Nazarbayev University планетарлық денсаулық пен экологиялық тұрақты денсаулық сақтау жөніндегі 2-ші халықаралық конференциясы

Орталық Азиядағы планетарлық денсаулық іс-қимылда: Инновациялар, теңдік, экологиялық жауапкершілік және әлеуетті арттыру

Өтетін орны: Nazarbayev University Медицина мектебі,
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Күні: 2026 жылғы 5-6 қараша (1 семинар күні + 1 пленарлық отырыс күні)
Тілдер: ағылшын/қазақ/орыс
Тіркелу Подать тезис
Күн
Сағат
Минут
Секунд

Конференция туралы

Nazarbayev University планетарлық денсаулық пен экологиялық тұрақты денсаулық сақтау жөніндегі 2-ші халықаралық конференциясы тұрақты болашақ үшін денсаулық сақтау жүйелерін трансформациялауға ниетті аймақтық және жаһандық көшбасшыларды, зерттеушілерді, саясаткерлерді, медицина қызметкерлерін және инноваторларды біріктіреді. Алғашқы конференцияның жетістігіне сүйене отырып, бұл іс-шара «Орталық Азиядағы планетарлық денсаулық іс-қимылда» тақырыбын ілгерілетеді, аймақтың бірегей экологиялық, әлеуметтік және денсаулық сақтау жүйесіндегі сын-қатерлеріне назар аударады және адам мен экожүйенің әл-ауқатын нығайтатын жергілікті маңызы бар, жаһандық деңгейде негізделген шешімдерді насихаттайды.

Төрт стратегиялық басымдыққа - инновациялар, теңдік, экологиялық жауапкершілік және әлеуетті арттыруға негізделген бұл шара климатқа төзімді медициналық көмек көрсетудің, тұрақты медициналық технологиялардың және ресурстарды үнемдейтін жүйелерді жобалаудың практикалық тәсілдерін көрсетеді. Денсаулық сақтаудағы теңсіздікті азайтуға, осал топтарға қолдау көрсетуге және тұрақтылыққа көшудің әлеуметтік тұрғыдан әділ әрі аймақтық деңгейде инклюзивті болуын қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі. Конференция бүкіл Орталық Азиядағы зерттеу ынтымақтастығын, жұмыс күшін дамытуды және институционалдық әлеуетті нығайту үшін платформа қызметін атқарады, сонымен бірге аймақты тұрақтылық пен денсаулық сақтау саласындағы кеңірек халықаралық бастамалармен байланыстырады.

Nazarbayev University ұйымдастырған бұл конференция NU-дың пәнаралық зерттеулердегі көшбасшылығын және аймақтағы тұрақты денсаулық сақтау трансформалануын қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді. Конференция ғылымды, білімді, саясат пен практиканы ұштастыра отырып, Орталық Азияда және одан тыс жерлерде төзімді, тең құқылы және экологиялық жауапты денсаулық сақтау жүйелерін құруға үлес қосады.

Планетарлық денсаулық пен адамның әл-ауқаты бірге дамитын денсаулық сақтаудың болашағын қалыптастыруға бізбен бірге атсалысыңыз.
Неге қатысқаныңыз маңызды?
  • Планетарлық денсаулық пен тұрақты денсаулық сақтау саласындағы халықаралық спикерлер мен жетекші сарапшылардан құнды білім алыңыз

  • Денсаулық, климат және қоршаған орта арасындағы өзара байланысты зерттей отырып, жаһандық өзекті мәселелерді шешуге қатысыңыз

  • Денсаулық сақтау, ғылым және саясат салаларындағы сарапшылармен пәнаралық диалог жүргізіңіз

  • Тұрақты және төзімді денсаулық сақтау жүйелерін құрудың практикалық стратегияларымен танысыңыз

  • Өз зерттеулеріңізді ұсынып, планетарлық денсаулық саласының дамуына үлес қосыңыз

  • Денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты ілгерілетіп жүрген жаһандық және аймақтық көшбасшылармен байланыс орнатыңыз

