Акушерлік және гинекология резидентурасының бағдарламасы

Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар


Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі


Оқыту түрі: Күндізгі


Ұзақтығы: 4 жыл

Жалпы ақпарат

Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы (АК/ГИБ) – бұл медициналық қызмет көрсетудің өсе түсіп отырған тәжірибесін, хирургиялық тәжірибені және жауапкершілікті қамтамасыз етуге арналған акушерлік пен гинекологияның барлық аспектілерін қамтитын дипломнан кейін білім беретін төрт жылдық бағдарлама.


Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасының мақсаты акушерлік және гинекология саласында көшбасшы болу мүмкіндігі бар тамаша ізденімпаз дәрігерлерді оқыту, сондай-ақ клиникалық практика мен зерттеулер тәжірибесі бар және Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде әйел денсаулығы стандарттарын жақсартауға қабілетті АК/ГИБ саласында сенімді мамандар дайындау болып табылады.


Клиникалық бағдарлама акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы үшін АСПМО талаптарына сәйкес әзірленген және бүкіл резиденттер үшін АСПМО айқындаған барлық кәсіби құзыретке және бақылау нүктелеріне сай келеді.

Бағдарламаның мақсаттары

Бағдарламаның мақсаттары:

  • Акушерлік пен гинекология (медициналық қызмет көрсету, медициналық білім, тұлғааралық және коммуникациялық дағдылар, кәсібилік, тәжірибелік оқыту мен жетілдіру және жүйелік тәжірибе) үшін айқындалған және акушерлік пен гинекология саласындағы маңызды жоба ASPMO-ның алты негізгі құзыретіне сәйкес білікті, ізденімпаз дәрігерлерді оқыту және дайындау;
  • Акушерлік пен гинекология саласында клиникалық практикасы мен зерттеу тәжірибесі бар Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде әйелдер денсаулығын жақсартуға қабілетті сенімді мамандарды даярлау.
  • Акушерлік пен гинекология саласындағы мамандықтар бойынша оқуды жалғастыру үшін бағдарлама түлектеріне акушерлік пен гинекология бойынша негізгі білім беру (отбасын жоспарлау, әйелдердің кіші жамбас органдары медицинасы және реконструктивті хирургия, жалпы акушерлік пен гинекология, гинекологиялық онкология, перинатология және күрделі жүктілікті қарау, репродуктивті эндокринология және бедеулік, урогинекология, аз инвазивті гинекологиялық хирургия)

Мансаптық мүмкіндіктер

НУММ-нің Акушерлік және гинекология (АК/ГИН) бойынша резидентура бағдарламасының түлектері "Акушерлік және гинекология бойынша маман" атағын алады. Олар амбулаториялық клиникаларда, көп салалы ауруханалардың гинекологиялық стационарларында, перзентханаларда және акушерлік орталықтарда акушерлік және гинекология мамандары ретінде жұмыс істей алады.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламсын аяқтағанда резиденттер акушерлік және гинекология үшін АСПМО бақылау нүктелерінің көбі бойынша ғалым дәрежесін алу үшін мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс, атап айтқанда:


1. Медициналық білім (МБ)

Резиденттер қазіргі және дамып келе жатқан биомедицина, клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік және мінез-құлық ғылымдары салаларында білімдерін көрсетуі және осы білімдерді пациенттерге күтім көрсету процесінде қолдануды көрсетуі тиіс. Резиденттер мына салаларда меңгерген білімдерін көрсетуі тиіс:

  • денсаулықты қолдауды, аурулардың профилактикасын, диагностикасын, емдеуді, бірлескен емдеу бойынша консультацияларды және маман дәрігерлерге жіберуді қоса алғанда, әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және амбулаториялық бастапқы медициналық-санитариялық көмек;
  • пубертаттықтан бастап жасөспірім жасқа дейін, ного до подросткового возраста, репродуктивті жаста, етеккір үзілісі, сондай-ақ қартайып босанатын жаста денсаулық сақтау;
  • клиникалық акушерлік пен гинекологияға; қолданбалы хирургиялық анатомия мен патологияға; физиологияға және и и, связанных с репродуктивті функциямен байланысты патофизиологияға қатысты іргелі ғылымдар негіздері;
  • тәуекел мен пайдалар, эпидемиология, статистика, деректерді жинау және басқару негіздері, сондай-ақ медициналық әдебиеттерді пайдалану және оның құндылығын бағалау;
  • әлеуметтік-экономикалық және мәдени шыққан тегі әр түрлі әйелдердің денсаулығына әсер ететін мінез-құлық және әлеуметтік факторлар.

