Онлайн өтінім қабылдау басталды

Гематология саласындағы резидентура бағдарламасы

Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар

Тілі: Ағылшын, Қазақ, Орыс

Оқыту формасы: күндізгі

Ұзақтығы: 5 жыл

Жалпы ақпарат

НУММ гематология саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл кейіннен гематология мамандануымен жалпы практика саласындағы жоғары білікті мамандар ретінде дәрігерлерді жұмысқа даярлауға бағытталған дипломнан кейінгі бес жылдық бағдарлама. Бағдарлама резиденттерге медициналық процедураларды орындаудың практикалық тәжірибесін, дәлелді медицинаға негізделген клиникалық даярлықты, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы берік базаны ұсынады. Оқу жоспары Жоғары медициналық білімді аккредиттеу жөніндегі кеңес (ACGME) белгілеген негізгі құзыреттерге негізделген және әртүрлі стационарлар мен ішкі медицина мен гематологияның амбулаториялық бөлімшелері бойынша ротацияларды қамтиды.

Бағдарламаның мақсаттары

Гематология саласындағы резидентура бағдарламасының мақсаттары:

  • Резиденттерді ACGME-нің негізгі алты құзыретіне сәйкес гематология саласында оқыту (Пациенттердің күтімі және процедуралық дағдылар, медициналық білім, практика негізінде оқыту және жетілдіру, тұлғааралық қарым-қатынас дағдысы, кәсібилік, жүйелік практика)
  • Медицина докторы бағдарламасының түлектерін жалпы практика дәрігері және клиникалық және ғылыми қызметте өз білімі мен дағдысын қолдануға қабілетті маман-гематолог болуға дайындау;
  • Қазақстан халқының, оның ішінде ауылдық және қалалық жерлердегі қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін маман-гематологтарды даярлау.

Мансаптық мүмкіндіктер

Гематология саласындағы резидентура бағдарламасының түлектері әртүрлі салалардағы кәсіптік қызметке дайындалады, оның ішінде:

  • Оқыту мен ғылыми зерттеулерге қатысатын академиялық гематология.
  • Клиникалық гематология, ауруханаларда, мамандандырылған гематологиялық орталықтарда және амбулаториялық мекемелерде жұмыс істеу.
  • Гематологиялық онкология, сүйек кемігін трансплантациялау және трансфузиология сияқты тар бағыттар бойынша одан әрі оқыту.
  • Денсаулық сақтауды басқару және медициналық саясатты әзірлеу саласындағы басшы лауазымдар.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Гематология саласындағы резидентура бағдарламасы аяқталғаннан кейін бітірушілер гематология үшін ACGME кезеңдер жүйесінде көзделген құзыретті меңгеруін көрсетуге тиіс, оның ішінде:


1. Медициналық көмек және емшараларды орындау дағдысы (РС)

  • Пациенттердің әртүрлі топтары арасында денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу саласындағы құзыреттілік
  • Стационарларды, ОТИ мен амбулаториялық клиникаларды қоса алғанда, әртүрлі медициналық көмек көрсету жағдайларында пациенттерді тиімді жүргізу
  • Гематологиялық диагностикалық тесттер мен визуалдау әдістерін жүргізу және түсіндіру білігі
  • Мынаны қоса алғанда, гематологиялық процедураларды меңгеру:

o Сүйек кемігін аспирациялау және биопсиялау

o Омыртқаның бел бөлігін пункциялау және жұлын сұйықтығын талдау

o Интратекальды химиотерапияны енгізу

o Қанның жалпы талдауын және перифериялық қан жағындыларын түсіндіру

o Гематологиялық қатерлі аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу және паллиативтік көмек көрсету


2. Медициналық білім (МК)

  • Патофизиологияны, генетиканы, иммунологияны және гематологиялық аурулардың молекулярлық механизмдерін түсіну
  • Гемопоэз, онкогенез, трансфузиология және дің жасушаларын транспланттау процестерін білу
  • Химиотерапиялық препараттардың, биологиялық агенттердің және қан түзудің өсу факторларының фармакологиясындағы сараптама

3. Практикада оқыту және жетілдіру

  • Үздіксіз оқыту және өзін-өзі бағалау арқылы медициналық көмектің сапасын бағалау және жақсарту білігі
  • Дәлелді медицина қағидаттарын қолданудағы және шешім қабылдау үшін клиникалық деректерді пайдаланудағы құзыреттілік

4. Тұлғааралық дағдылар және қарым-қатынас дағдысы

  • Пациенттермен, олардың отбасыларымен және медициналық топтармен тиімді қарым-қатынас жасау
  • Медициналық құжаттама және оқыту дағдысын меңгеру

5. Кәсіпқойлық

  • Этикалық қағидаттарды ұстану, пациенттердің құпиялылығын сақтау және мәдени ерекшеліктерді ескере отырып көмек көрсету
  • Кәсіби көшбасшылық және командалық жұмыс дағдысы

6. Жүйелік тәжірибе (SBP)

  • Денсаулық сақтау жүйесінде бағдарлай білу және медициналық көмек көрсету үшін ресурстарды тиімді пайдалана білу
  • Әртүрлі медициналық бағыттағы мамандардың қатысуымен емдеуді үйлестірудегі құзыреттілік

Клиникалық ротация орындары

Оқу кезінде резиденттер кезекпен стационарлық және амбулаториялық клиникаларда жалпы ішкі медицина және гематология ротацияларынан өтеді. Барлық клиникалық практика мынадай ауруханалар мен медициналық орталықтарда жүргізілетін болады:

Тіркеу кезеңдері

1 ҚАДАМ. Жеке кабинетті құрыңыз

Жеке кабинетті құру үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетте берілген өтінім беру тәртібі туралы нұсқауларды оқыңыз.


