Назарбаев Университетінің планетарлық денсаулық пен экологиялық тұрақты денсаулық сақтау жөніндегі алғашқы халықаралық конференциясы

Денсаулық сақтау және тұрақты даму: болашақтың экологиялық әрі тұрақты денсаулық сақтау жүйелеріне апарар жол
Астанада NU әлемін тамашалаңыз!
Назарбаев Университетінің 15 жылдық мерейтойын атап өту аясында сіздерді планетарлық денсаулық пен экологиялық тұрақты денсаулық сақтау мәселелеріне арналған Университеттің алғашқы халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференцияның мақсаты – тұрақты және климатқа бейімделген денсаулық сақтау жүйелерін құрудың өзектілігін талқылау.

Конференция барысында қоршаған ортаға теріс әсерді азайта отырып, медициналық көмектің жоғары сапасын сақтайтын экологиялық қауіпсіз денсаулық сақтау жүйелерін дамыту стратегиялары қарастырылады. Ерекше көңіл шығындарды азайтуға және экологиялық ізді төмендетуге бағытталған инновациялық тәсілдерге, энергия тиімділігін арттыруға, климаттың өзгеруіне бейімделуді нығайтуға, сондай-ақ ұлттық және жаһандық деңгейде денсаулық сақтау саласында тұрақты саясатты енгізуге бөлінеді.
Өтетін күндері:
2025 жылғы 4-5 желтоқсан
Мақсатты аудитория:
Қазақстаннан, Орталық Азияның басқа елдерінен және халықаралық деңгейдегі қатысушылар қатарынан зерттеушілер, денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары, денсаулық сақтау саясатын әзірлеушілер, оқытушы-профессорлар құрамының мүшелері мен студенттер.
NU Медицина мектебінің ғимараты,
Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Керей және Жәнібек хандар к. 5/1
Қатысу себептері

Планетарлық денсаулық пен тұрақты денсаулық сақтау саласындағы халықаралық спикерлер мен жетекші сарапшылардан құнды білім алыңыз

Денсаулық, климат және қоршаған орта арасындағы өзара байланысты зерттей отырып, жаһандық өзекті мәселелерді шешуге қатысыңыз

Медицина, ғылым және мемлекеттік саясат салаларындағы сарапшылармен пәнаралық диалог жүргізіңіз

Климаттың өзгеруіне төзімді және тұрақты денсаулық сақтау жүйелерін құруға арналған практикалық стратегиялармен танысыңыз

Ғылыми зерттеулеріңізді ұсынып, планетарлық денсаулық саласының дамуына үлес қосыңыз

Тұрақты денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және өңірлік көшбасшылармен байланыс орнатыңыз

Денсаулық сақтау саласының экологиялық трансформациясын қолдап, өңірдегі оң өзгерістерге ықпал етіңіз

Назарбаев Университетімен танысып, серпінді дамып келе жатқан Астана қаласын тамашалаңыз

Аннотация беруге арналған тақырыптар

  • Климатқа төзімді денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау жүйелері

    Негізгі назар: климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның бұзылуы және денсаулық сақтау жүйелерінің дайындық деңгейі арасындағы өзара байланыс.

    Ішкі тақырыптар мыналарды қамтуы мүмкін:
    • Климаттың өзгеруі және адам денсаулығы
    • Денсаулық сақтау жүйелерінің бейімделуі және тұрақтылығы
    • Қоршаған ортаның бұзылуы және жаңа аурулардың пайда болуы
    • Климаттық факторларды ескеретін қоғамдық денсаулық сақтау саясаты
    • Климаттық әділеттілік пен денсаулық сақтау саласындағы теңдік
    • Климатқа төзімді денсаулық сақтау қызметтеріне тең қолжетімділік
  • Тұрақты денсаулық сақтау инфрақұрылымы, инновациялар мен технологиялар

    Негізгі назар: Медициналық көмек көрсетуді экологияландыру және инновацияның тұрақты трансформациядағы рөлі.

    Ішкі тақырыптар мыналарды қамтуы мүмкін:
    • «Жасыл» ауруханалар және орнықты сатып алу тәжірибелері
    • Денсаулық сақтау жүйелеріндегі көміртегі ізін азайту
    • Тұрақты дамуға арналған ЖИ, үлкен деректер және интеллектуалды технологиялар
    • Қашықтан көрсетілентін медициналық көмек, телемедицина және денсаулық сақтау саласындағы цифрлық теңдік
    • Экологиялық тиімді медициналық тәжірибелерді бағалау және көрсеткіштер
  • Планетарлық денсаулық үшін білім беру, көшбасшылық және басқару

    Негізгі назар: Денсаулық сақтау саласында тұрақты болашақты қолдайтын әлеуетті арттыруға, көшбасшылықты дамытуға және басқару жүйелерін қалыптастыруға бағытталған.

    Ішкі тақырыптар мыналарды қамтуы мүмкін:
    • Планетарлық денсаулық саласындағы оқу бағдарламалары мен кәсіби даярлық
    • Тұрақты тәжірибелер бойынша пәнаралық білім беру
    • Климаттық бағыттағы денсаулық сақтау саласында көшбасшылықты дамыту
    • Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және инвестициялық стратегиялар
    • Қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы басқарушылық және құқықтық тетіктер
    • Қоғамдастықтарды тарту және байырғы халықтардың білімін пайдалану

Аннотация ұсыну ережелері

Маңызды күндер
2025 жылғы 7 шілде - 30 қыркүйек
Аннотацияларды ұсыну
2025 жылғы 15 қазан
Ауызша және постерлік презентацияларды қабылдау туралы хабарлама жолдау
2025 жылғы 7 шілде
Тіркелудің ашылуы
2025 жылғы 31 қазан
Баяндамашылардың тіркелуі және ерте тіркелудің соңғы мерзімі
Аннотация ұсыну

Тіркеу жарнасы

Қатысушы санаты
Ерте тіркелу
(2025 ж. 31 қазанға дейін)
Кеш тіркелу және сол жерде тіркелу
Кәсіпқойлар (ҚР қатысушылары)
15,000 KZT
20,000 KZT
Студенттер (ҚР қатысушылары)
5,000 KZT
10,000 KZT
Кәсіпқойлар (халықаралық қатысушылар)
50,000 KZT
10,000 KZT
Студенттер (халықаралық қатысушылар)
25,000 KZT
30,000 KZT

Кешкі гала-кешкі ас: тіркелу жарнасына конференцияның барлық сессияларына қатысу, үлестірме материалдар, кофе-брейктер және қатысушы сертификаты кіреді. Гала-кешкі асқа қатысу 5 000 теңге көлемінде қосымша төленеді.

* НУ қызметкерлері мен студенттері тіркеу жарнасын төлеуден босатылады.

Тіркелу

Байланыс

Жалпы сұрақтар үшін

Email: qazgreenhealth@nu.edu.kz

Баспасөз сауалдары үшін
Email: nusom.marketing@nusom.nu.edu.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5/1