды қамтамасыз ету және қажетсіз тестілеу мен ресурстарды пайдаланудан аулақ болу үшін кең дифференциалды құрудан нақты мәселелерді шешуге бағытталған дифференциалға дейін білімді жетілдіру)

2.2.1 Мақсатты дифференциалды диагноз қою үшін ресурстарды анықтайды;

2.2.2 Пациенттің симптомдары мен ауру тарихына негізделген кешенді дифференциалды диагностиканы жүргізеді; ауызша презентацияда дифференциалды диагнозды нақты және қысқаша құжаттайды және ұсынады;

2.2.3 Жалпы және сирек кездесетін ауруларды ажырата отырып, симптомдар, анамнез және пациентті тексеру нәтижелері негізінде нақтыланған дифференциалды диагнозды жүргізеді;

2.2.4 Көптеген көз және медициналық ілеспе аурулары бар науқастарда ықтималдық дифференциалды диагнозды белгілейді; қосымша зерттеулерден алынған жаңа ақпаратты ескере отырып, ықтимал дифференциалды диагнозды өзгертеді;

2.2.5 Диагнозды өткізіп жіберуге немесе қате клиникалық негіздемеге (мысалы, жариялау, оқу бағдарламасын әзірлеу) ықпал еткен факторлар туралы басқаларға айту үшін тәжірибені таниды, өздігінен талдау жүргізеді және бөліседі.


2.3 Терапевтік араласулар (МК3) (Жалпы мақсат: медициналық және хирургиялық терапевтік араласулар туралы жан-жақты түсінік алу)

2.3.1 Офтальмологиялық патофизиология мен фармакологияның негізгі ұғымдарын сипаттайды;

2.3.2 Тиісті патофизиологияны түсіндіреді және жоспарлы дәрі-дәрмек терапиясының көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін тізімдейді;

2.3.3 Дәрілік терапияның жанама әсерлерін және ықтимал асқынуларды азайту жолдарын анықтайды және сипаттайды;

2.3.4 Жаңа балама емдеу әдістерін қолдану негіздемесін сипаттайды және тұжырымдайды;

2.3.5 Жаңа емдеу немесе араласу әдістерін әзірлеуге және таратуға қатысады.


3 Жүйеге бағытталған тәжірибе 1. Пациенттердің қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын жақсарту (QI) (SBP1) (Жалпы мақсат: пациенттермен, отбасылармен және медицина қызметкерлерімен тиісті қарым-қатынасты қоса алғанда, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқару жөніндегі іс-шараларды талдауға қатысу; QI жобасын жүргізу)

3.1. Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы шараларын білетіндігін көрсетеді;

3.2 Пациенттердің қауіпсіздігінің бұзылуына әкелетін жүйелік факторларды анықтайды;

3.3 Пациенттердің қауіпсіздігіне байланысты оқиғаларды талдауға қатысады (модельденген немесе нақты);

3.4 Пациенттердің қауіпсіздігіне қатысты оқиғаларға талдау жасайды және қателіктердің алдын алу стратегияларын ұсынады (модельденген немесе нақты).;

3.5 Пациенттердің қауіпсіздігінің бұзылуын болдырмау үшін жүйелерді өзгертуге персонал мен процестерді белсенді түрде тартады.


4 Жүйеге бағытталған тәжірибе 2. Пациентке бағытталған күтімге арналған жүйелік навигация (SBP2)

(Жалпы мақсат: денсаулық сақтау жүйесін, соның ішінде пәнаралық персоналды және басқа да медициналық қызмет көрсетушілерді тиімді басқару, емдеудің жоғары сапалы нәтижелерін қамтамасыз ету үшін емдеуді пациенттердің белгілі бір тобына бейімдеу)

4.1 Медициналық көмекті үйлестіру саласындағы білімдерін көрсетеді;

  • Күтімнің бір түрінен екіншісіне қауіпсіз және тиімді өтудің негізгі элементтерін анықтайды;
  • Денсаулық сақтау саласындағы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда және теңсіздіктерді жоюда дәрігердің рөлі туралы білімді көрсетеді.

4.2 Кәсіби персоналдың рөлдерін тиімді пайдалана отырып, әдеттегі клиникалық жағдайларда пациенттерге күтімді үйлестіреді;

  • Әдеттегі клиникалық жағдайларда медициналық көмектің қауіпсіз және тиімді берілуін қамтамасыз етеді;
  • Жергілікті тұрғындар мен қауымдастықтардың денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктері мен теңсіздіктері туралы білімді көрсетеді.