2 ҚАДАМ. Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз

Өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз:

1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

2. Жеке кабинеттегі үлгі бойынша қорытынды оқу үлгерімі туралы орта мектеп немесе жоғары оқу орны туралы аттестаттың (аттестат/диплом) сканерленген көшірмесі немесе мектептен анықтама (справка);

3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

4. Сертификаттардың жарамды көшірмелері. Стандартталған тесттердің нәтижелері тест әкімшілері арқылы тікелей Университетке жіберілуі керек.


3 ҚАДАМ. Өтінім беру ақысын төлеңіз

Өтінім беру ақысы банк картасымен сіздің жеке кабинетіңіз арқылы онлайн режимінде төленеді.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.


4 ҚАДАМ. Тіркеу процесін аяқтаңыз

“Submit application” түймесін басу арқылы тіркеу процесін аяқтаңыз. Жіберілгеннен кейін үміткерлер өз өтінімдерін өзгерте алмайды.


5 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп салыңыз

Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.


Одан арғы қадамдар

Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Студенттерді қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.


Тіркелу немесе онлайн өтінім беру кезінде қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласыңыз. Сұрауларыңызды жіберу кезінде ЖСН және/немесе өтінім берушінің ID нөмірін қолданыңыз.

Оқуға қабылдау талаптары

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;
  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды күндер

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 29 маусымы қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.


Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.


Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.


Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.


Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.


Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.


Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.


Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.


Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.


Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.


Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.


Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады


Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.


Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.


Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.


Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.


Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.


Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Оқу бағдарламасы

PGY-1

Резидентураның бірінші жылы ішкі медицина саласында берік база қалыптастыруға бағытталған. Интерндер пациенттердің жай-күйін бастапқы бағалауға, диагностикалық және емдеу жоспарларын тұжырымдауға жауапты болады, сондай-ақ медициналық емшараларды бақылаумен жүргізуге қатысады. Олар пәнаралық командалық жұмысқа белсене араласады және медицина студенттерін оқытуға қатысады.

  • Ішкі медицинаның жалпы терапиясы - 2 ай
  • Неврология - 2 ай
  • Пульмонология - 2 ай
  • Қарқынды терапия - 1 ай
  • Шұғыл медициналық көмек - 2 ай
  • Шұғыл жағдайларда және медициналық көмек көрсету орнында ультрадыбыстық зерттеу - 2 ай

PGY-2

PGY-2 резиденттерi интерндер мен студенттердi басқаруды қоса алғанда, өздерiне жоғары жауапкершiлiк алады. Олар пациенттерді күнделікті жүргізу мәселелері бойынша емдеуші дәрігерлер үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады және аккредиттеу талаптарына сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізеді.

  • Ішкі медицинаның жалпы терапиясы - 1 (нефрология және ревматология) - 2 ай
  • Жалпы ішкі медицина-2 (гастроэнтерология және эндокринология) - 2 ай
  • Жалпы ішкі медицина-3 (пульмонология және кардиология) - 2 ай
  • Кардиология - 2 ай
  • Ревматология - 2 ай
  • Жоспарлы клиникалық тексеру - 1 ай

PGY-3

PGY-3 резиденттері оқыту, консультация беру және ғылыми зерттеулерге баса назар аудара отырып, қадағалау функцияларын орындауды жалғастырады. Олар аккредиттеу стандарттарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, кеңейтілген өкілеттіктері бар аға резиденттер рөлін атқарады.

  • Эндокринология - 2 ай
  • Гематология - 1 ай
  • Гастроэнтерология - 2 ай
  • Нефрология - 2 ай
  • Амбулаториялық медицина - 1 ай
  • Элективті клиникалық курс - 3 ай

PGY-4 және PGY-5 - гематология саласындағы мамандану

НУММ-да ішкі медицина бойынша үш жыл дайындықты аяқтаған резиденттер гематология бойынша резидентура бағдарламасында оқуын жалғастыра алады. Бұл жылдар дің жасушаларын транспланттауды қоса алғанда, гематологиядағы тереңдетілген клиникалық және зертханалық даярлыққа арналған.


PGY-4

  • Клиникалық гематология (стационарлық + амбулаториялық) - 6 ай
  • Дің жасушаларын транспланттау - 2 ай
  • Зертханалық ротация (жалпы гематология, морфология) - 1 ай
  • Лабороторлы ротация (цитология, ағынды цитометрия, гемостаз, тромбоз) - 2 ай

PGY-5

  • Клиникалық гематология (стационарлық) - 6 ай
  • Клиникалық гематология (амбулаториялық) - 1 ай
  • Трансфузиялық медицина - 2 ай
  • Лабороторлы ротация (цитогенетика, молекулярлық генетика) - 1 ай
  • Элективті ротация - 1 ай

Оқытушылар құрамы

Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.
2025 - 2026 жылдарға арналған резидентура бағдарламаларына өтініш беру мерзімі аяқталады
Күн
Сағат
Минут
Секунд