Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы

Кампус: Астана, Қазақстан, NU Медицина мектебінің ғимараты, ауруханалар

Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі

Оқыту түрі: Күндізгі

Ұзақтығы: 5 жыл

Мансап: Резидентура түлектері Радиология мамандығы бойынша дәрігер (радиолог) болып жұмыс істейді.

Өтініш беру Қосымша ақпарат қажет пе? Біз әрқашан көмектесуге дайынбыз!

Жалпы ақпарат

Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы – бұл педиатрия, жедел радиология, асқазан-ішек жолдары, кеуде қуысы, қимыл-тірек аппараты, жүрек-қан тамырлары жүйесі, сүт бездерін визуалдау, ультрадыбыс, позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ), компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ) сияқты барлық радиологиялық мамандықтар бойынша алғашқы үш жылдағы кезектесетін бес жылдық бағдарлама. Соңғы екі жылда резиденттер уақытының басым бөлігін жалпы радиологияда өткізеді (әртүрлі мамандықтар бойынша оқыту), ал соңғы жылы олар өздерін қызықтыратын мамандандыру бағыттарын таңдау үшін екі алты апталық факультатив өте алады.

Бағдарламаның мақсаттары

Резидентура бағдарламасының мақсаттары:

  • ACGME-нің алты негізгі құзыретіне сәйкес өзінің кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде дербес орындай алатын және алған білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын барлық пациенттерге көмек көрсету аспектілерінде қолдана алатын радиолог маманын даярлау.
  • Резидентті пациенттерге күтім жасау үшін қажетті кәсіби және көпсалалы топтарды басқаруға дайындау.
  • Кәсіпқойлықты және өмір бойы оқуды әдетке айналдыруға дағдыландыру.

Оқу бағдарламасы

Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы ACGME (Жоғары медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесі) және Еуропалық резиденттерді даярлау жүйесінің талаптарын ескере отырып, бес жыл бойы даярлаудың оқу бағдарламасын жан-жақты қамту мақсатында әзірленді.

PGY-1 - терапия, жалпы хирургия, реаниматология, шұғыл медицина, жұқпалы аурулар, гинекология және акушерлік сияқты салаларда тағылымдамадан өтуді қамтитын өтпелі жылды білдіреді. Әр тағылымдаманың ұзақтығы 4-тен 8 аптаға дейін өзгереді. Клиникалық ауысымдар аяқталғаннан кейін студенттер радиациялық қорғаныс, бейнелеу технологиясы және информатика қағидаттары, коммуникация және басқару курстары және дәлелді медицина сияқты радиология бойынша мамандандырылған курстарға кіріседі.

PGY-2 - PGY-5 курстары әр түрлі ауысымдар бойынша тар мамандандыру саласындағы радиологиядан тұрады: кеуде, абдоминальді, жүрек-қан тамырлары визуализациясы және сүт бездері визуализациясы, сүйек-бұлшықет, шұғыл радиология, педиатриядағы визуализация, несеп-жыныс, бас және мойын радиологиясы, нейрорадиология, интервенциялық, онкологиялық визуализация, акушерлік және гинекологиядағы радиология, ядролық медицина. Соңғы курстың резиденттері екі элективті курстан өтеді, ол жерде олар өздерін қызықтыратын тар мамандыққа назар аудара алады.

PGY-2 және PGY-4 ауысымдарының ішінде резиденттердің ғылыми қызметіне арналған бірнеше апта бар.

Клиникалық ротация орындары

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

Резиденттер медициналық практиканың барлық алты саласы бойынша ACGME алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған оқытудан өтеді, атап айтқанда: Пациенттерге күтім жасау және процедуралық дағдылар, Медициналық білім, Пактикаға негізделген оқыту және жетілдіру, Тұлғааралық және коммуникативтік дағдылар, Кәсібилік, Жүйеге бағытталған практика.

Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлектер:

  • Шұғыл медициналық және хирургиялық жағдайларды анықтауды қоса алғанда, пациенттердің жағдайын бағалайды және тиісті рентгенологиялық тексеруді қамтамасыз етеді;
  • Қауіпсіз және дәл сканерлеу хаттамаларына сәйкес пациенттерге ең жақсы күтім жасау үшін радиологиялық құралдарды пайдаланады;
  • Бейнелерді интерпретациялайды, дәрігерлерді диагностикалық мәселелер бойынша бағыттайды және медициналық топтың қалған мүшелерімен уақтылы және тиімді қарым-қатынас жасайды;
  • Пациенттердің мүддесі үшін қажетті радиологиялық процедураларды орындайды;
  • Төсек тартып жатқан науқасқа көмек көрсету, жағдайларды ұсыну, медициналық құжаттаманы жүргізу және қолжазбаларды жазу кезінде жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдыларын меңгереді;
  • Радиологиялық әдебиеттерді пайдалану және қолдану дағдыларын меңгеру, медициналық білім мен зерттеулерді түсіну және оған қатысу.

Мансаптық мүмкіндіктер

Резидентура түлектері радиология саласында маманданған дәрігерлер (радиологтар) ретінде жұмысын жалғастырады. Олар көбінесе ауруханаларда, амбулаториялық орталықтарда, медициналық және диагностикалық зертханаларда немесе онкологиялық орталықтар сияқты мамандандырылған клиникаларда жұмыс істейді. Олар әдетте толық жұмыс күні және кейде мекеменің жұмыс кестесіне байланысты кешке, демалыс және мереке күндері жұмыс істей алады. Кейбір радиологтар практикадан басқа студенттер мен резиденттерге оқытушы-профессорлар құрамның мүшелері ретінде сабақ береді. Зерттеулер басқа медицина мамандары сияқты кәсіби тәжірибемен қатар рентгенологтар атқаратын жұмыстың тағы бір түрі болуы мүмкін. Мамандандыру шеңберінде резиденттер интервенциялық радиология, нейрорадиология, сүт бездерін бейнелеу, педиатриялық бейнелеу және т. б. сияқты салалармен айналыса алады.

Оқытушылар құрамы

  • Радиология саласындағы резидентура бағдарламасының Директоры, Нұсқаушы

    dinara.jumadilova@nu.edu.kz

  • Таирхан Даутов, MD, PhD, DMSc

    Радиология саласындағы резидентура бағдарламасының Со-директоры, UMC клиникалық академиялық радиология департаментінің меңгерушісі

  • Ботакоз Садырбекова, MD, MSc

    UMC ультрадыбыстық диагностика бөлімінің меңгерушісі

  • Бауыржан Калиев, MD

    UMC стационарлық радиология бөлімшесінің меңгерушісі

  • Виктор Землянский, MD, MSc, PhD

    UMC интервенциялық радиология бөлімшесінің меңгерушісі

  • Bakyt Duisenbayeva, MD, PhD

    UMC диагностикалық радиология бөлімшесінің меңгерушісі

Оқуға қабылдау талаптары

Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу

Шартсыз түрде оқуға алу
Шартты түрде оқуға алу

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:

NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.

  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа).

  • медицина негіздері бойынша IFOM (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;

  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады).

Маңызды күндер

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін резидентура бағдарламалаcына онлайн өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 16 мамырды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі

Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:

Шартсыз түрде оқуға алу
Шартты түрде оқуға алу
  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);
  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;
  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);
  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);
  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.
  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • UMC-ден ұсыным хат;
  • Атын/тегін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);

  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);

Оқу ақысы

Резидентура бағдарламасының ақысы барлық студенттер үшін 2025/2026 оқу жылына $11 200 (5 723 200 теңге) құрайды.

Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.

Тіркеу кезеңдері

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі қадамдар реттілігін сақтауы қажет:

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.

Application in processing. Үміткердің құжаттарыңы тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Қабылдау комиссиясы өтінімді және құжаттарды тексеріп, келесі кезең туралы хабарлайды. Қорытынды шешім туралы ақпарат үміткердің электрондық поштасына жіберілетін болады.

Does not meet entry requirements. Үміткер бағдарламаның ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Бұл статус Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтініш нысандарын және құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.

Disqualified. Емтихандағы немесе байқаудағы өрескел бұзушылықтар үшін конкурстан шығарылған. Мысалы, ол қасақана жалған ақпарат берді.

Rejected by Admissions Committee. Конкурс кезеңдердің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынбауға шешім қабылдады.

Transfer to another program. Үміткердің өтінішін қарастыру кезінде Қабылдау комиссиясы үміткерді сол мектептегі басқа бағдарлама Қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуға шешім қабылдады.

Pending. Үміткердің өтініші қаралуда.

Waiting list. Қабылдау комиссиясы үміткердің өтінішін қарауды аяқтап, оны күту тізіміне қою туралы шешім қабылдады. Мұндай үміткерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені басқа үміткерлер оқудан бас тартса, оларға оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін.

Recommended for admission to program. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға ұсынуға шешім қабылдады.

Recommended for conditional admission. Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға шартты түрде ұсыну туралы шешім қабылдады. Үміткер көрсетілген мерзім ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, шартты орындауы қажет.

Withdrawn. Конкурстан алып тастау туралы шешім қабылдаған үміткерлер.

