Медицина ғылымдары саласындағы бакалавры Медицина ғылымдары саласындағы бакалавры бағдарламасы (Pre-Medicine) - төрт жылдық оқудан кейін кәсіби біліктілікті ұсынатын күндізгі бөлімдегі бакалавриат бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама жоғары білікті дәрігер болу үшін біздің Медицина докторы бағдарламасына түсуге мүдделі студенттер үшін арнайы әзірленген. Бұл дәрігерлерді оқыту уақытын 8 жылдан 7 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама бағдарламаны аяқтау үшін қажетті академиялық курстардың жиынтығын құруға емес, студенттердің ғылыми құзыреттіліктерін дамытуға баса назар аударады. |
Жалпы ақпарат:
Биомедициналық ғылымның қарқынды дамуын ескере отырып, студенттерге күрделі және жақында ашылған ғылыми тұжырымдарды үйренуге көбірек уақыт бөлу үшін, болашақ дәрігерлердің медицинаға дейінгі жылдарында іргелі ғылымдарды оқытуға және қайта қарауға қажетті уақытты медициналық мектеп жылдарында қысқартуға мүмкіндік беретін мықты ғылыми негіз құру өте маңызды. Pre-Medicine студенттері негізгі биомедициналық ғылымдар бойынша берік білімге ие болуы және олардың физика ғылымдары мен математикамен байланысын түсінуі керек. Сонымен қатар, жақсы дәрігер болу үшін адаммен қарым-қатынастың маңыздылығын ескере отырып, бағдарлама студенттерінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы білімі болуы өте маңызды.
Студент біздің Медицина докторы бағдарламасына MCAT-сыз өту мүмкіндігіне ие болады. Дегенмен, Медицина ғылымдары саласындағы бакалавры (Pre-Medicine) бағдарламасына қабылдау және оны аяқтау Медицина докторы бағдарламасына өтуге кепілдік бермейді. ШМНУ-да құрылған Медицина докторы бағдарламасына өті бойынша Үлгерім комитеті студенттің келесі критерийлерге сүйене отырып, ілгерілеуін шешеді: Үлгерім комитетімен сұхбат, GPA 3.0 немесе одан жоғары, бағдарлама кезіндегі кәсіби мінез-құлық, сабақтан тыс іс-шаралар, ұсыныс хаттары, Үлгерім комитеті сұраған қосымша құжаттар.
Алғашқы екі жылда «Медицина ғылымдары саласындағы бакалавры» бағдарламасы академиялық тәжірибені кеңейту және студенттерге оқуды сәтті аяқтау үшін қажетті білім, дағдылар мен атрибуттарды дамытуға көмектесу үшін жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі салаларындағы курстары бар бакалавриаттың негізгі оқу жоспарын пайдаланады. Үшінші курстың бірінші жартысында студенттер биомедициналық ғылымдар саласындағы курстарды өтіп, оларды төртінші оқу жылында өтетін тереңдетілген курстарға дайындайды. Сонымен қатар, үшінші курстың екінші жартысы студенттерге биомедициналық ғылымдар саласында ғылыми зерттеуді жобалау, эксперименттер жүргізу және алынған мәліметтерді жинау, түсіндіру, статистикалық талдау және деректерді ұсыну арқылы олардың зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесетін басты жобаға арналады. Төртінші жыл медициналық мектептің бірінші курсында оқытылатын тереңдетілген курстарға арналады. Бұл әдіс студенттерге денсаулық пен аурудағы күрделі патологиялық процестер туралы білім мен түсінік алуға мүмкіндік береді.
Тіркеу кезеңдері
1 ҚАДАМ. Жеке кабинеті ашу
Жеке кабинеті ашу үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
2 ҚАДАМ. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу
Жеке кабинетте өтінім беру нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз:
1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
2. Қосымшасы бар аттестат/диплом немесе үлгі бойынша оқу орнынан берілген анықтаманың сканерленген көшірмесі;
3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
4. Қолданыстағы сертификаттардың көшірмесі. Стандартты тестілеу нәтижелері тест Әкімшілігі арқылы Университетке жіберіледі.
3 ҚАДАМ. Тіркелу жарнасын төлеу және өтінімді беру
“Pay and Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелу жарнасы банк картасы арқылы, «My Application Forms» бөлімдегі Жеке кабинетте төленеді.
Тіркелу жарнасы 5000 теңгені құрайды. Бакалавриат бағдарламаларына (Медицина мектебінің (2 жылдық «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасынан басқа) өтінім қабылдаудың бірінші ресми бекітілген соңғы мерзіміне дейінгі екі апта ішінде және ұзартылған мерзім кезінде тіркелу жарнасының көлемі бекітілген сомадан 3 есеге көтеріледі. Барлық тіркелу жарнасының сомалары қайтарылмайды.
