Профессор Сяо-Нун Чжоудың ғылыми мақалалар дайындау жөніндегі шеберлік сабағы
Тіркелу
Күн
Сағат
Минут
Секунд
«Микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалану арқылы микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күрес: «Біртұтас денсаулық» тәсілі» халықаралық конференциясы алдындағы воркшоп аясында 2026 жылғы 18 қарашада Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде ғылыми жарияланымдарды дайындауға арналған практикалық шеберлік сабағы өтеді.

Шеберлік сабағын онлайн форматта профессор Сяо-Нун Чжоу, Қытайдың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (China CDC) бас сарапшысы, Шанхай Цзяо Тун университетінің Жаһандық денсаулық мектебі деканының орынбасары жүргізеді.

Сессияның негізгі бөлігі қатысушылар ұсынған нақты қолжазбаларды практикалық талдауға арналады. Профессор Чжоу ұсынылған материалдармен алдын ала танысып, шеберлік сабағы барысында ең мазмұнды және үлгі боларлық жұмыстарды талқылайды.

Қатысу үшін алдын ала мына материалдарды ұсыну қажет:
  • Қолжазба немесе жеткілікті дәрежеде әзірленген мақала жобасы;
  • Зерттеудің негізгі идеясын көрнекі түрде көрсететін бір беттік графикалық аннотация (graphical abstract).
Материалдарды ағылшын немесе орыс тілінде ұсынуға болады. Ағылшын тіліне басымдық беріледі. Қажет болған жағдайда ЖИ көмегімен аударма жасауға рұқсат етіледі.

Іріктелген жұмыстардың авторлары 2026 жылғы 18 қарашада Назарбаев Университетінде (Астана) өтетін практикалық сессияға офлайн қатысуға және өз зерттеулерін профессор Чжоумен тікелей талқылауға дайын болуы тиіс. Іріктелген қатысушылардың жол жүру және тұру шығындары өтеледі.

Өткізу тілі: ағылшын тілі, орыс тіліне синхронды аударма қамтамасыз етіледі.

Қолжазба мен графикалық аннотацияны тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 20 қазанға дейін

Іріктелген қатысушыларға хабарлау мерзімі: 2026 жылғы 30 қазанға дейін

Шеберлік сабағы барысында егжей-тегжейлі талқыланатын қолжазбалар саны шектеулі, сондықтан материалдарды мүмкіндігінше ертерек жіберуді ұсынамыз.

Шеберлік сабағына қатысу негізгі конференцияға тезистерді іріктеуден бөлек қарастырылады. Негізгі конференция 2026 жылғы 19–20 қарашада өтеді.
Ерекше назар мына мәселелерге аударылады:
  • Мақаланың ғылыми логикасы
    мен құрылымына
  • Зерттеудің жаңашылдығы
    мен негізгі ғылыми тұжырымына
  • Нәтижелерді ұсыну
    және оларды талқылауға
  • Зерттеудің
    халықаралық маңыздылығына
  • «Біртұтас денсаулық» тәсілі шеңберінде адам, жануарлар, өсімдіктер және қоршаған орта денсаулығы арасындағы өзара байланысты көрсетуге
  • Қолжазбаны халықаралық
    рецензиялауға және
    жариялауға дайындауға

Шеберлік сабағына тіркелу

Тіркелу

Байланыс

Жалпы сұрақтар үшін

Қайрат Табынов — CAREC-тегі «Біртұтас денсаулық» бағыты бойынша ветеринария маманы: kairat.tabynov@gmail.com

Оксана Кравцова — CAREC-тегі «Біртұтас денсаулық» жобасының үйлестірушісі: okravtsova@carececo.org

Email: amr@nu.edu.kz

Баспасөз сауалдары үшін
Email: nusom.marketing@nusom.nu.edu.kz

Назарбаев Университеті Медицина Мектебі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы