News/KZ

2023-2024 академиялық оқу жылына НУ Медицина мектебінің магистратура мен медицина докторы бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

Жаңалықтар Оқытушылар
Құрметті талапкерлер мен ата-аналар,

Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің (NUSOM) магистратура мен медицина докторы бағдарламаларына 2023 - 2024 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың басталғанын қуана хабарлайды.

NUSOM келесі бағдарламаларды ұсынады:
  • Медицина докторы
  • Молекулалық медицина саласындағы магистратура
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура
  • Фармакология және токсикология саласындағы магистратура
  • Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура

Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімдері:
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 18 сәуірді қоса алғанда;
  • Шетелдік үміткерлер үшін 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;

2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;

3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

4. «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.

5. Жеке кабинеттегі нұсқауларға сәйкес электронды IELTS/TOEFL нәтижелерін тікелей Тест әкімшісінен және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі («Upload IELTS/TOEFL results» бөліміндегі) функционал арқылы ұсыну.

IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: Nazarbayev University

TOEFL IBT (TOEFL Home Edition тестінен басқа) тапсыру үшін код: 6762

Келесі қадамдар:

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, admissions.nusom@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Cәттілік тілейміз!