Талапкер өтінім нысанын бергеннен кейін өзгерістер енгізілмейді.
4 ҚАДАМ. IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу
Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL results" секциясына IELTS/TOEFL нәтижелерін/сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.
Одан арғы қадамдар
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін НУ Қабылдау департаментінен және жеке кабинетіңізден келетін хабарландыруларды көру үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз.
Тіркелу кезінде қандайда бір қиындықтар болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Оқуға қабылдау талаптары
Барлық санаттар үшін міндетті қабылдау талаптары
*Конкурста тек superscoring-сіз IELTS/TOEFL тесті қарастырылады
**IELTS Online, IELTS Indicator немесе TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT конкурста қарастырылмайды
***IELTS/TOEFL тесттердің сертификаттары талапкер оқуға тапсырып жатқан тиісті академиялық жылдың 1-тамызына дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. 2022 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылған тест нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
Олимпиада түрі:
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру кезеңінде талапкерлерге арналған құжаттар тізімі
Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін үміткерлер онлайн өтінім беруі керек.
Оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге арналған құжаттардың тізбесі
Маңызды күндер
2024-2025 оқу жылына талапкерлер үшін маңызды күндер:
Онлайн өтінім беру кезеңі:
Конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау
Конкурстың әр кезеңінде талапкерге қойылатын статустардың сипаттамасы.
Статустар талапкердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Does not meet the entry requirements. Талапкер бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді, Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаментімен сауалнама нысандар мен құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Withdrawn. Бакалавриат бағдарламасына Қабылдау комиссиясының шешімі шыққанға дейін конкурсқа қатысудан бас тартқан талапкерлерге статус қойылады.
Recommended for admission. Қабылдау комиссиясы талапкерді қабылдауға ұсынады және оған оқуға шақыру хат жіберіледі.
Waiting list. Талапкер күту парағында. Ол бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келеді, бірақ төмен балдарға байланысты ол рейтингтің төменгі жағында. Мұндай талапкерлер Университеттен хабарлама күтуі керек, өйткені егер бұрын ұсынылған талапкерлердің бірі оқуға қабылдаудан бас тартса, оқуға шақыру жіберілуі мүмкін.
Rejected by Admissions Committee. Қабылдау комиссиясы талапкердің құжаттарын қарағаннан кейін, күту тізіміне қоймай немесе конкурстан кейін, оны қабылдау конкурсынан шығарды.
Refused admission offer. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды, бірақ НУ-да оқуға шақыру хатынан бас тартты.
Refused in favor of CPS. Талапкер NUFYP бағдарламасын таңдап бакалавриат бағдарламасынан бас тартты. Бұл статус талапкер бакалавриат бағдарламасына шақыру хатынан жазбаша бас тартқаннан кейін немесе егер талапкер күту парағында болса және бакалавриат бағдарламасына шақыру хатын алғанға дейін NUFYP бағдарламасында оқуға жазбаша келіссе қойылады. Соңғы жағдайда талапкерге шақыру хаты жіберілмейді.
Guarantee fee paid. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды және міндетті кепілдік жарнасын төледі.
Accepted admission offer. Бұл статус оқуға шақыру хатын алған, келісім берген және Университет шарттарын орындаған - кепілдік жарнаны төлеген және оқуға қабылдау үшін құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған талапкерлерге қойылады.
Did not come to Orientation week/Refused. Оқуға келісім берген, құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған, бірақ мектептің Бағдарлау апталығына қатыспаған талапкерлерге қойылады. Болған жағдайда, босаған орындарға күту парағынан талапкерлер шақырылуы мүмкін
Enrolled. Талапкер оқуға қабылданды. Статус оқуға қабылдау туралы Провост шешімі шыққаннан кейін қойылады, содан кейін талапкер ресми түрде Университет студенті болып табылады.
Enrolled conditionally. Талапкер оқуға шартты түрде қабылданды. Берілген мерзімге дейін аттестаттың түпнұсқасын тапсыру шартын орындау қажет.
Did not submit the documents/refused. Талапкер көрсетілген мерзімде құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған. Бұл талапкердің Университетте оқудан бас тартатынын білдіреді.
Оқу бағдарламасы
Жыл 1: Семестр 1 (Күзгі семестр)
Жыл 1: Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Жыл 2: Семестр 1 (Күзгі семестр)
Жыл 2: Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Жыл 3: Семестр 1 (Күзгі семестр)
Жыл 3: Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Жыл 4: Семестр 1 (Күзгі семестр)
Жыл 4: Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Оқытушылар құрамы
Деканның студенттерді қабылдау жөніндегі орынбасары - Бағдарлама директоры
Профессор
Қауымдастырылған профессор
Қауымдастырылған профессор
Ассистент профессор
Ассистент профессор
Ассистент профессор
Қауымдастырылған профессор