2. Медициналық қызмет көрсету (МҚ)

Резиденттер медициналық проблемаларды шешу және денсаулықты нығайту мақсатында пациенттерге адамгершілік, тиімді және барабар күтім көрсетуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетуі тиіс. Резидентткр келесі білімдерін көрсетуі тиіс:

  • пациенттің шағымдарын бағалау, тексеруді, тиісті диагностикалық зерттеулер, дұрыс дигноз қою және тиісінше емдеу ұқсмынымдары әдістерін дәл жүгізу;
  • мыналарды қоса алғанда, акушерлік пен гинекология саларында:
  • репродуктивті жолдың қалыпты физиологиясын;
  • тәуекелдің жоғары дәрежесімен шектес мінез-құлық, мысалы, көптеген жыныстық серіктестер, контрацепцияның болмауы, жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғанудың болмауы немесе тыйым салынған заттарды қолдану;
  • сүт безі аурулары диагностикасын және хирургиялық емесе емдеу;
  • жүктілік уақытында медициналық және хирургиялық асқынулар;
  • бала туу, оның ішінде акушерлік қысқыштарды және/немесе вакуумды экстракторды пайдаланып босану;
  • гинекологиялық операциялар;
  • акушерлік және гинекология саласында елеулі ауруы бар пациентерді емдеу;
  • акушерлік және гинекология патологиялары;
  • әйелдерді етеккір үзілісі кезеңіде күту және емдеу;
  • хирургиялық түзетуді қоса алғанда жабас түбі қызметінің бұзылу диагностикасы және емдеу;
  • репродуктивті эндокринологияны және бедеулікті;
  • отбасын жоспарлау, генетика және түсіктер;
  • психосоматикалық және психосексуалдық консультациялар;
  • контрацепцияның қайталанбас тәсілдерінің асқынуын емдеу және осы рәсімдерді орындау; сондай-ақ
  • амбулаториялық бастапқы медициналық көмекті қоса алғанда, гериатриялық медицинана.
  • УДЗ және визуалдандырудың басқа да тиісті әдістерін қоса алғанда, жиі пайдаланылатын акушерлік диагностикалық рісімдердің толық аясын;
  • әйелдерге тамақтану, дене жаттығулары, денсаулықты қолдау, тәуекелдің жоғары дәрежесімен шектесетін мінез-құлық және жүктілік пен босануға дайындық бойынша консультациялар беру;
  • генетикалық амниоцентезді бастан кешкен әйелдерге консультациялар беру; барлық жастағы әйелдерге үздіксіз күтім көрсету;
  • жергілікті ресуртарды тиісінше пайдалану және қажет болса, басқа дәрігерлердің консультациялары;
  • отбасындағы зорлықты, сексуалдақ зорлықты және уытқұмарлықты қоса алғанда мінез-құлық медицинасын және психикалық әлеуметтік проблемаларды;
  • шұғыл көмекті; және денсаулықты нығайту мен аурудың профилактикасын қоса алғанда, қоғамдық медицинаны.

3. Жеке және коммуникациялық дағдылар (ЖКД)

Резиденттер тиімді ақпарат алмасуды және пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен ынтымақтастықты қамтамасыз ететін жеке және коммуникациялық дағыларды көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды жүзеге асыруы тиіс:

  • пациентттермен, отбасылармен және қажет болса, қоғамдастықпен әлеуметтік-экономикалық және мәдени тиістіліктің кең ауқымды мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасау;
  • денсаулықсақтау командасының немесе басқа да кәсіби топтың көшбасшысы функциясын тиімді орындау; басқа дәргерлерге және денсаулық сақтау маманадарына консультациялар беру;
  • медициналық және әкімшілік құжаттарды уақтылы және мұқият жүргізу;
  • консультациялар беру, бірлесіп шешім қабылдауға қатысу және емдеудің барабар әдістерін, тәуекелдерді, пайдаларды, осы рәсімдердің асқынулары мен периоперациялық курсыстарын қоса алғанда рәсімдерге ақпараттық келісім алу;
  • пациенттер мен олардың отбасыларын, осы процесте тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда, зиян келтірген дәрігерлік қате туралы ақпарат беру;
  • оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін кәсібиаралақ және пәнаралық медицина командаларына басшылық жасау; күтім көрсетуді ауыстыруды және топқа нұсқамаларды тиімді жүргізу;
  • своевременно отвечать на запросы о консультациялар туралы сұранымдарға аутылы жауап қайтару және сұраған тарапқа ұсынымдар беру;
  • отбасының/пациенттің/команда мүшесінің қатысуымен пәнаралық кеңестер ұйымдастыру және қатысу.

4. Кәсіби шеберлік (К)

Резиденттер кәсіби міндеттерін орындауға және этичкалық принциптерге бейілділігін көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды көрсетуі тиіс:

  • көңіл білдіру, адаолдық және басқаларға құрмет;
  • өз мүдделері алдында артықшылығы бар пациенттердің тиісті мұқтаждықтарына ден қою ;
  • пациенттердің жеке өмірін және туелсіздігін сыйлау;
  • пациенттерге, қоғамға есеп беру, кәсібін түсіну;
  • елгезектік және жынысы, мәдениеті, нәсілі, діні, мүмкіндіктері, сондай-ақ сексуалдық бағдары бойынша айырмашылықтармен шектемеуді қоса алағанда, пациенттердің әр түрлі конингенттеріне ден қою мүмкіндіктері;
  • ұқыптылық пен жауапкершілікті арттыру үшін басқаларды үйрету қабілеті;
  • пациенттерге күтім көрсету бойынша міндеттерін уақтылы орындау үшін басқаларға көмек ұсыну қабілеті;
  • шаршау және есеңгіреу жағдайын түсіну және олардың салдарын жұмсарту қабілеті.

5. Практикалық оқыту және жетілдіру (ПОЖ)

Резиденттер өздерінің пациеттерге күтім көрсету сапасын зерттеу және бағалау, ғылыми деректерді бағалау және қорытындылау, сондай-ақ тұрақты өзін өзі бағалау және үздіксіз білім алу негізінде медициналық қызмет көрсетудің сапасын үзіліссіз жақсарту қабілетін көрсетуі тиіс. Резиденттер келесі мақсаттарға қол жеткізу мақсатында дағдылар мен әдеттерді дамытуы тиіс:

  • мықты және осал тұстарын, сондай-ақ білім мен тәжірибені шекараларын айқындау;
  • білім беру және қызметті жақсарту мақсатын қою; тиісті білім беру нысанын айқындау және орындау;
  • сапаны жақсарту әдістерін пайдаланып практиканы жүйелі талдау, сондай-ақ сапаны жақсарту мақсатында өзгерістер енгізу;
  • пациенттердің медициналық проблемаларына қатысты ғылыми зерттеулер деректерін айқындау, бағалау және интеграциялау;
  • пациенттерге, отбасыларына, студенттерге, резиденттерге және денсаулық сақтаудың басқа да мамандарына білім беруге қатысу;
  • департаменттер немесе мекемелер деңгейінде сапаны жақсарту бойынша процестерге және комитеттерге қатысу.

6. Жүйелі практика (ЖП)

Резиденттер денсаулық сақтаудың барынша кең мәнмәтіні мен жүйесін түсінуді және ден қоюды сондай-ақ оңтайлы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін жүйедегі басқда ресурстарды тиімді пайдалану қабілетін көрсетуі тиіс. Резиденттер мыналарды жүзеге асыруы тиіс:

  • медициналық қызмет көрсетудің әр түрлі мекемелерінде және олардың клиникалық салалармен байланысты жүйелерінде тиімді жұмыс істеуі;
  • олардың клиникалық салаларымен байланысты денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде пациенттерге күтімді үйлестіру;
  • пациентке/қажет болғанда халыққ күтім көрсету шеңберінде қаражатты жұмсауды есепке алуды және тәуекелдер мен пайданы талдауды қамтамасыз ету;
  • пациенттердің қауіпсіздігін арттыру және медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін кәсібиаралық командаларда жұмыс істеу;
  • жүйелік қателіктерді айқындауға және әлеуетті жүйелік шешеімдерді іске асыруға қатысу;
  • қателіктер мен қатерлер туралы бақылау жүйесіне және басшылыққа баяндау;
  • пациенттерге консультациялар беруді қоса алғанда, күтім көрсетудің өмірлік сапасы/құны тұрғысынан пациенттерге күтім көрсетудлің нұсқаларын талдау;
  • пациенттердің сапасын/қауіпсіздігін жақсарту жобаларына белсенді қатысу.

Клиникалық ротация орындары

Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасының клиникалық қызметі алғашқы екі жылда екі негізгі аурухана - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (АБҰҒО) және №2 қалалық көпсалалы ауруханада (№2 ҚКА) жүзеге асырылатын болады. Үшінші және төртінші курстарда резиденттер Қалалық онкологиялық орталықта және Ұлттық онкология және трансплантология орталығында клиникалық тәжірибеден өтетін болады.

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз

Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.


4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз

“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.


5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз

Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.


Одан арғы қадамдар

Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды күндер

Резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі - 2024 жылдың 12 ақпанынан 2024 жылдың 10 маусымына дейін.

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

Клиникалық оқу жоспары акушерлік және гинекологиялық резидентураға арналған ACGME бағдарламалық талаптарына сүйенеді және алдын сипатталғандай, барлық резидентуралар үшін қажетті ACGME құзыреттері мен кезеңдеріне сәйкес келеді.


PGY1

"Интернатура" жылы (1-ші оқу жылының резиденттері) UMC емдеуші дәрігерлерінің, прецепторлардың және НУММ оқытушыларының тиісті бақылауымен жедел және созылмалы аурулары бар және бірнеше стационарлық бөлімшелерге түсетін пациенттермен клиникалық тәжірибеге бағытталған.


Негізі, 1-ші оқу жылының бағдарламасы шеңберіндегі барлық клиникалық іс-шаралар 2 (екі) ауруханада өткізіледі:

  • UMC КҚ, Әйелдер денсаулығының клиникалық академиялық департаменті (UMC, КАД);
  • №2 қалалық аурухана (2ҚА)

Резиденттер стационарлық бөлімшелерде 3 айлық ротация сериясынан өтеді (акушерлік және гинекология):

  • Акушерлік (UMC, КАД)
  • Гинекология (UMC, КАД)
  • Акушерлік (2ҚА)
  • Гинекология (2ҚА)

PGY2

Екінші жыл қосымша клиникалық дағдыларды игеруге, үлкен дербестікті дамытуға және басшылық пен қадағалаудың үлкен тәжірибесін алуға арналады.


Басқару функциялары стационарлық және амбулаториялық қызметтерде, жалпы бейіндегі және жоғары мамандандырылған акушер-гинекологтар топтарында жүргізілетін болады.


Бұл клиникалық дағдылар стационарлық және амбулаториялық-емханалық бөлімшелерде 3 айлық ротация сериясында дамитын болады (акушерлік және гинекология, Репродуктивті эндокринология және бедеулік, УДЗ/ кольпоскопия):

  • Акушерлік (UMC, КАД)
  • Гинекология (UMC, КАД)
  • Репродуктивті эндокринология және бедеулік (UMC, КАД)
  • УДЗ/кольпоскопия (UMC, КАД)

Сонымен қатар резиденттер ұзақ клиникалық тәжірибеден өтеді, ол UMC ауруханаларының/орталықтарының немесе басқа үлестес және сертификатталған орталықтардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке жоспармен анықталады.


Сонымен қатар, резиденттерге тәлімгерлік және НУММ сапасын жақсарту және ғылыми зерттеулер жөніндегі жеке жобалар арқылы өздерінің әлеуетті ғылыми қызығушылықтарын дамыту және кеңейту ұсынылады.


PGY3

Үшінші жыл қосымша клиникалық дағдыларды игеруге, үлкен дербестікті дамытуға және басшылық пен қадағалаудың үлкен тәжірибесін алуға арналады.


Басқару функциялары стационарлық және амбулаториялық қызметтерде, жалпы және тар мамандандыру топтарында орындалады.


Бұл клиникалық дағдылар стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде 3 айлық ротация сериясы барысында дамиды (акушерлік және гинекология, босанғанға дейін бақылау, онкология):

  • Акушерлік (2ҚА)
  • Гинекология (2ҚА)
  • Босанғанға дейін бақылау (UMC, КАД)
  • Онкология (Қалалық онкология орталығы / Ұлттық онкология және трансплантология орталығы)

PGY4

Төртінші жыл қосымша клиникалық дағдыларды игеруге, үлкен дербестікті дамытуға және басшылық пен қадағалаудың үлкен тәжірибесін алуға арналады.


Басқару функциялары стационарлық және амбулаториялық қызметтерде, жалпы және тар мамандандыру топтарында орындалады.


Бұл клиникалық дағдылар стационарлық және амбулаториялық бөлімшелерде 3 айлық ротация сериясы барысында дамиды (акушерлік және гинекология, босанғанға дейін бақылау, онкология):

  • Акушерлік (UMC, КАД)
  • Гинекология (UMC, КАД)
  • Жасөспірімдер гинекологиясы (UMC, КАД)
  • Онкология (Қалалық онкология орталығы / Ұлттық онкология және трансплантология орталығы)
Түлектеріміз біз туралы не айтады
  • Куралай Конртай
    2024 жылғы түлегі, MD2020
    НУММ-нің Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы әйелдердің денсаулығын нығайтуға ықпал ететін болашақ мамандарды даярлау үшін бірегей ортаны ұсынады.

    Акушерлік және гинекология резидентурасының түлегі ретінде, мен мұнда оқу барысында алған мүмкіндіктер мен тәжірибелерге өте ризамын.

    Оның ішінде акушерлікті, гинекологияны, онкогинекологияны, репродуктивті эндокринологияны, перинатологияны және жасөспірімдер гинекологиясын қоса алғанда, нақты құрастырылған оқу бағдарламасы әйелдер денсаулығының барлық аспектілері бойынша терең клиникалық және дидактикалық дайындықты қамтамасыз етеді.

    Біздің нағыз білікті оқытушы-профессорлар құрамының өз ісіне деген адалдығы, олардың зор тәжірибесімен және білімімен ұштаса отырып, қиын міндеттерді шешуде маған қолдау мен дайындықты сезінетін атмосфераны құрды. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберіндегі қауымдастық сезімі оның ең күшті жақтарының бірі болды. Біз резидент әріптестерімізбен барлық қиындықтарда бір-бірімізді қолдадық, сансыз түнгі ауысымдарды бірге өткізіп, бір-біріміздің жетістіктерімізге қуандық, ал біздің қарым-қатынасымыз өмір бойы жалғасатын болады. 

    Акушерлік және гинекологиялық резидентураның соңғы 4 жылы дамуға, оқуға және көптеген ұмытылмас сәттерге толы болды.

    Мен өмірімнің жаңа тарауына дайынмын, бірақ осы керемет тәжірибе үшін өте ризамын. 

Оқытушылар құрамы

  • Хирургия кафедрасының меңгеруші м.а., Акушерлік және гинекология резидентура бағдарламасының Директоры, Профессор

    milan.terzic@nu.edu.kz

  • Гаури Бапаева, MD, PhD

    Профессор, акушерлік және гинекология кафедрасының директоры

    Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, UMC

    gauri.bapaeva@umc.org.kz

  • Талшын Укыбасова, MD, PhD

    Профессор

    Гинекология кафедрасы

    Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, UMC

    gauri.bapaeva@umc.org.kz

  • Берик Примбетов, MD, PhD

    Гинекология кафедрасы

    Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, UMC

    berik.primbetov@umc.org.kz

  • Ляззат Сайдилдина, MD

    №2 акушерлік және босану бөлімшесінің меңгерушісі

    Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, UMC

    lyazzat.saidildina@umc.org.kz

  • Даурен Мусин, MD

    Перзентхана (акушерлік) бөлімінің меңгерушісі

    №2 қалалық аурухана

    dauka.musin@gmail.com

  • Данияр Ахметов

    Перзентхана бөлімшесінің қабылдау бөлімінің меңгерушісі

    №2 қалалық аурухана

    daniyarmag20@gmail.com

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.