4.3 Өзінің кәсіби персоналының рөлдерін тиімді пайдалана отырып, күрделі клиникалық жағдайларда пациенттерге күтімді үйлестіреді;

  • Күрделі клиникалық жағдайларда күтімнің бір түрінен екіншісіне қауіпсіз және тиімді көшуді жүзеге асырады;
  • Денсаулық сақтаудың нақты жергілікті қажеттіліктерін және офтологиялық күтіммен байланысты теңсіздіктерді анықтайды.

4.4 Кіші қызметкерлерді әр түрлі пәндер мен мамандықтар арасында пациентке бағытталған күтімді тиімді үйлестіруге оқытады;

  • Денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде және олардың арасында қызметтерді қауіпсіз және тиімді беруді жақтайды;
  • Пациенттер мен жергілікті қоғамдастықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті ресурстарды тиімді пайдаланады,

4.5 Медициналық көмекті үйлестіру процесін талдайды және жақсартуларды әзірлеу мен енгізуге басшылық етеді;

  • Пациенттерді емдеу нәтижелерін оңтайландыру үшін денсаулық сақтау жүйелерінің ішінде және олардың арасында медициналық көмектің берілу сапасын арттырады;
  • Халықтың нақты топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тәжірибені өзгертуге және бейімдеуге қатысады.

5 Жүйелі-бағдарланатын практика 3: Денсаулық сақтау жүйелеріндегі дәрігердің рөлі (SBP3) (Жалпы мақсат: денсаулық сақтаудың күрделі жүйесіндегі дәрігердің рөлін түсіну және пациенттерге қызмет көрсетуді және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін жақсарту үшін жүйені оңтайландыру тәсілдері)

5.1 Денсаулық сақтаудың негізгі жүйелері мен қолжетімділік модельдерін сипаттайды (мысалы, мемлекеттік, жеке, қоғамдық, сақтандырылмаған);

5.2 Жүйелердің әртүрлі типтері дәрігерден қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, медициналық көмекті тиімді көрсетуді қалай талап ететінін сипаттайды;

5.3 Қолда бар ресурстарды ескере отырып, пациенттерге күтім жасауды оңтайландырады;

5.4 Пациенттердің қолда бар ресурстардан тыс күтімге деген қажеттіліктерін қолдайды (мысалы, қоғамдастық ресурстары, пациенттерге көмек көрсету ресурстары, телемедицина);

5.5 Денсаулық сақтау саясатын насихаттау жөніндегі іс-шараларға қатысады.


6 Практикалық оқыту және жетілдіру 1: дәлелді және негізді практика (PBLI1) (Жалпы мақсат: Клиникалық практикаға пациенттердің нақты деректері мен құндылықтарын қосу)

6.1 Қолда бар дәлелдерге қалай қол жеткізуге және оларды пайдалануға болатындығын, сондай-ақ пациентке әдеттегі көмек көрсету үшін пациенттің қалауы мен құндылықтарын ескеруді көрсетеді;

6.2 Клиникалық сұрақтарды қалыптастырады және нақты деректерге негізделген емдеуге жіберу үшін пациенттердің қалауы мен құндылықтарын анықтайды;

6.3 Күрделі пациенттерге күтім жасау кезінде пациенттердің қалауын ескере отырып, қолда бар ең жақсы деректерді табады және қолданады;

6.4 Пациенттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, емдеуді басқару үшін белгісіздік пен қарама-қайшы деректер жағдайында да нақты деректерді сыни тұрғыдан бағалайды және қолданады;

6.5 Басқаларды күрделі пациенттер үшін нақты деректерді сыни бағалауға және қолдануға үйретеді; және/немесе пациенттерге күтім жасау бойынша ұсынымдарды әзірлеуге қатысады.


7. Практика негізінде оқыту және жетілдіру 2: рефлексті практика және жеке өсуге бейілділік (PBLI2) (Жалпы мақсат: Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында клиникалық көрсеткіштер туралы ақпарат іздеу; практикалық қызметтің барлық салалары, жеке өзара іс-қимыл және мінез-құлық, сондай-ақ олардың әріптестер мен пациенттерге әсері туралы ойлау (рефлексті ойлау); оқу жоспары түрінде жақсартуға арналған нақты міндеттер мен мақсаттарды әзірлеу)

7.1 Мақсат қою жолымен жеке және кәсіби даму үшін жауапкершілікті өзіне алады; жетілдіру үшін мүмкіндіктерді белсенді іздейді;

7.2 Мақсаттарды айқындау үшін үлгерім туралы деректерге (кері байланыс және басқа да кіріспе деректер) ашықтығын көрсетеді; басшылықпен оқу жоспарын әзірлейді және іске асырады;

7.3 Жұмыс нәтижелері туралы деректерді іздейді және оларды жауапкершілікпен және байыптылықпен қабылдайды; оқу жоспарының орындалуын көрсетеді;

7.4 Оқу жоспарының тиімділігін бағалау үшін үлгерім туралы деректерді пайдаланады және қажеттілігіне қарай оны жақсартады;

7.5 Басқалар үшін оқу жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі.