Accepted Program admission offer. Статус оқуға шақыру хаттарын алған, келісімін берген және Университеттің ұсыным-хатындағы барлық шарттарын орындаған үміткерлерге қойылады

Refused admission offer. Үміткерді қабылдау ұсынылды, бірақ ол оқудан бас тартты.

Refused in favor of another NU program. Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.

Deferred. Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады.

Did not submit the documents/Refused. Үміткер құжаттардың түпнұсқасын белгіленген уақытқа дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.

Did not come to Orientation week/Refused. Үміткер оқу туралы ұсынысты қабылдады, құжаттарын тапсырды, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Босатылған орынға күту тізіміндегі үміткерлерді шақыруға болады.

Enrolled to program. Үміткер Университетке негізгі бағдарламаға оқуға қабылданды. Статус Провосттың қабылдау туралы шешімі шыққаннан кейін қойылады.Үміткер ресми түрде студент болып саналады.

Резиденттеріміз біз туралы не айтады
  • Нұрмахан Жолшыбек
    PGY-2 резиденті
    НУММ-нің радиология саласындағы резидентура бағдарламасы американдық және еуропалық радиологияны оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіреді. Диагностикалық модальділіктерге емес, мүшелер жүйесіне баса назар аудару бағдарламаның басты айырмашылығы болып табылады. Клиникалық дайындық астананың жетекші медициналық және ғылыми-зерттеу орталықтарында жүзеге асырылады, ал негізгі ауысымдар Кардиоорталығында, Диагностикалық орталықта және University Medical Center жанындағы ана мен бала орталығында өтеді. Бұл клиникалар ең күрделі және ерекше жағдайларды қабылдайды, ол резиденттерге диагноз қоюға және сирек кездесетін патологиялармен танысуға мүмкіндік береді.
  • Дина Абетова
    PGY-2 резиденті
    Радиология саласындағы резидентура бағдарламасының 1-ші жылының соңында мен бірнеше маңызды аспектілерді атап өтер едім. Біріншіден, бірінші жыл клиникалық ойлауды дамытуға бағытталған интернатура бағдарламасын қамтығандықтан, жедел көмек, неврология, пульмонология және жалпы хирургия сияқты кейбір ауысымдарда бізде нақты жағдайларды зерттеу және оларды клиникалық бөлікпен байланыстыра отырып, суреттерді түсіндіру дағдыларын дамыту мүмкіндігі болды. Екіншіден, бұл бағдарлама әр маман үшін визуализацияның қандай аспектілерінің маңызды екенін тереңірек түсінуге ықпал етті. Эндокринология сияқты кейбір айналымдар әсіресе қызықты болды, себебі бізге сирек кездесетін жағдайларды бақылауға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, амбулаториялық емдеу кезінде емхана жағдайына қарағанда, аз құжаттама қажет болды.
  • Ерден Шегенов
    PGY-3 резиденті
    Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы бұл өтпелі жылды және радиология саласындағы тар мамандықтар бойынша әртүрлі ауысымдарды қамтитын кешенді бес жылдық оқу жоспарын білдіреді. Бағдарламаның негізгі элементтері радиология жөніндегі есептерді, күнделікті кешкі жиналыстарды, клиникалық жағдайлар туралы есептерді, мамандандырылған ғылыми жарияланымдарды талдау бойынша семинарларға қатысуды және өзекті ғылыми әдебиеттерге шолуды қамтиды. Резиденттер жергілікті және халықаралық іс-шараларға белсенді қатысады, сондай-ақ кәсіби радиологиялық қоғамдардың мүшелері болып табылады.
  • Руслан Насыров
    PGY-2 резиденті
    Радиология жөніндегі резидентура бағдарламасы бойынша оқудың бірінші жылын аяқтағаннан кейін, мен бұл тәжірибенің құнды оқыту мен кейбір қиындықтардың жиынтығы екенін түсіндім. НУММ "Медицина докторы" бағдарламасы бойынша интернатураға ұқсас бірінші жыл ауысым орнына байланысты әр түрлі деңгейдегі артықшылықтарды берді. Бағдарлама американдық жүйеге негізделгендіктен, мен бұл ауысымдарды жақсарту клиникалық дайындықты күшейтеді және радиология саласындағы мамандандырылған оқытуды тиімдірек қолдайды деп санаймын. Жақсартуды талап ететін салаларға қарамастан, мен мамандандырылған оқытуды асыға күтудемін және бағдарламаның кәсіби өсу мүмкіндіктерін бағалаймын.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Контактілеріңізді қалдырыңыз және біздің қабылдау менеджерлері жақын арада сізбен байланысады.