Дүниежүзілік бүйрек күні 2024
Дүниежүзілік бүйрек күніне арналған конференция 2024 жылдың 15 наурызында өтеді. Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУ Медицина мектебі) мен University Medical Center (UMC) бүйрек денсаулығы туралы хабардарлықты арттыру және бүйрек ауруларының таралуымен күресу жөніндегі жаһандық күш-жігердің бір бөлігі ретінде конференцияны бірлесіп өткізуде.
Бүкіл әлемде халық арасында бүйрек ауруларының өсу тенденциясы бар. Бұл қант диабеті, артериялық гипертензия, семіздік, жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуіне байланысты. Дүниежүзілік бүйрек күні 2006 жылдан бері жыл сайын наурыз айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі. Негізінде, бұл бүйректің адамдар үшін маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жаһандық ақпараттандыру науқаны.
Күні: 15.03.2024 ж.
Уақыты: 13:30 – 18:00
Конференцияның орны: Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, №109 зал, Астана қ., Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5/1
| Қатысушы туралы ақпаратТөмендегі тіркеу формасын толтырыңыз, содан кейін тіркеуді аяқтау үшін «Тіркелу» түймесін басыңыз. |