8. Кәсіпқойлық 1. Кәсіби мінез-құлық және этикалық қағидаттар (P1) (Жалпы мақсат: этикалық және кәсіби мінез-құлықтағы кемшіліктерді тану және жою, этикалық және кәсіби мінез-құлықты көрсету және этикалық және кәсіби дилеммаларды шешу үшін тиісті ресурстарды пайдалану)

8.1 Кәсіпқойлықты жоғалтуға әкелетін ықтимал себептерді анықтайды және сипаттайды;

  • Кең таралған кедергілерді жою стратегияларын қоса алғанда, кәсіби кемшіліктер туралы қашан және қалай тиісті түрде хабарлау керектігін сипаттайды;
  • Саналы келісімнің, шешімді суррогат қабылдаудың, алдын ала нұсқаулардың, құпиялылықтың, қателіктерді ашудың, шектеулі ресурстарды ұтымды пайдаланудың және байланысты тақырыптардың негізіне жататын этикалық қағидаттарын білетіндігін көрсетеді.

8.2 Қарапайым жағдайларда кәсіби мінез-құлық түсінігін көрсетеді;

  • Өзінің кәсіби қателіктері үшін жауапкершілікті өз мойнына алады;
  • Этикалық қағидаттарды пайдалана отырып, қарапайым жағдайларды талдайды.

8.3 Қиын немесе күйзеліс жағдайларда кәсіби мінез-құлықты көрсетеді;

  • Күрделі этикалық жағдайларды басқаруда және оларды шешуде көмекке жүгіну қажеттілігін мойындайды;
  • Этикалық қағидаттарды пайдалана отырып, қиын жағдайларды талдайды.

8.4 Кәсіпқойлықты жоғалтуға әкелуі мүмкін жағдайларды таниды және өзіне және басқаларға қателіктерді болдырмау үшін шаралар қабылдайды;

  • Қажеттілігіне қарай этикалық дилеммаларды басқару және шешу үшін тиісті ресурстарды таниды және пайдаланады (мысалы, этика бойынша кеңес беру, әдебиеттерге шолу, тәуекелдерді басқару/заңгерлік кеңес беру).

8.5. Басқаларды олардың мінез-құлқы кәсіби болжалдарға сәйкес келмеген жағдайда үйретеді;

  • Этикалық проблемаларды тудыратын немесе күшейтетін немесе оларды шешуге кедергі келтіретін жүйелік деңгейдегі факторларды анықтайды және жоюға тырысады.

9. Кәсіпқойлық 2: Есептілік/адалдық (P2) (Жалпы мақсат: Өз іс-әрекеттері мен олардың пациенттерге және медициналық персоналдың басқа мүшелеріне әсері үшін жауапкершілікті өз мойнына алу)

9.1 Міндеттер мен міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, әлеуетті ықпал етуші факторларды айқындайды және болашақта міндеттердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету стратегияларын сипаттайды;

  • Міндеттер мен міндеттемелерді орындау туралы сұрау салуларға немесе ескертулерге жедел жауап қайтарады.

9.2 Әдеттегі жағдайларда егжей-тегжейге назар аудара отырып, міндеттер мен міндеттемелерді уақтылы орындайды;

  • Адамның міндеттер мен міндеттемелерді уақтылы орындау қабілетіне әсер етуі мүмкін жағдайларды таниды.

9.3 Күрделі немесе күйзеліс жағдайларында егжей-тегжейге назар аудара отырып, міндеттер мен міндеттемелерді уақтылы орындайды;

  • Міндеттер мен міндеттемелерді уақтылы орындалмаған кезде жағымсыз салдарды таниды (мысалы, персонал мүшелері, талаптарды сақтау);

9.4 Басқа адамдардың міндеттер мен міндеттемелерді уақтылы орындау қабілетіне әсер етуі мүмкін жағдайларды таниды;

  • Пациенттердің, персоналдың және жүйелердің қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін стратегияларды белсенді түрде енгізеді.

9.5 Жүйе жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, кәсіби есеп беру мақсаттарына қол жеткізу үшін жүйелік деңгейде өзгерістер енгізуге тырысады.


10. Кәсібилік 3: Өзін-өзі тану және көмекке ұмтылу (P3) (Жалпы мақсат: Өзінің және басқалардың жеке және кәсіби салауаттылығын анықтау, пайдалану, басқару, жетілдіру және көмекке жүгіну)

10.1 Көмек көрсет отырып жеке және кәсіби салауаттылық мәртебесін таниды;

10.2 Жеке және кәсіби салауаттылық мәртебесін дербес таниды;

10.3 Жәрдемдесу кезінде жеке және кәсіби салауаттылығын оңтайландыру жоспарын ұсынады;

10.4 Жеке және кәсіби салауаттылықты оңтайландыру жоспарын өз бетінше әзірлейді;

10.5 Эмоционалды реакция немесе шектеулі білім/дағдылар кәсіби болжалдарға сәйкес келмеген жағдайды басқаларға үйретеді.


11. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары 1: Пациентке және отбасына бағдарланған қарым-қатынас (ICS1) (Жалпы мақсат: пациенттермен сындарлы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін тіл мен мінез-құлықты саналы түрде пайдалану, жеке қате түсініктерінің өзіндік рефлексиясын қоса алғанда, коммуникация кедергілерін анықтау және оларды дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынаста азайту; ортақ шешім қабылдау айналасындағы коммуникацияны ұйымдастыру және басқару)

11.1 Сыйластықты көрсету және өзара түсіністік орнату үшін тіл мен бейсезімдік мінез-құлықты пайдаланады;

11.2 Белсенді тыңдау мен түсінікті тілді пайдалана отырып, тікелей кездесулер барысында терапевтік қатынастар орнатады;

11.3 Пациенттермен күрделі кездесулер кезінде терапевтік қарым-қатынас орнатады (мысалы, жағымсыз жаңалықтар туралы хабарлай отырып);

11.4. Пациенттің/отбасының проблемаларына және күрделілігіне қарамастан контекстке назар аудара отырып, терапевтік қарым-қатынасты оңай орнатады;

11.5. Позитивті терапевтік қарым-қатынасты дәйекті түрде дамыту үшін жағдайды білуде және сыни өзін-өзі талдауда басқаларға тәлімгерлік етеді.


12. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары 2: Кәсіпаралық және ұжымдағы коммуникациядағы қарым-қатынас (ICS2) (Жалпы мақсат: Жай және қиын жағдайларда да кеңесшілерді қоса алғанда, медициналық персоналмен тиімді өзара іс-қимыл жасау)

12.1 Медициналық персоналдың барлық мүшелерін бағалайтын тілді пайдаланады;

12.2 Ақпаратты тиімді береді және медициналық персоналдың барлық мүшелерімен белсенді тыңдауды пайдаланады;

12.3 Проблемаларды персонал мен тыңдаушылардың назарына жеткізеді;

12.4 Медициналық персоналдың барлық мүшелерінің үлесін бағалайтын, қажеттілігіне қарай жанжалдарды шеше отырып икемді қарым-қатынас стратегияларын модельдейді;

12.5 Қиын жағдайларда медицина қызметкерлері арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз етеді.


13. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары 3: Денсаулық сақтау жүйесіндегі коммуникация (ICS3) (Жалпы мақсат: Әртүрлі әдістерді пайдалана отырып тиімді қарым-қатынас)

13.1 Медициналық картаға ақпаратты дәл жазу;

13.2 Медициналық картадағы жазбалардың көмегімен ұйымдастырылған диагностикалық және терапевтік негіздемені көрсетеді;

13.3 Медициналық картада алдын ала ұсынымдарды қоса алғанда, ақпарат анық және қысқаша баяндалады;

13.4 Басқалармен жазбаша қатысымды жақсарту үшін кері байланыс береді;

13.5 Қоғамдастықтың өте ірі мүдделі тараптары (мекеме, денсаулық сақтау жүйесі, жергілікті жерлерде) арасындағы жүйелік мәселелер бойынша диалогқа ықпал етеді.

Клиникалық ротация орындары

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз

Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.


4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз

“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.


5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз

Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.


Одан арғы қадамдар

Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды күндер

Резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі - 2024 жылдың 12 ақпанынан 2024 жылдың 10 маусымына дейін.

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

PGY 1

PGY 2

PGY 3

PGY 4

Оқытушылар құрамы

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.