  • Денсаулық сақтау саласының «жасыл» трансформалануын қолдап, аймақтық өзгерістерге ықпал етіңіз

  • Nazarbayev University танысып, серпінді дамып келе жатқан Астана қаласын тамашалаңыз

Тезистерді тапсыруға арналған тақырыптар
Сапа мен тиімділікті арттыра отырып, денсаулық сақтаудың экологиялық ізін азайту үшін «жасыл» технологияларды, цифрлық денсаулық сақтау шешімдерін ілгерілету және жүйелерді қайта жобалау.
Тезистерді тапсыру ережелері
Тезис материалдары бұрын басқа конференцияларға ұсынылмаған және нақты тұжырымдалған түпнұсқа жұмыс болуы тиіс.Қатысушылар баяндамалардың келесі түрлері бойынша тезистер тапсыра алады:
  • Ауызша баяндама
  • Постерлік баяндама
Маңызды күндер
  • 2026 жылғы 15 тамыз
    Тезистерді тапсырудың соңғы мерзімі
  • 2026 жылғы 31 тамыз
    Презентациялар үшін қабылданған тезистер туралы хабарлама
  • 2026 жылғы 30 қыркүйек
    Ерте тіркелудің соңғы мерзімі
  • 2026 жылғы 16 қазан
    Тіркелудің соңғы мерзімі

Тезистерді тапсыру

Тезисті тапсыру Тезистерді тапсыру формасын жүктеп алу

Тіркелу жарналары

Қатысушы түрі
Жергілікті қатысушылар,
ТМД елдерін қосқанда
Халықаралық қатысушылар
Ерте тіркелу
10,000 KZT
100 USD
Стандартты тіркелу
15,000 KZT
150 USD
Студенттік тіркелу
5,000 KZT
50 USD

* NU қызметкерлері мен студенттері тіркелу жарнасын төлеуден босатылады.

* Тіркелу жарнасы бірінші күннің воркшоптарына да, екінші күннің негізгі конференциясына да қатысуды қамтиды. Бірінші күні таңертең және түстен кейін воркшоптар өткізіледі; әр сессияда екі түрлі воркшоп ұсынылады. Тіркелген қатысушылар таңертең және түстен кейін қай воркшопқа қатысатынын өздері таңдай алады. Екінші күн негізгі конференцияға арналады. Қатысушылар әрбір қатысқан воркшоп үшін бөлек электрондық сертификаттар, сондай-ақ екінші күндегі негізгі конференцияға қатысқаны үшін сертификат алады.

Тіркелу
Конференцияның ұйымдастыру комитеті
Төраға: Джонас П. Крус, Медицина мектебі, Nazarbayev University, Қазақстан Республикасы
Тең төраға: Антонио Саррия-Сантамера, Медицина мектебі, Nazarbayev University, Қазақстан Республикасы
Комитет мүшелері:
  1. Айзат Сейдахметова, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Қазақстан Республикасы
  2. Алма Нұртазина, Семей медицина университеті, Қазақстан Республикасы
  3. Алма Сыздықова, University Medical Center, Қазақстан Республикасы
  4. Анаргүл Кунтуганова, Nazarbayev University Медицина мектебі, Қазақстан Республикасы
  5. Эджерсито Балай-одао, Nazarbayev University Медицина мектебі, Қазақстан Республикасы
  6. Джозеф Альмазан, Nazarbayev University Медицина мектебі, Қазақстан Республикасы
  7. Нұржан Мұқашев, Денсаулық сақтау, саясат және менеджмент орталығы (CHPM), SDU университеті, Қазақстан Республикасы
  8. Паоло Колет, Nazarbayev University Медицина мектебі, Қазақстан Республикасы
  9. Жания Дәулетқалиева, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Қарағанды медицина университеті, Қазақстан Республикасы
  10. Зульяр Кавашев, Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебі, SDU университеті, Қазақстан Республикасы

Байланыс

Жалпы сұрақтар үшін

Email: qazgreenhealth@nu.edu.kz

Баспасөз сауалдары үшін
Email: nusom.marketing@nusom.nu.edu.kz

Nazarbayev University Медицина мектебі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы